«Геодезия» пәнінен тест сұрақтары



бет1/3
Дата30.06.2023
өлшемі98 Kb.
#103827
  1   2   3
Байланысты:
вар1


«Геодезия» пәнінен тест сұрақтары

Бекітемін


Кафедра меңгерушісі
____________Рахымбердина М.Е.
Құрастырған______ Касымов Д.К.

1-ағымдық тест
1- нұсқа


1. Егер румб ОШ: 56°15' болса, дирекциондық бұрыш қалай анықталады?
A) 236° 15'
B) 56° 15'
C) 303° 45'
D) 123° 45'
E) 14° 15'


2. Дирекциондық бұрыш 342º16', румб неге тең:
А) СБ 72°16'
В) ОШ 17°44'
С) ОШ 72°16'
В) ОБ 72°16'
Е) СБ 17°44'

3. Егер 1 см – 100 м болса, сандық масштаб неге тең:


A) 1: 1000
B) 1: 100
C) 1: 100 000
D) 1: 1 000 000
E) 1: 10 000

4. Егер 1-2 сызығының дирекциондық бұрышы


a1-2=60°35¢ және өлшенген бұрыш b2=120°25¢ болса, 2-3 сызығының дирекциондық бұрышы қалай анықталады?
А) 181°00¢
В) 59°50¢
С) 170°10¢
D) 120°10¢
Е) 239°50¢

5. Жер бетіндегі сызықтың проекциясы 275 м 1: 5 000 сандық масштабта бұл қашықтық планға қалай салынады?


А) 5,5 см
В) 6,5 см
С) 11,0 см
D) 10,5 см
Е) 5 см

6. Егер дирекциондық бұрыш α=218º, меридиандарың жақындасуы γ=2º (шығыстық), магнит стрелкасының бұрылу бұрышы δ=6º (шығыстық) болса, магниттік азимут қалай анықталады?


A) АМ = 210º
B) АМ = 226º
C) АМ = 214º
D) АМ = 222º
E) АМ = 220º

7. IV ширекте (СБ) румб қалай анықталады:


A) r=360°-α
B) r=270°-α
С) r=α
D) r=180°-α
Е) r=α-180°

8. Егер дирекциондық бұрыш α=89° 20' болса, румб пен дирекциондық бұрыш арасындағы байланысты тап.


A) гсш = α
B) rош = 180° - α
C) rоб = α + 180°
D) rсб = 360° - α
E) rоб = α - 180°

9. Координаталар өсімшелерінің таңбалары дирекциондық бұрыш α=305°31' шамасына байланысты қандай болады:


А) - -
В) ++
С) -+
D) +-
Е) ∆Х, ∆Y

10. Координаталар өсімшелерін есептеудің формуласын көрсет:


А)

В)

С)

D)

Е)

11. Горизонтальдардың пландағы (картадағы) ара қашықтығы –


А) салынды
В) горизонталь
С) бергштрих
D) рельефтің қима биіктігі
Е) жазық ара қашықтық

12. Сағат тілінің айналу бағытымен алынған, осьтік меридианның солтүстік бағыты мен бағдарлауыш сызық арасындағы жазық бұрыш


A) дирекциондық бұрыш
B) магниттік азимут
C) негізгі азимут
D) румб
E) магнит стрелкасының бұрылуы

13. Теңіз деңгейінің тыныш жағдайына сәйкес келетін дене қалай аталады?


A) шар
B) эллипсоид
C) референц-эллипсоид
D) геоид
E) нығыздалған эллипсоид

14. Картада немесе планда қарағайлы орман қалай белгіленеді?


A) ауданды шартты белгімен
B) сызықты шартты белгімен
C) масштабтан тыс
D) түсіндірмелі шартты белгімен
E) арнаулы шартты белгімен

15. Жер бетіндегі таулардың, сайлардың, жоталардың, ойпаттардың т.б. жиынтығы қалай аталады?


A) абрис
B) заттар
C) құрылыс
D) ситуация
E) рельеф

16. d =D*cos2ν формуласы бойынша не анықталады?


А) жазық бұрыш
В) жазық арақашықтық
С) көлбеу арақашықтық
D) көлбеу бұрыш
E) қыл жіпті қашықтық өлшеуіштен есеп алу

17. Жіптік тордың бейнесін айқын көру қай тетіктермен орындалады?


А) элевациондық бұрандамен
В) көздегішпен
С) микрометрлік бұрандамен
D) кремальерамен
E) диоптрикалық сақинамен

18. Нүктенің бойлығы қандай бірлікпен өлшенеді:


A) румб
B) азимут
C) градус, минут, секунд
D) радиан
E) метр, километр


19. Теодолиттік түсірістің планын салу неден басталады:
А) Планды румбтар мен арақашықтықтар арқылы салу
В) Жүріс нүктелерін координаталармен салу
С) Планды безендіру
В) Ситуацияны салу
Е) Координаталық торды сызу

20. Ендік – бұл


А) Берілген нүкте арқылы өтетін меридиан мен бастапқы меридиан жазықтықтары арасындағы бұрыш
B) Берілген нүкте арқылы өтетін тіктеуіш сызық пен экватор жазықтығы арасындағы бұрыш
С) Берілген нүкте мен эллипсоидтың кіші осі арқылы өтетін жазықтық
D) Деңгейлік беттен жер бетіндегі нүктеге дейінгі биіктік
Е) Нақты және магниттік меридиандар арасындағы бұрыш




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет