9 Дыбыстың іргелес түрленімге үстеме артикуляциялық белгілермен қатысатынын түсіндіріңіз



Дата16.12.2022
өлшемі15,14 Kb.
#57668
Байланысты:
9.10.11.12 фонетика


9)Дыбыстың іргелес түрленімге үстеме артикуляциялық белгілермен қатысатынын түсіндіріңіз.
дыбыс өзімен іргелес дыбыстың әсерінен түрленуі мүмкін. Іргелес дыбыстың іргелес дыбысқа әсері тілдің тік қалпына, көлденең қалпына және ерін қатысына байланысты болады. Іргелес түрленім тек дауыссыз бен дауыстының тіркесінде кездеседі және іргелес дыбыстардың дауысты сыңары басым болады. Іргелес түрленімге тілдің тік және көлденең қалпы мен ерін қалпы бір мезгілде қатысады. Түрленім осы үш белгінің араласымынан құралады. 
Олай болса, іргелес түрленімге үстеме артикуляциялық белгілер қатысады. Дыбыстың бұл түрленімін іргелес түрленім дейміз. Іргелес түрленім буынның дауыссыздан басталған бас шенінде немесе дауыссызға аяқталған аяқ шенінде кездеседі. 
10)Дауысты дыбыстардың сингема және аллосингема құрамын атаңыз.
сингема – түркі тілдеріндегі сөз мағынасын түрлендіре алатын ең кіші фонетикалық бірлік;
- аллосингема – сингеманың фонетикалық варианты;
Қазақ тіліне тән сөз мағынасын өзгертетін немесе түрлендіретін дыбыс бөлшек сингема болып табылады. Сондықтан сингема қазақ тілінің жіктелім белгілерінің бірі болып табылады.
Қазақ тіліне тән сингеманың айтылым түрлері аллосингема болып табылады. Сондықтан аллосингема қазақ тілінің жіктелім белгісі бо- лып табылады.
Дауысты дыбыстар:
Жалаң ашық дауысты [а] сингема екі аллосингемадан құралады: [а, ә];
Жалаң қысаң дауысты [ы] сингема төрт аллосингемадан құралады: [ы, і, ұ, ү];
Құранды дауысты [о] сингема үш аллосингемадан құралады: [о, ө, е]. Барлығы 9 аллосингема (үндесім) дауысты дыбыс.
11)Қазақ тіліндегі дыбыс түрленімінің үлгілерін сараптап талдаңыз.
Дыбыс өзінің үндесім әуезіне байланысты түрленеді. Дыбыстың бұл түрленімін жинақтай келіп үндесім түрленім дейміз. Бір буынның құрамындағы дыбыс өзімен көрші екінші дыбыстың әсерінен түрле- нуі мүмкін. Көрші дыбыстың жасалу орны еріндік болса, онда көрші дыбыс өзінің жасалу орнын жоғалтып, жасалу орнына қарай еріндік болып айтылады. Дыбыстың бұл түрленімін орын түрленім дейміз, өйткені дыбыстың тек жасалу орны ғана түрленеді; көрші дыбыстың жасалу тәсілі жуысыңқы болса, онда көрші дыбыс та жуысыңқы болып айтылады. Дыбыстың бұл түрленімін тәсіл түрленім дейміз, өйткені дыбыстың тек жасалу тәсілі ғана түрленеді; көрші дыбыс дауыс қа- тысына қарай ұяң болса, онда көрші дыбыс та ұяң болып айтылады. Дыбыстың бұл түрленімін дауыс түрленім дейміз, өйткені дыбыстың тек дауыс қатысы ғана түрленеді. Дыбыс өзінің артикуляциялық бел- гісіне байланысты түрленеді екен. Дыбыстың бұл түрленімін үйлесім түрленім дейміз. Дыбыс өзімен іргелес дыбыстың әсерінен түрленеді. Іргелес түрленім тек дауыссыз бен дауыстының тіркесінде кездеседі және іргелес дыбыстардың дауысты сыңары басым болады. Дыбыстың бұл түрленімін іргелес түрленім дейміз. Дыбыс өзінің сөздегі орнына қарай түрленуі мүмкін. Дыбыстың сөздегі орны оның айтылымына ті келей әсер етеді. Дыбыстың артикуляциялық белгілері түгел (жасалу орны, жасалу тәсілі, дауыс қатысы, қарқыны, созылыңқылығы т.б.) қа- тысуы немесе ішінара қатысуы мүмкін. Сондықтан дыбыстың сөздің қай шенінде тұруына байланысты оның айтылымы құбылып отыра- ды. Дыбыстың бұл түрленімін шеп түрленім дейміз. Дыбыс екі сөздің шегарасында тұруына байланысты түрленеді. Дыбыс өзінің айтылым айқындығына қарай түрленеді екен. Дыбыстың бұл түрленімін тіркес түрленім дейміз. Дыбыс сөздің айтылым әуеніне байланысты түрле- неді. Сөйлем хабарлы әуенмен айтылса, оның құрамындағы сөз де ха- барлы әуенмен айтылады, сөздің құрамындағы дыбыс хабарлы әуен ықпалымен түрленеді. Дыбыстың бұл түрленімін хабарлы түрленім дейміз. Сөйлем сұраулы әуенмен айтылса, оның құрамындағы сөз де сұраулы әуенмен айтылады, сөздің құрамындағы дыбыс та үдемелі әуен ықпалымен түрленеді. Дыбыстың бұл түрленімін сұраулы түрленім дейміз. Сөйлем бұйрық (лепті) әуенмен айтылса, оның құрамындағы сөз де бұйрық (лепті) әуенмен айтылады, сөздің құрамындағы дыбыс та бұйрық (лепті) әуен ықпалымен түрленеді. Дыбыстың бұл түрленімін бұйрықты түрленім дейміз. Дыбыстың осы үш түрленімінің басын қосып әуен түрленім дейміз. Дыбыс тіл дамуының барысындағы фо- нетикалық жағдаятқа қатысты өзгерістің қалдығы болады. Сондықтан дыбыстың түрленім себебі белгісіз болады. Дыбыстың бұл түрленімін тарихи түрленім дейміз. Дыбыс ешқандай фонетикалық себепсіз-ақ түрленуі мүмкін. Дыбыстың себепсіз түрленуін еркін түрленім дей- міз. Дыбыс арнайы жасанды құрылған мәтін (жаңылтпаш т.б.) құра- мындағы күрделі дыбыс тіркесі мен үндесім буындардың қайталаны- мы арқылы түрленуі мүмкін. Дыбыстың бұл түрленімін жаңылтпаш түрленім дейміз. Адамның көңіл-күй қалпына байланысты түрленеді. Қуаныш, қорқыныш, кешірім, ыза, жайбарақат, шаршаңқы, ырзалық, өкініш т.б. себептердің салдарынан болатын түрленімін көңіл-күй түр- ленімі дейміз. Асығып сөйлеудің арқасында дыбыс түрленеді. Дыбыс- тың бұл түрленімін асығыс түрленім дейміз. Тіл мүкісінің салдары- нынан дыбыс түрленуі мүмкін. Дыбыс түрленімінің бұл түрін мүкіс түрленім дейміз. Екінші бір тілді нашар меңгергендіктің себебінен дыбыс түрленеді. Мұндай жағдайда дыбыс теріс айтылады, сондықтан дыбыстың бұл түрленімін теріс түрленім дейміз.
12)Қазақ сөзінің талданым желісі мәтіннен (сөйлемнен) дыбыс бағытында жүргізу керектігін дәлелдеп түсіндіріңіз.
қазақ сөзінің талданым желісі мәтіннен (сөйлемнен) дыбыс бағытында жүргізілу керек. Сонда ғана тілдегі дыбыс үлгілерін түгел табуға болады.
мәтін(сөйлем)-сөз-буын-дыбыс
- алдымен мәтін (сөйлем) алынады, оның ішінде әртүрлі үндесім
әуезді сөздер кездеседі;
- мәтін (сөйлем) ішінен сөз бөлінеді, ол сөздің өзіне тән үндесім
әуезі бар;
- сөзден сол сөзге тән үндесім әуезді буын ажыратылады;
(сингармониялық) тіл. Түркі (қазақ) тілдерінің үнді-еуропа тілдерінің ізімен - буыннан барып сол буынға тән үндесім әуезді дыбыс табылады.
Осы жолмен табылған дыбыстар қазақ тіліне тән ақиқат дыбыстар болып шығады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет