1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы



бет37/202
Дата07.12.2022
өлшемі0,58 Mb.
#55509
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   202
Байланысты:
Анатомия сессия

37.Омыртқалардың қосылыстары.
Омыртқалардың қосылыстары- адамның филогенез үдерісінде өтілген жолында көрстіледі.Алғашқы кезде бұл қосылыстар үздіксіз –синартроздар түрінде болады да , кейін синхондроздар пайдаболып,соңында синостоздар пайда болады.
Адамның омыртқа бағанасында қосылыстардың барлық түрлері кездеседі:синдесмоздар-қылқанды және көлденең өсінділерінің арасында;синхондроздар-омыртқа денелері арасында;синэластоздар-доғаларының арасындағы байламдарда ;синостоздар-сегізкөз омыртқаларының арасында;және де диартрозад-буындық өсінділерінің арасында болады.
Сәйкесінше омыртқалар арасындағы қосылыстарды екіге бөліп қарастыруға болады:денелері мен доғалары арасындағы қосылыстар.
Омыртқа денелері өзара омыртқа дисктер –disci intervertebrales деп аталатын симфиздер арқылы қосылып,байланысады. Бұл дисктер талшықты-шеміршекті табақша.Мұның шетке бөліктері дәнекер тінді талшықтардың жиылған қабаттарынан тұрады.Осы талшықтар табақша бетінде anulus fibrosus түзеді.Ал,табақшаның ортасында nucleus puiposus бар.Ол жұмсақ талшықты шеміршектен тұратын арқа хордасының қалдығы.Ядро-буфер тәрізді соққыларды жұмсартады және серпіндіреді.
Омыртқа денелерінің тізбегі алдынан және артынан орта сызық бойымен жүретін екі бойлық байлам бекиді.Алдыңғы бойлық байлам ,lig.longitudinale anterius –омыртқалардың алдыңғы денелері және дисктердің алдыңғы беттерімен ауыз омыртқаның алдыңғы доғасының төмпешігінен басталып,сүйек қабығында жойылады.Байламның қызметі – омыртқа бағанасыныңң артқа қарай тым созылып кетуіне кедергі жасайды.Келесі артқы бойлық байлам,lig. Longitudinale posterius ,ІІ мойын омыртқадан басталып,төмен қарай бағытталып ,омыртқа өзегінің ішінде омыртқа денелерінің артқы беті бойымен canalis sacralis-тің жоғарғы шетіне дейін созылады.Қызметі-омыртқа бағанасының иілуіне кедергі жасайды.
Ендігі кезекте омыртқа доғаларының қосылыстарына келетін болсақ.Сәйкесінше омыртқалар бір-бірімен доға және өсінділері арасындағы буындар мен байламдар арқылы байланысады. Доғалары бір-бірімен сары түсті байлам, lig.flava арқылы байланысқан. Сары түсті байлам деп аталу себебі, эластикалық дәнекер ткандардан тұратындықтан.
Lig.interspinalia,қылқанды өсініделер арасындағы байламдар. Бұл байлам, мойын аумағындам өте жұқалау болып келсе, беломыртқаларында қалыңдау болып келген. Бұл байлам қылқанды өсіндісінің ұшында, беткей орналасқан байламға, Iig.supraspinale, ұласады. Ол, мойын омыртқаларының маңында сыртқы пішіні үш бұрышты болып келеді және желкеде, желке байламына, Ііg.nuсһае, ұласады.
Байламның проксималды ұшы шүйде сүйегінің желкелік төменгі сызықшасынан, linea nuchae inferior, басталса, дисталдық ұшы жіңішкере келе VII-мойын омыртқасының тұсында беткей байламына ұласады. Қызметі: басты бір деңгейде ұстау. Омыртқаның көлденең өсіндісі - processus transversus, көлденең өсінділер аралық байламдарlig. intertransversaria арқылы өзара байланысқан.Бұл байлам мойын омыртқаларының тұсында нашар дамыған.Қызметі:омыртқа бағанасының қарама-қарсы жаққа қарай бүйір қозғалысын шектейді.
Сегізкөз бен құйымшақ арасындағы қосылыстар, articulatio sacrococcygea, ол V-сегізкөз омыртқаның ұшы мен І-құйымшақ омыртқаның дискілерінің аралығында орналасқан, т Жалпы сипаты бойынша омыртқаның басқа қосылыстарына ұқсас,бірақ құйымшақ омыртқасының рудименттік болуына байланыста нашар жетілген.Сәйкесінше бірнеше байламдардан тұрады:
1. Латералды сегізкөз-құйымшақ байламы, lig. sacrococcygeum laterale, ол V-сегізкөз омыртқаның көлденең өсіндісімен І-құйымшақ омыртқаның көлденең өсіндісінің аралығында орналасқан. Бұл байлам омыртқалардың тікелей жалғасы болып саналады.
2. Сегізкөз- құйымшақ буынының алдыңғы байламы, lig.sacrococcygea anterius (ventrale), омыртқаны бойлай орналасқан алдыңғы байламның тікелей жалғасы болып саналады. Бұл байлам құйымшақтың ұшында бір-бірімен айқасып орналасқан
3. Сегізкөз-құйымшақ буынының артқы беткей байламы, lig.sacrococcygeum posterior superficial et laterale, омыртқалардың денесінің артын бойлай орналасқан байламның тікелей жалғасы болып саналады және құйымшақтың артқы бетімен сегізкөз өзекшесінің бүйір қабырғаларының аралығында орналасқан. Негізгі қызметі сегізкөз тілігінің артқы қапталын жауып тұру. Бұл байлам омыртқалардың сары байламына ұқсас, түр өзгешелігі бөлек байлам .
4. Артқы сегізкөз-құйымшақ терең байламы, lig. sacrococcygeum dorsale profundum ол омыртқаның артын бойлай орналасқан байламның тікелей жалғасы болып саналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет