Алдыңғы ұлулық ядро, nucleus cochlearis anterior, мен артқы ұлулық ядрода, nucleus cochlearis posterior, ішкі құлақтың ұлуынан шығатын есту сезімталдығы қабылданады.
Кіреберістік ядролар:
кіреберістік медиалды ядро, nucleus vestibularis medialis;
кіреберістік латералды ядро, nucleus vestibularis lateralis;
кіреберістік жоғарғы ядро, nucleus vestibularis superior;
кіреберістік төменгі ядро, nucleus vestibularis interior.
Практикалық маңызы: нервтік импульсті қабылдайды.
IX жұп, тілжұтқыншақ нервінің, n.glossapharyngeus, сезімтал, парасимпатикалық және қозғалтқыш үш ядросы бар.
Сезімтал ядро , nucleus solitarius, VII, IX, X жұп нервтерге ортақ болады.
Парасимпатикалық ядро- төменгі сілекей бөлетін ядро, nucleus solivatorius inferior,- деп аталады.
Қозғалтқыш- қос ядро , nucleus ambiguus, IX және X жұп нервтерге ортақ болып келеді .
IX жұп ядросымен ортақ formatio reticularis-re, nucleus dorsalis-тен тереңдеу орналасқан.
X жұп, кезбе нервінің, n. vagus , үш: сезімтал, парасимпатикалық және қозғалтқыш ядролары бар .
Сезімтал ядросы: жеке ядро, nucleus solitarius, бұл ядро VII, IX және X жұп нервтерге ортақ болады.
Парасимпатикалық ядросы: кезбе нервтің артқы ядросы, nucleus dorsalis nervi vagi,- trigonum nervi vagi, аймағында жатады.
Қозғалтқышы- қос ядро , nucleus ambiguus, IX және X жұп нервтерге ортақ болып келеді.
XI жұп - қосымша нерв, n. accessorius, екі ядросы бар (екеуі де қозғалтқыш), біреуі жұлында орналасқан, nucleus n. accessorii деп аталады, екіншісі Х және IX жұп нервтер ядроларының төменгі жалғасы, nucleus ambiguus деп аталады. Ол сопақша мидың олива ядросынан дорсолатералды орналасады.
Достарыңызбен бөлісу: |