1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы



бет7/202
Дата07.12.2022
өлшемі0,58 Mb.
#55509
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   202
Байланысты:
Анатомия сессия

9.Тоқпан жілік: құрылысы.
Қолдың еркін бөлігінің сүйектері (skeleton membri superioris liberi) тоқпан жіліктен, білектің екі сүйегінен және қол басы сүйектерінен тұрады. Тоқпан жілік (humerus) – ұзын жілік сүйек түрінде дамиды. Осы қызметіне қарай ол диафиз, метафиз, эпифиз және апофиздерден тұрады. Жоғарғы ұшында жауырынның буын ойығымен буындасатын шар тәрізді басы, caput humari (проксималды эпифиз) болады. Оның басы басқа сүйектен анатомиялық мойын, collum anatomicum, деп аталатын тар саймен бөлінеді. Анатомиялық мойынмен кейін іле-шала екі бұлшықет төмпешігі орналасады, олардың үлкені, tuberculum majus, латералды, ал екінші кішілеуі tuberculum minus, одан сәл алға қарай жатады. Төмпешіктерден төмен қарай сүйекті қырқалар шығады: үлкен төмпешіктен-crista tuberculi majoris, ал кіші төмпешіктен- crista tuberculi mivoris. Екі төмпешік пен қырқалар арасында жүлге, sulcus infertubercularis өтеді. Онда екібасты бұлшықеттің ұзынбасының сіңірі орналасқан. Екі төмпешіктен төмен жатқан тоқпан жіліктің диафизбен шекарада жатқан бөлігі хирургиялық мойын-collum chirurgicum (иықтың көп сынатын жері)деп аталады. Тоқпан жілік дененің жоғарғы бөлігі цилиндр пішіндес, төменгі бөлігі үш қырлы болып келеді. Сүйектің денесінің ортасында оның латералды бетінде бұдырлар бар, оған делта тәрізді бұлшықет, tuberositas deltoidae бекиді. Оның артқы жағында сүйек денесінің бетімен медиалды жақтан латералды жаққа қарай жайпақ спираль түрінде сәуле-кәрі жілік жүйкесінің жазық жүлгесі, sulcus nervi radialis, seu sulcus spinalis өтеді.
Тоқпан жіліктің кеңейген және біршама алға қарай иілген төменгі ұшы, condylus humeri, жан жағы адыр-бұдырлы өсінділермен медиалды және латералды үстіңгі айдаршықтарымен, epicondulus medialis et lateralis, аяқталады. Ола сүйектің медиалды және латералды жиектерінің жалғасында жатады және бұлшықеттер мен байламдардың бекуі үшін қажет. Медиалды үстіңгі айдаршық латералдағы күштілеу жетілген де, әрі оның артқы жағында шынтақ жүйкесі, sulcus n. ulnaris, орналасады. Үстіңгі айдаршықтар арасында білек сүйектермен буындасу үшін қажет буын беті орын алады. Ол екі бөлікке бөлінеді: ортасында ойығы бар көлденең орналасқан орналасқан кішкене жал түріндегі блок, trochlea, медиалды жатады: ол шынтақ сүйекпен буындасу үшін керек және оның ойығымен, incisura trochlearis, қаусырылады. Блоктан жоғары, бір-бірден шұқыршақ жатады: алдынан төбе шұқыршағы, fossa coronoidea, артынан шынтақ өсіндісі шұқыршағы, fossa olecrani. Бұл шұқыршақтардың тереңдігі сондай, оларды бөлетін сүйекті перде көбінесе ар жағы көрінетіндей болып жұқарған, ал кейде тіпті әр жерінен тесілген. Блоктан латералды шар кесіндісі түрінде буын беті, тоқпан жіліктің айдаршығының басы, capitulum humeri, орналасады. Ол кәрі жіліктің шыбығымен буындасу үшін қажет. Алдыңғы жағынан capitulum үстінде кішкентай шыбық сүйек шұқыршағы, fossa radialis жайғасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет