1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы



бет156/202
Дата07.12.2022
өлшемі0,58 Mb.
#55509
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   202
Жатырқабырғаларыныңқұрылысы
Жатырқабырғаларыүшқабыктантұрады.
-Жатырдыңшырыштықабығы, tunica mucosa,немесеэндометрий, endometrium.Шырыштықабықтыңішкібетіжылтыр,тегіс, қалындығы 3 мм. Жатырмойныөзегіндебірбойлыққатпарорнал-аскан, оданұсақпальматәріздіқатпарлар, plicapalmatae, тарайды
-Жатырдыңбұлшықеттікқабығы, tunica muscularis, немесемиометриум, myometrium,құрылысыөтекүрделібірыңғайсалалыбұлшықеттерменэластикалықдәнекертіндерденқұралған.
-Жатырдыңсірліқабығы, tunica serosa,немесепериметриум, -жатырдыжабатынішастартабағы.

Ішастарға қатынасы


Жатыр кіші жамбас астау қуысында, оның орны мен қозғалмалы болуы көршілес мүшелердің жағдайына байланысты.
Жатыр ішастар мен үш жағынан немесе мезоперитонеалді жабылған. Жатырдын алдыңғы бетінің ішастар табағы куықка өтіп,қуық-жатыр ұңғылын, excavatio vesicouterina,кұрап, артқы бетінің ішастар табағы тік ішекке өтіп, тік ішек- жатыр ұңғылын, excavation rectouterina, немесе Дуглас атты ұңғылды құрайды. Бұл ұнғыл оңнан және солдан жатыр мойнынан тік ішекке қарай бағытталған ішастардың тік ішек-жатыр қатпарымен, plica rectouterina, шектелген.


Жатырдыңбайламдары
-Жатырдыңжалпақбайламы,liglataeuteri,ішастардыңалдыңғыжәнеартқытабақтарынанқұралған, кұрылысыбойыншажатырдыңшажырқайы, mesometrium, болыпсаналады. Жалпақбайламныңжатыртүтігінежанасқанбөлігі, жатыртүтігініңшажырқайы,mesosalpinx,депаталынады.
-Жатырдыңжұмырбайламы, lig. teresuteri,дөңгелекпішінді, құрамындабұлшықеттікталшықтарбартығызфиброздыжіп, қалыңдығы 3-5 мм. Жұмырбайламжатырдыңалдыңғыбүйірбетіненбасталып, жалпақбайламныңтабақтарыныңаралығындаорналасып, төменжэнеалдынаншапөзегініңтерең
сақинасынабағытталады. Жатырдыңжалпакбайламыныңартқытабағынааналықбезөзініңшажырқайымен, mesovarium, бекиді.Жатырмойныныңайналасында, ішастардыңастындақоймалжыңдәнекертін - жатырмаңындағышелмай, parametrium, орналасқан.
-Кардиналдібайлам, ligg. cardinalia, жатырдыңжалпақбайламынегізінде, жатырменжамбасастауқабырғасындаорналасады. Кардиналдібайламөзінің
төменгіжиектеріменнесеп-жыныскөкетініңшандырыменбайланысып, жатырдыбүйірауытқулардансақтайды.
148.Аналық без, құрылысы, қызметі.
Аналық без (ovarium), организмге жүйелі әсер ететін әйелдердің жыныстық гормоны түзілетін, ұрық жасушалары дамып жетілетін, жамбас астау қуысында орналаскан жұп жыныстық ағза. Аналық бездің топографиясы жатырдың орналасуына, оның жүктілік кезіндегі ұлғаюына байланысты. Егер без ұрықтанбаса, оның көлемі кішкентай 1,0-1,5 см-ге жуық.
Аналық бездіңұзындығы-2,5 см, ені-1,5 см, калыңдығы, салмағы- 7 гр шамасында. Бездің беті тегіс емес, оның себебі, овуляция, сары денелерге айналудың әсерінен пайда болған майда тыртықтар. түсі ақ-қызғылт, сопақша пішінді, алдынан-артқа кішкене жалпиған. Аналық без сірлі қабықпен қапталмаған, жақсы қозғалмалы, ішастармен жабылмайтын ағза.
Аналық бездің жатырлық (extremitas uterina) және жоғарғытүтіктік (extremitas tubaria) ұштарын ажыратады. Жатырлық ұшыаналық бездің меншікті байламымен (lіg.ovarii proprium) қосылған. Аналық без қысқа шажырқаймен (mesovarium) және аналық безді ұстап тұрушы байлам (lіg.suspensorium ovarii) арқылы бекітілген,, құрамында аналық бездің тамырлары мен фиброзды талшықтар будалары орналасқан.
Аналық безде бос болатын, кіші жамбас қабырғасына іргелес латеральдіfacies lateralis және жатырға қараған медиальдіfacies medialis беттерін айырады. Аналық без беттері, артынан- бос (margo liber), ал алдынан – шажырқайлық (margo mesovaricus) жиектерге жалғасады.
Шажырқайлық жиегінде кішілеу ойыс түрінде аналық безқақпасы (hilus ovarii) орналасқан.
Аналық без беті бірқабатты ұрықтық эпителиймен қапталған, астында дәнекертіндік ақ қабық (tunica albuginea) жатыр. Әр Аналық без жанында қосалқылар (epoophoron) орналасқан. Қосалқы, ирелең пішімді бойлық және көлденең түтіктерден құралған.
Аналық бездің қызметі. Аналық безде аналық жыныс жасушалары дамып жетіледі және кан мен лимфаға әйел жыныс гормондарын бөледі.
Аналық бездің құрылысы. Аналық без паренхимасы милық (medulla ovari) және қыртысты (cortex ovariі) заттардан тұрады. Милық зат ағзаның орталық бөлігінде (қақпаға жақын) орналасқан, ол арқылы қантамырлармен нервтер өтеді, ал қыртысты зат милық заттың шетін қоршай орналасқан, оның ішінде жетілген аналық без түйіншелерімен (folliculi ovarici vesiculosi), алғашқы аналық без түйіншелері (folliculi ovarici primarii) бар. Оның дәнекер тінінде жетілген аналық түйіншелері, folliculi ovarici maturis, және алғашқы аналық без түйіншелері, folliculi ovarici primarii, орналасқан.
Жетілген аналық без түйіншелерінің ішкі және сырты дәнекер-тіндік қабықтардан (тектер) тұрады.
Ішкі қабырғасы арқылы лимфа тамырлармен капиллярлар өтеді. Ішкі қабығына ішінде ұрық жасушасы мен овоцит төбешігі бар түйіршіктік қабат (stratum granulosum) жанасқан. Овоцит сыртынан мөлдір аймақ және тәжді сәулелермен қоршалған. Овуляция кезінде, жетілген фолликула, пісіп-жетілу барысында, біртіндеп Аналық бездің сыртқы қабығына жақындап келіп жарылады, ұрықтық жасуша іш қуысына түседі де оны жатыр түтігі ұстап алып әрі қарай жатыр қуысына өткізеді. Жарылған фолликулдың орнына ішінде сары дене (corpus luteum) дамитын, қанмен толған шұңқыр пайда болады. Егер жүктілік басталмаса сары дене етек кірлік (циклдік) деп аталып аз уақыттан кейін ақшыл денеге (corpus albicans) айналады, ол өз ретінде біртіндеп өшіп кетеді. Егер жүктілік басталса (овоцит ұрықтанғанда) онда сары дене жүктілік деп аталып екіқабат кезеңнің өне бойында эндокриндік без қызметін атқарады, соңында олда ақшыл денеге айналады. Аналық без беті бірқабатты ұрықтық эпителиймен қапталған, астында дәнекертіндік ақ қабық (tunica albuginea) жатыр. Әр Аналық без жанында қосалқылар (epoophoron) орналасқан. Қосалқы, ирелең пішімді бойлық және көлденең түтіктерден құралған.
Ішкі қабырғасы арқылы лимфа тамырлармен капиллярлар өтеді. Ішкі қабығына ішінде ұрық жасушасы мен овоцит (ovocytus) төбешігі бар түйіршіктік қабат (stratum granulosum) жанасқан. Овоцит сыртынан мөлдір аймақ және тәжді сәулелермен қоршалған. Овуляция кезінде, жетілген фолликула, пісіп-жетілу барысында, біртіндеп Аналық бездің сыртқы қабығына жақындап келіп жарылады, ұрықтық жасуша іш қуысына түседі де оны жатыр түтігі ұстап алып әрі қарай жатыр қуысына өткізеді. Жарылған фолликулдың орнына ішінде сары дене (corpus luteum) дамитын, қанмен толған шұңқыр пайда болады. Егер жүктілік басталмаса сары дене етек кірлік (циклдік) деп аталып аз уақыттан кейін ақшыл денеге (corpus albicans) айналады, ол өз ретінде біртіндеп өшіп кетеді. Егер жүктілік басталса (овоцит ұрықтанғанда) онда сары дене жүктілік деп аталып екіқабат кезеңнің өне бойында эндокриндік без қызметін атқарады, соңында олда ақшыл денеге айналады.
Аналық без ішкі ағзалық жамбас нервтерінен, қолқаның іштік бөлігі мен төменгі құрсақасты өрімдерінен нервтенеді.
Аналык без жанында рудиментарлық түзілістер- аналық без қосалқысы, аналық безжаны, сабақты өсінділер, алғашқы бүйректің өзекшелерінің қалдықтары мен оның түтігі орналасқан.
Аналық без қосалқысы, ероорhоrоп, жатыр түтігі шажырқайының, mesosalpinx, табақтарының аралығында, аналық безден латералді және артында орналасып, аналық без қосалқысының бойлық түтігінен ductus ероорhоrі longitudinalis, және аналық без қақпасына соқыр шеттері қараған көлденең түтіктерден, ductuli transversi, тұрады.
Аналық безжаны, paroophoron, -жатыр түтігі шажырқайында, аналық бездің түтіктік шетінде орналасқан кішкене көлемді болатын, бірнеше дербес сокыр өзекшелерден түратын құрылым.
Сабақты өсінділер, appendices vesiculosae, аналық безден латералді және жатыр түтігінің құйғышынан кішкене төмен орналасқан түйінше. Ол ұзын аяқтарымен бекіп, қуысында мөлдір сұйықтық болады.

149.Жатыр түтігі, құрылысы, қызметі.
ЖАТЫР ТҮТІГІ (tuba uterina), ұрық жасушаларын іш қуысынан жатырға өткізуші жұп ағза. Ол кіші жамбас қуысында орналасып анабезді жатырмен байланыстыратын сопақша келген түтік. Жатыр түтігі, жатырдың жалпақ байламының жоғарғы бөлімінің іші арқылы өтеді.
Жатыр түтігінің қызметі: жатыр куысына аналык бездетүзілген аналық жыныс жасушасын өткізу.
Жатыр түтігінің ұзындығы 13 см-ге дейін, ал ішкі саңылауының көлемі 3 мм шамасында. Жатыр түтігінің жатырға ашылатын тесігі жатырлық (ostium uretinum tubae), ал іш қуысына іштік (ostium abdominalе tubae) деп аталады. Осы тесіктің арқасында әйелдердің іш қуысы сыртқы ортамен қатынасады. Жатыр түтігінің келесі бөліктерін ажыратады:

  1. Жатырлық бөлік (pars uterinae)

  2. Жатыр түтігінің қылтасы (isthmus tubae uterinae) және ұшы түтік шашақтарымен (fimbria tubae uterinae) аяқталған жатыр түтігінің құйғышы (infindibulum tubae uterinae)

  3. Жатыр түтігінің кең жері (ampulla tubae uterinae)

Түтіктің жатырлық бөлігі жатыр қабырғасының ішінде орналасқан, ал қылта жатыр түтігінің өте тар және қалыңқабырғалы бөлігі.
Жатыр түтігінің шашақтары өздерінің қимылдарымен ұрықтық жасушаны құйғышқа бағыттайды, әрі қарай құйғыштың саңылауы арқылы жатыр түтігіне өтеді.
Жатыр түтігінің қабырғасының құрылысы:
Ішкі қабығы, шырышты қабық, tunica mucosa, бойлық түтіктік қатпарлар түзетін қабық. Жатыр түтігі іштік тесікке жақындаған сайын оның шырышты қабығы қалыңдайды, қатпарлар саны көбейеді. Шырышты қабық өне бойында кірпікті эпителиймен жабылған. Ол жатыр түтігінің барлық деңгейінде қатпарларға жиналады.
Келесі, бұлшықеттікқабық, tunica muscularis, екі қабаттан құралған: сыртқы- бойлық, ішкі- қалың болатын дөңгелек. Жатыр түтігінің бұлшықеті тікелей жатыр бұлшықетіне жалғасады.
Сыртқы сірлі қабық, tunica serosa, оның астында сірліасты негізі, tela subserosa, орналасқан.
Жатыр түтігі, анабез артериясымен және жатыр артериясының түтіктік тармақтарымен қамтамасыз етіледі. Веналық ағым, сәйкес веналармен жатырлық вена өріміне құяды. Лимфа ағымы, белдік лимфа түйіндеріне жетеді. Жатыр түтігі жатыр-қынаптық және анабездік нервтік өрімдер арқылы нервтенеді.
150.Аналық сыртқы жыныс ағзалары. Олардыңанатомиясы.
Аналық сыртқы жыныс ағзаларына: әйелдің жыныстық аймағы және делікті жатқызамыз. Бқл жердегі әйелдің жыныстық аймағына жыныс ернеулері мен қынап кіреберісін жатқызамыз. 
Қасаға- pons pubis. Оның шекараларыы: үстінен іш аймағынан қасаға жүлгесі ал, саннан жамбас-сан жүлгесімен бөлінеді. Ол түктермен жабылып орналасады, осы аталған түктер іш аймағына өтпейді. Осы түктердің төменгі бөлігі үлкен жыныс ернеуіне жалғасады. Қасаға аймағында жақсы дамыған теріасты негіз, яғни майлы қабаты юолады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет