1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы



бет189/202
Дата07.12.2022
өлшемі0,58 Mb.
#55509
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   202
Байланысты:
Анатомия сессия

Төртінші қарынша төбесі, tegmen ventriculi quarti, жоғарғы және төменгі қабырғалардан тұрады. Жоғарғы қабырғасын тақ жоғарғы ми желкені, velum medullare superius, және мишықтың жоғарғы аяқшаларының бөлігі құрайды.

  • Мишықтың жоғарғы аяқшаларының арасында тартылып тұратын, қалыңдығы 0,5 мм-дей болатын ми табақшасы - жоғарғы ми желкені деп аталады. Оның ішінде жұлын-мишықтық алдыңғы жол талшықтарының қиылысы өтеді.

  • Төртінші қарынша төбесінің төменгі қабырғасын төменгі ми желкені түзеді. Төменгі ми желкені, velum medullare inferius, эмбриогенездік артқы ми көпіршігінің қалдығы - жұқа ми табақшасынан тұрады. Бұл табақша ішкі жағымен IV қарыншаның тамырлық негізін, tela choroidea ventriculi quarti, түзетін мидың жұмсақ қабығымен тығыз бітіседі. Тамырлық негіз IV қарыншаның қуысына қараған жағын жауып жатқан эпителийлік табақшамен бірігіп – IV қарыншаның тамырлық өрімін, plexus choroideus ventriculi quatri, түзеді. Бұл қарыншаның төменгі қабырғасында үш тесік:

    • орталық тесік, apertura mediana (Можанди тесігі, foramen Мagendi)

    • жұп латералды тесік, aperturа lateralis (Люшка тесігі, aperturа Luschka) ажыратылады.

    • Бұл тесіктер арқылы IV қарынша қуысы мидың торлы қабықастылық кеңістігімен жалғасады, яғни ми – жұлын сұйықтығы IV қарыншадан торлы қабықасты кеңістікке (мишық – ми цистернасына) өтеді. IV қарынша қуысы жоғарғы жағында – ортаңғы мидың суқұбырына, ал төменгі жағында – жұлынның орталық өзегіне жалғасады.



















    • 176. Ромбтәрізді ми қылтасы, оның құрамы.

    • Ромбтәрізді ми қылтасы (isthmus rhombencephali) мидың ең жіңішке бөлігі. Ми қылтасы ромбтәрізді мидың жоғарғы бөлігін көрсетеді, оны ортаңғы мимен қосады, ал вентралді бөлімінде сұр заттектік жиынтық орналасады. Құрсақтағы эмбриондарда жақсы көрінетін болса, ересек адамдарда көпірдің жоғары бөліміне ұласып, көрінеді. Ми қылтасы 3түрлі құрылымнан тұрады:

    1. Мишықтың жоғарғы аяқшалары (pedunculi cerebellares superiorіs).

    2. Алдыңғы ми желкені (velum medullare anterius).

    3. Ілмек ұшбұрышы (trigonum lemnisci).

    • Ми қылтасының вентралді бөлігі аймағында сұр заттектің жиынтығы орналасады. Бір жағынан мишықтың төменгі аяқшасы және төбешіктің төменгі төмпешіктері,басқа жағынан ми аяқшасының арасында әлсіз айқындалған ілмек үшбұрышы, trigonum lemnisci, орналасады. Үшбұрышта латералді ілмекті (немесе есту ілмегі), lemniscus lateralis, түзетін талшықтар жатады. Олардың көпшілігі медиалді ілмекке, lemniscus medialis (немесе басты ілмек, lemniscus princeps),латералді жағымен жанасатын орталық есту өткізгіштерінен құрылған. Латералді ілмек ми тіні қалыңдығында өтіп, ілмек

    • үшбұрышы аймағында үшбұрыш түзе, ми бетіне жақындайды.

    • Ілмек үшбұрышының артқы медиалді шекарасын мишық бағытына жүретін мишықтың жоғарғы аяқшалары, pedunculus cerebellaris superior, құрайды. Pedunculus cerebellaris superior ден латералді және pedunculus cerebellaris medius, арасындағы жүлгеде көпірдің латералді жіпшелерінің,fila lateralia pontis, кішкене будаларыорналасады, олар ми аяшығында жоғалып,көпір заттегінен бөлінген pedunculus cerebellaris medius-тың алдыңғы будалары түрінде.

    • Бір бөлімінде мишықтық төменгіаяқшасы орналасады,ал екінші бөлімінде айқындалмаған ілмек үшбұрышы орналасады. Осы үшбұрышта есту ілмегін түзетін талшықтар болуымен қатар, үшбұрыш медиалді ілмекке латералді бөлімімен бірігіп орналасатын орталық есту өткізгіштерінен құралған.

    • Жоғарғы ми желкені алдынан ортаңғы ми төбесінің, tectum mesencephali, төменгі төмпешіктерімен, артынан мишық құртының алдыңғы бөлігінің ақ затымен, латералді - мишықтың жоғарғы аяқшаларымен байланысады. Оның ортаңғы және артқы бөлімдеріндегі дорсалді, жоғарғы беті мишық тілшігі қатпарларымен жабылған, ал төртінші қарынша, ventriculus quartus, ұлысына қараған вентралді, төменгі беті осы қарынша қуысы төбесінің алдыңғы жоғарғы бөлімдерін құрайды.

    • Жоғарғы ми желкенінде, олар желкен қалыңдығында шығыршық нервтер түбіршіктеріне, nn. trochlearis, шығыршық нервтер қиылысын, decussatio nervorum trohlearium,nn. trochlearis, және алдыңғы жұлын-мишық жолына, tractus spinocerebellares ventralis, будаларына жататын қиылысқан талшықтар өтеді.Frenulum veli medullaris superiorisтен латералді, жоғарғы ми желкенін тесіп өтіп, оның бетіне шығыршық нервтің нәзік сабауы шығады, ол ілмек үшбұрышының артқы жиегі мен желкеннің алдыңғы жиегі шекарасында көрінеді.

    • Ми нервтерінің ішіндегі осы нерв қанамидың дорсалді бетінен шығатын, қалғандарының барлығы мидың вентралді бетінде шығады.

    • Сонымен,төбешіктің төменгі төмпешіктерінде жүлгеден жоғары ми желкенінің жүгеншігі басталады, ол артқы бөлімінен ми желкенінің жоғарғы бөліміне жалғасады. Жоғарғы ми желкені:

    • алдынан ми төбесінің ортаңғы бөлімімен,

    • төменгі ми төмпешігімен,

    • артқы бөлімінде мишық құртының алдыңғы бөлімінің ақ затымен,

    • латералді бөлімінде жоғарғы аяқшалармен бірігеді.

    • Ми желкенінің дорсалді беті мишық тілшігі қатпарларымен жабылған. Ми желкенін латералді орналасақан жоғары ми желкенінің жүгеншігі- frenulum veli medullaris superioris тесіп өтеді, шығыршықты нервтің нәзік сабауы шығады, ол ілмек үшбұрышының артқы жиегінде көрінеді. Ми нервтерінің ішінде осы нерв қана мидың дорсалді бөлімінен шығады, ал қалғандары вентралді бөлімінен шығады.


    • 177. Ромбтәрізді шұңқыр, ми нервтері ядроларының проекциясы.



    • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   202




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет