Дөңгеленгенжоғарғы бөлігі - аталық без қосалқысының басын (caput epididymidis)ажыратады, ол орталық бөлік - аталық без қосалқысының денесіне (corpus epididymidis) ауысады.
Аталық без қосалқысының денесі тарылатын төменгі бөлігі - аталық без қосалқысының кұйрығына (cauda epididymidis) жалғасады.
Аталық без қосалкысының басында, мезонефралді өзекшенің рудиментарлы өсіндісі болып табылатын аякшасы бар көпіршік түрінде, аталық без өсіндісі (appendix testis) кездеседі. Қосалқының басы мен құйрығы аймағында соқыр аяқталатын түтікшелер, мезонефрос өзекшелерінің қалдығы (вольфов денелері) - ауытқыған түтікшелер (ductuli aberrantes) орналасады. Қосалқы басының артына қарай дәнекер тінді балаларда айқын байқалатын жалпақ ақ түзіліс - аталық без қосалқысының өсіндісі (paradidymis) орналасады, ол да мезонефрос рудименті. Аталық безді қаптайтын сірлі қабық аталық без қосалқысына да өтеді, аталық без қосалқысының қойнауын (sinus epididymis) қаптай, латералді жағынан аталық без бен аталық без қосалқысының арасындағы тереңіне кіреді.
Аталық бездің шығарушы өзекшелерінің жолы иреленген, жұка дәнекер тінді аралықтармен бөлінген конус пішінді аталық без үлесшелерін (lobuli-coni epididymidis) түзеді.
Аталық без қосалқысында 12-15 үлесшелер (конус) болады. Әр үлесшенің өзекшесі көптеген иірімдер түзетін аталык без қосалқысының түтігіне (ductus epididym idis) ашылады. Жазылған күйінде аталық без қосалқысы түтігінің ұзындығы 6- 8 м-ге жетеді.
Қосалқының құйрықты бөлігінде, оның түтігі шәует шығаратын түтікке (ductus deferens) ауысады. Аталық жыныс жасушалары (сперматозоидтар) тек иреленген шәует езекшелерінде түзіледі. Аталық бездің қалған түтікшелері мен өзектері шәует шығаратын жолдар болып табылады. Сперматозоидтар шәуеттің құрамына кіреді. Оның сұйық бөлігі шәует қуықшасы мен куыкасты бездің секреті болып табылады.
146.Қуықасты без, құрылысы, қызметі.
Қуықасты безі (prostata)– тақ бұлшықеттібезді мүше, сперманың құрамына кіретін секрет бөледі. Қуықасты бездің пішіні каштан ағашы жаңғағына ұқсас. Қуықасты безінің көлденең көлемі 4 см, бойлық (жоғарғы-төменгі) 3 см-ге, алдыңғы артқы (қалындығы) -2 см шамасында. Бездің салмағы 20-25 г. Қуықасты безі тығыз консистенциялы және сұр-қызғылт түсті.
Қуықасты безі кіші жамбас астауының алдыңғы төменгі бөлігенде, несепқуықтың астында, несепжыныс диафрагмасында орналасады.
Қуықасты безі арқылы несеп шығаратын өзектің бастапқы бөлігі мен оң және сол шәует жіберетін түтік өтеді. Қуықасты бездің несепқуықтың түбіне, шәует қуықшасына және шәует шығаратын түтіктің кең жеріне бағытталған негізі (basis prostatae) және алдыңғы, артқы, төменгі бүйір беттері және бездің ұшы ажыратылады.