28.Ми сауыты негізінің сыртқы беткейі. Mи сауытының сыртқы негізі (basis cranii externa)- алдын түгел бет сүйектері жауып орналасқан.
Сыртқы негізінің бос бөлгін құрайды: сына тәрізді сүйек, жұп самай сүйек және шүйде сүйектер. Сыртқы негізде бірнеше тесіктер, өсінділер, жүлгелердің болғынана қатысты рельфтері тегіс емес болып келеді.
Сыртқы негіздің артқы бөлігінің ортасында үлкен тесік (foramen magnum) орналасқан. Үлкен тесіктің артқы жиегімен шүйденің сыртқы қырқасы (crista occipitals externa) жүреді. Үлкен тесік алдында шүйде сүйектің базилярлы бөлігі жатады, ал оның ортасында жұтқыншақтық төмпешік (tuberculum pharyngeum) болады.Ал төмпешіктің алдынан сына тәрізді сүйек денесімен және қанаттықөсінділерімен орналасадыда, мұрын қуысының хоаналарын жабады.
Шүйде сүйектің оң және сол жағынан самай сүйек пирамидалары болады.Пирамиданың төменгі жағында: ұйқы өзегінің сыртқы тесігі (aperture externa canalis carotici),мойындырық шұңқыр(fossa jugularis), бііз секілді өсінді(processus styloideus), біз-емізік тәрізді тесік(foramen stylomastoideum) болады.
Самай сүйек пирамидасына: сыртқы есту тесігі және дабылдық бөлік болады. Дабыл-емізіктік саңлау(fissura tympanomastoidea), емізіктік тілік(incisura mastoidea), шүйде артериялық жүлге(sulcus arterlae occipitales), тұрақты емес емізіктік тесік (foramen mastoideum) болады.
Сына сүйектіңқанат тәрізді медиалді өсіндісімен латералды өсіндісінің табанының аралығында: қайықша тәрізді ойыс (fossa scaphoidea) артқы қапталында ішкі жиегі, жырымдалған,саңлау тәрізді жыртық тесік ( foramen lacerum) көзге анық көрінеді. Жыртық тесіктің латералды қапталында, сына сүйекті үлкен қанатының сыртқы бетінде: сопақша тесік (foramen ovale) мен қылқанды тесік (foramen spinosus) орналасқан.Артқы және латералды қапталында: төменгі жақ буынының ойысы( fossa mandibularis)және оның буын беті( facies articularis), содан соң алдында буын төмпешігі( tuberculum articulare) бар.
Самай сүйектің тастақты бөлігінің немесе пирамидасының сыртқы бетінде: ішкі ұйқы артериясы өзекшесінің(canalis caroticus) сыртқы тесігі( foramen caroticum externum). Артқы қапталында мойындырық ойысы( fossa jugularis) анық көрінеді.
Мойындырық тесік (foramen jugularis) ол самай сүйектің мойындырықтық тілігі мен шүйде сүйегінің латералды бөлігінің мойындырықтық тілігінің, бір-бірімен өзара бетпе бет бірігуі нәтижесінде пайда болған.
Бұл тесік арқылы, ішкі мойындырықтық вена(v.jugularis interna) тіл-жұтқыншақ ми нерві мен қосымша ми нервілері( n.accesorius) жүреді. Мойындырық тесіктің артында біз тәрізді өсінді(processus styloideus), ал оның артында самай сүйектің еміздік тәрізді өсіндісі( processus mastoideus) орналасқан. Бұлардың арасында немесе ортасында біз-еміздік тесік(foramen stylomastoideum) орналасқан.
Ол, самай сүйегінің тереңқабатында орналасқан бет нерві өзекшесінің (canalis facialis) сыртқы тесігі ретінде есептелінеді.
Сына сүйегі мен самай сүйектің тас бөлігі, бір-бірімен аралық сына-тастық шеміршектік тін (synchondrosissphenopetrosa) арқылы шектескен.
Самай сүйегінің тас бөлігі, шүйде сүйегі мен тас шүйделік шеміршектік тін (synchondrosis petrooccipitalis) арқылы қосылған.