Алмұртүсті және алмұртасты тесіктер, олардың құрамы. Жоғарғы алмұрт тәрізді тесік, foramen suprapiriforme - алмұрт тәрізді бұлшықеттің жоғарғы шеті мен үлкен шоңданайлық тілік арасындағы саңылау тәрізді тесік. Ол арқылы жоғарғы жамбас қан тамырлары мен нерв өтеді.
Алмұрттәрізді төменгі тесік, foramen infraperiforme – алмұрт тәрізді бұлшық-еттің төменгі шеті мен сегізкөз - қылқанды байлам арасындағы саңылау тәрізді тесік. Тесік арқылы шоңданай нерві, төменгі жамбас қан тамырлары мен нервтері, жамбастың артқы тері нерві, ішкі жыныс тамырлары мен жыныс нервтері өтеді.
Алмұрт тәрізді жоғарғы тесік арқылы жоғарғы жамбас қан тамырлары - нерв байламы шығады. Төменгі алмұрт тәрізді тесік арқылы шығады: шоңданай нерві,төменгі жамбас қан тамыр-жүйке, жыныстық тамыр-жүйке байламы.
Жоғарғы алмұрт тәрізді тесік шектеседі:
1) алмұрт тәрізді бұлшықеттің жоғарғы жиегімен;
2)үлкен шоңданай тесігінің жоғарғы жиегімен.
Төменгі алмұрт тәрізді тесік шектеседі:
1) алмұрт тәрізді бұлшықеттің төменгі жиегімен;
2) үлкен шоңданай тесігінің төменгі жиегімен.
74.Санның бұлшықеттері, олардың қызметтері. Сан бұлшықеттері, mm. femoris, орналасуына қарай алдыңғы, артқы және медиалды топтарға бөлінеді. Атқаратын қызметіне қарай: алдыңғы-бүгуші; артқы-жазушы; медиалды-ішке тартушы бұлшықеттерге бөлінеді.
Санның алдыңғы топбұлшықеттері: 1. Тігінші бұлшықеті, т. sartorius, адам денесінің бұлшықеттерінің ішіндегі ең ұзын «таспа» тәрізді бұлшықеті болып саналады. Ол мықын сүйегінің алдыңғы жоғарғы қырқасынан, spina iliaca anterior superior басталып,төмен бағытта бұрала асықты жіліктің медиалды айдаршығының артқы жағынан орап өтеді. Қызметі:сан мен сирақты бүгіп қоймай, сәл
алшақтатып, сандысыртқақарайбұрау.
2. Санныңтөртбастыбұлшықеті, т.quadriceps femoris. Бұл бұлшықеттің әрбір дербес бастарының басталар сүйектік нүктелері бар. Бастары өзарабірігіп, бұлшықеттің қарыншасын, одан әрісіңіршелерін құрап, тізе тобығын қоршап барып,асықты жіліктің бұдырына, tuberiositas tibiaeбарып бекиді.
а) Санның тік бұлшықеті, т.rectusfemoris.Ол санныңтөрт бастыбұлшықетініңішіндегі ең ұзыны.
ә) Санның жалпақ медиальды бұлшықеті, т. vastusmedialis. Жалпақтау келіпортан жіліктің медиалдықапталында орналасқан.
б) Санның жалпақ латералды бұлшықеті, т.vastus lateralis, санның төртбастыбұлшықетінің ішіндегі ең көрнектісі.
в) Санның жалпақ аралық бұлшықеті, т. vastus intermedius, ол санның алдыңғы бетінде, санның жалпақ медиалды бұлшықеті мен латералдыбұлшықеттердің аралығында орналасқан. Ол ортан жіліктің алдыңғы бетінен, ұршықаралық сызықшадан, linea intertrochanterica басталып,төмен бағытта өтіп, санның төрт бастыбұлшықетінің жалпы сіңіршесін құрауға қаты-
сады.
Қызметі: санның тік бұлшықеті жамбас буыны мен тізе буынын жазса, қалған медиалды,латералды және аралық басы тізе буынында сирақтыжазады.
3. Тізе буынының бұлшықеті, т.articularis genus. Сыртқы пішіні жалпақтау келіп,4-5 бұлшықеттік будалардан құралған бұлшықет. Ол, санның төрт басты бұлшықетінің аралық бұлшықеті мен ортаңғы жілік сүйегінің дис-тальдық бөлігінің аралығында орналасқан.Бұлшықет талшықтары ортан жіліктің дисталді бөлігінің алдыңғы бетінен басталып, төменқарай бағытталып, тізе буынының қапшығынабарып бекиді Қызметі: тізебуынының қапшығын тартыпкеру.