1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы


Білек сүйектері: шынтақ ,кәріжілік сүйектері



бет8/202
Дата07.12.2022
өлшемі0,58 Mb.
#55509
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   202
Байланысты:
Анатомия сессия

10.Білек сүйектері: шынтақ ,кәріжілік сүйектері.
Білек сүйектері (ossa antebrachii)- ұзын қуысты сүйектерге жатады. Оларды екі жілік сүйек құрайды – шынтақ жілік және кәрі жілік. Екі сүйектің де денесі - үш беті мен үш жиегі бар, үшқырлы пішінді болып келеді. Бір беті артқы, екінші беті алдыңғы, ал үшінші беті radii-латералды, ulna-медиалды. Үш жиегінің біреуі өткір. Ол алдыңғы бетті артыдан бөліп, көрші сүйек жаққа қарағанда, сол арқылы сүйек аралық кеңістікті шектейді, сондықтан оны margo interossea деп атайды. Дененің алдыңғы бетіне тамырға аттас өзекке алып баратын тамырлы тесік, foramen nutricium жатады. Екі сүйекке тән бұл белгілерден басқа әрбір сүйектің жеке ерекшеліктері болады.
Кәрі жілік (radius) – екі эпифизден және диафизден тұрады. Проксималді ұшы, жіңішке және цилиндртәрізді басымен (caput radii) бітеді. Оның жоғарғы бетінде тоқпан жіліктің басымен қосылатын ойысы бар. Басы денесінен кәрі жілік мойнымен (collum radii) шектеледі. Басының ішкі бетінде шынтақ жілікпен қосылатын буындық айналма (circumferentia articularis) орналасқан. Мойнынан төменрек және алдыңғы медиалді бетінде қәрі жілік бұдырмағы (tuberositas radii) жатыр.Төменгі ұшы жуан және қалың. Төменгі бетінде білезіктік буындық бет орналасқан, ал оның латералді жиегі бізтәрізді өсіндімен (processus styloideus) аяқталады. Кәрі жілік денесінің (диафиз) үш жиегін (алдыңғы, артқы және сүйек аралық), үш бетін (алдыңғы, артқы және латералді) ажыратады.
Шынтақ жілік (ulna) – екі эпифизден (жоғарғы және төменгі) және диафизден тұрады. Жуандау проксималді ұшында артынан шынтақ өсіндісімен (olecranon) және алдынан тәждік өсіндімен (processus coronoideus) шектелген шығыршықтық тілік (incisura trochlearis) орналасқан. Тәжді өсіндінің астында шынтақ жілік бұдырмағы (tuberositas ulnae), ал шығыршықтық тіліктің сыртында тайыздау кәрі жіліктік тілік жайғасқан. Жіңішке төменгі ұшы шынтақ жіліктің басын (caput ulna) түзеді. Басының артқы – бүйір бетінде кәрі жілікпен қосылатын буындық айналма (circumferentia articularis), ал медиалді жағында біз тәрізді өсінді (processus styloideus) жатыр. Шынтақ жіліктің денесінің (диафиздің) пішіні кәрі жіліктікіне сәйкес келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет