29. Ми сауытынегізінің ішкі беткейі, тесіктері, маңызы. Ми сауытының ішкі негізі(basis cranii interna) мидың базальді бетіне рельфіне ұқсас келеді. Ми сауытының ішкі негізінде, бассүйегінің алдынғы,артқы және ортанғы шұңқырлары болады.
Бaccүйек шұңқырлары:
1.Алдынғы шұңқыры (fossa cranii anterior) таяздау келген ойыс.
2. Opтанғы шұңқыры (fossa cranii media) бүйір қапталы тереңдеу ойыс.
3.Apтқы шұңқыры (fossa cranii posterior) ең терең ойыс.
Олардың шекаралары:
1.Алдыңғы шұңқыр шекаралары: Бұл шұңқыр ми сауытының ортаңғы ойысынан, сына сүйектің кіші қанатының артқы жиегі мен түрік ертоқымының төмпешігі арқылы шектелген.
Құpамы: Бұл шұңқырдың тереңдеу келген бетінде, тор сүйектіңәтеш айдаршығына ұқсаған қырқасы (crista galli) алдында соқыр тесік, (foramen cacut) айқын бай-қалады.
2.Ортанғы шұңқыр шекаралары: ми сауытының артқы ойысынан:
самай сүйектің бөлігінің жоғарғы қыры мен түрік ертоқымының арқасы арқылы шектелген.
Құрамы: Бұл ойыстың алдында түрік ертоқымның төмпешігі( tuberculum sellae);
Артында түрік ертоқымның арқасы (dorsum sellae);
Аралығында гипофиз безінің ойысы ( fossa hypophysialis), анық көрінеді. Түрік ерінің бүйір қапталында ішкі ұйқы артерияның жүлгесі — (sulcus caroticus ) орналасқан.
3.Артқы шұңқыр шекаралары:
-алдыңғы шекарасы: самайсүйектің жоғарғы қыры және түрік ерінің ар-қасы мен шектеледі;
-артқы шекарасы: шүйде сүйегінің көлденеңқойнауындағы саласымен
(sulcus sinus transversus) және шүйде сүйектің ішкі шығыңқысы( protuberantia occipitalis externa) арқылы шектеледі.
Құрамы: Шұңқыр негізін шүйде сүйек құрайды, сонымен бірге самай сүйектің емізіктік өсіндісі, пирамиданың артқы беті, сынатәрізді сүйектің артқы бөлімі, төбе сүйектерінің емізіктік бұрышы кіреді.
Teciктері:
1.Соқыр тесік (foramen ceccum) - тесіктелген табақшаның алдындаа орналасқан тесік.
2.Жыpтық тесік (foramen lacerum) - самай сүйек пирамидасыныңұшында жақcы көрінетін тесік.
3.Дөңгелек тесік (foramen ratumdum) - жоғарғы жақсүйек нерві өтетін тесік. Бассүйектің ортанғы шұңқыры дөңгелек тесік арқылы байланысып тұрады.
4.Сопақша тесік (foramen ovale) - төменгі жақсүйек нерві өтетін тесік.
5.Қылқанды тесік (foramen spinosum) -ми сауытына отранғы менингеалды артерияны кіргізетін тесік. Бассүйектің ортанғы шұңқырын сопақша мен қылқанды тесіктер самай асты шұңқырмен байланыстырып тұрады.