47. Тізе буыны, ерекшеліктері, құрылысы, қызметі. I.Тізе буыны-articulatio genus.
II.Оның қалыптасуына ортан жілік, асықты жілік және тобық қатысады. Буын беттері болып тоқпан жіліктің медиальді айдаршығының буын беті facies articularis condyli medialis femoris, тоқпан жіліктің латеральді айдаршығының буын беті-facies articularis condyli lateralis femoris, асықты жіліктің жоғарғы буындық беті-facies articularis superior tibae, тобықтың буын беті-facies articularis patellae, тоқпан жіліктің тобық үсті беті-facies patellaris femorisсаналады.
III. Тізе буыны-ең ірі және күрделі, кешенді буын болып табылады.
IV.Тізе буынының пішіні-айдаршық тәрізді-articulation bicondylaris.
V.Қозғалыс білігі бойынша екі білікті буынға жатады.
VI. Буын қызметінде фронталды білік айналасында бүгілу-flexio және жазылу-extensio(қимыл амплитудасы 160° шамасында). Тізе буынын жазғанда сан мен сирақ бір сызықтың бойында орналасады, ортан жіліктің айдаршықтары асықты жіліктің проксималды эпифизіне қақтығысады. Бұндай жағдайда аяқтың қимылсыз тірегіші қалыптасады. Бүгілуде сирақ санмен бірге 40° жуық бұрыш жасайды, ортан жіліктің артқы бөліміндегі буын бетімен қақтығысады.
Вертикалді ішке-pronatioжәне сыртқа қарай-supinatioбұрылады.
VII.Байламдары: 1) ішкі байлам
2) сыртқы байлам
Ішкі байламдары:
1. Алдыңғы кресттәрізді байлам-lig. cricatum anterior.
2.Артқы кресттәрізді байлам-lig. cricatum pasterior.
Сыртқы байламдары:
1. Кіші жіліншіктің жанама жалғамы-lig.collaterale fibulare.
2. Асықты жіліктің жанама жалғамы-lig. collaterale tibiale.
3. Тақымның қиғаш жалғамы-lig. popliteum obliquum.
4. Тақымның доға тәрізді жалғамы-lig. popliteum arcuatum.
VIII. Менискілербуын беттерінің конгруэнттілігін арттырып, амортизатор рөлін атқарады. Менискілердің қалың жиегі буын капсуласымен бітіседі, ал жіңішкерген жиегі буын ішіне бағытталады.
Медиалды мениск-meniscus medialis, жұқалау және жарты ай тәрізді болса – латералды мениск-meniscus laterali медиалды менискіге қарағанда жалпақтау.