86.Араң туралы түсінік, шекаралары. Лимфа-эпителиалді сақинасы, құрылысы, қызметі. Ауыз қуысының артқы қабырғасы жоқ, онда аран fauces орналасқан. Аран жоғарғы жағынан жұмсақ тандайдың тілшігімен, бүйірінен таңдай доғаларымен (алдыңғы тандайтіл, артқы тандай-жүтқыншақ) және төменгі жағынан тіл түбімен шектеледі. Негізгі қызметі: ауыз қуысында езіліп, сілекей сөлдері аркылы шыланып, жартылай химиялық ыдырау процесінен өткен тамақты жұтқыншактың ауыздық бөлігіне pars oralis өткізу. Ауыз қуысының жұтқыншақпен байланысқан жері-аран тесігі немесе ауызжұтқыншақ (ithimus faucium ) д.а.Аран немесе ауызжұтқыншақ — ас (азық) қорыту жүйесінің дененің бас аумағында орналасқан бөлімі,
Аран 2бөлімнен тұрады.Олар:ауыз қуысы және жұтқыншақ. Ауызжұтқыншақ екі бөлімнен: ауыз қуысынан және жүтқыншақтан тұрады. Ауыз жоғарғы және төменгі ерін, ұрт, тіс, қызыл иек, қатты және жұмсақ тандай, тіл, сілекей бездері құрайды. Ауыз қуысында ас механикалық өндеуден (шайнау, сілекеймен жібіту, араластыру) өтеді және сілекей ферменттерінің әсерінен қорытыла бастайды. Жұтқыншақ (лат. рһагупх) — пішіні қүйғышқа (воронкаға) ұқсаған етті-жарғақты түтікше ағза. Ол ауыз қуысын өңешпен жалғастырып, ауыз қуысында өндеуден өткен асты (азықты) өңешке еткізеді. Жұтқыншақтың қабырғасы үш қабық тан: ішкі - кілегейлі қабық тан, ортаңғы — етті қабық тан, сыртқы - адвентиция кабығынан құралған. Жұтқыншақ — ас қорыту және тыныс алу жүйелеріне ортақ мүше. Оның ішкі кілегейлі қабырғасында ас (азық) және ауа жүретін екі жол айқасып орналасады. Ас (азық) жолының кілегейлі қабығы көпқабатты жалпақ эпителиймен, ал тыныс жолы — бірқабатты кепқатарлы кірпікшелі эпителиймен астарланған. Ас (азық) жұтылған кезде тыныс жолы — мұрын қуысы жағынан жұмсақ таңдаймен, көмекей тесігі — көмекей бөбешігімен (тілшікпен) жабылады. Ас (азық) жұтылғаннан соң, жүмсақ тандай төмен түсіп, бөбешік (бөбешіктің негізін серпімді шеміршек құрайды) алға қарай серпіліп, ауа жүретін тыныс жолы ашылады.
Бадамшалары, tonsilla, лимфоэпителиалді тіндерден тұрады. Ауыз куысының бадамшаларына: тандай, тіл, жұтқыншақ және түтік бадамшалары жатады. Бұл бадамшалар бір — біріне өте жақын іргелес орналасып, Пирогов — Вальдейер атты лимфоэпителиалді сақинаны құрайды.
-Тандай бадамшасы, tonsilla palatina, жұп бадамша, бадамшалар шұңқырында, fossulae tonsillares, орналаскан. Алдынғы қабырғасы тандай — тіл до- ғашығымен, arcus palatoglossus, артқы қабырғасы тандай-жұтқыншак доғашығымен, arcus palatopharyngeus, сырткы қабырғасы жұткыншақтың жоғарғы қысқыш бұлшықетімен т. constictor pharyngis superior, және ішкі ұйқы артериясымен a.carotis interna, шектеседі.
-Тіл бадамшасы, tonsilla lingualis, ол тіл түбі мен көмей бөбешігінің, epiglottis, аралығында орналаскан жұп бадамша
-Түтік бадамшасы, tonsilla tubaria, ол есту түтігінің жұтқыншақтың тесігі мен тандай пердесінің аралығында орналасқан жұп бадамша
-Жұтқыншак бадамшасы, tonsilla рһаупgealis, жұткыншактың мұрындық бөлігінің жоғарғы қабырғасының артқы қабырғаға өткен жерінде орналасқан.Сонымен қатар, бадамшалар иммундық жүйенің шеттік бөлігіне жатады.