1. Антикалық философиядағы рух мен зерденің космологизмі



бет1/4
Дата07.02.2023
өлшемі42,7 Kb.
#66010
  1   2   3   4
Байланысты:
3 лекция


Дәріс 3.1. Жан, зерде және рух

1.Антикалық философиядағы рух мен зерденің космологизмі.


2. Ортағасыр дәстүріндегі рух пен жанның теологиялық түсінігі.
3.Неміс классикалық философиясындағы зерденің трансценденталдық негіздері.

Жан философиядан әлдеқайда көбірек жасаған. Әлемнің барлық мәдениеттерінде адамдар өлімнен қүтыламыз деп қиялдаған. Соған сәйкес, «жан» әлемінің антикалық баламасы біздің бойымыздағы өлмейтін нәрсенің символы ретінде пайда болды. Философия пайда болған сәттен бастап дін мен философияның түйіскен тұсында өлімнен кейінгі өмірдің мүмкіндігі мен жан табиғаты басты мәселе болып келеді.
Ибн Сина «Рух дененің қай жерінде орналасқан?» деген күрделі де метафизикалық әрі теологиялық сұраққа практикалық тұрғыдан жауап бермек болып ота жасайды. Бірілері қалбте, яғни жүректе десе, бірілері ол денені түгел қамтып жайылып жатыр деп анықтайды. Ибн Сина рух ол Алланың әміріндегі нәрсе. ол материалды емес, көзге көрінбес, тұрағы болмас дегенді дәлелдеу үшін де осы отаны жасапты… Алдымен адамның аяғын кесіп алып тастайды. Адам тірі. Сосын қолын. Адам тірі. Жүрекке қанжар салғанда адам сұлап түседі. Содан олар енді рух туралы таласпаймыз, Құранда айтылғанға сенеміз. Рух туралы бар жоқ деп айту күпірлік екен деседі. 
«Қай жерің ауырса жаның сол жерде» Ибн Сина мұны ауыспалы мағынада айтылған дұрыс психологиялық анықтама дейді. Жан ауырса да шіріген тәнді, денені кесіп алып тастау арқылы жанды аман сақтап қалуға болады.
Осы аналогия бүгін қазақ деген ұлттың басында тұр. Қазақ денесінде «шірігіген ағзаларды» кесіп алып тастамаса, бүтін дене кеткелі тұр. қазақтың рухы мәдениеті кетсе, қазақ өлді дей беріңіз… Қазақ мәдениетінің ең басты ағзалары тілі хәл үстінде, діні іріңдеп жатыр, әдет ғұрпы салт дәстүрі, қотыр басқан, тарихы үсіп кеткен, өнерін жара басқан, әдебиеті таз, музыкасы жаз, кеңістігі уланған, уақыты ұрланған, еркі тапталған, саясаты ноқталы…. Бұл «Асанқайғылық» емес… Мемлекет дегеніміз Фараби атамның тілімен айтқанда «Сол құрушы елді бақытқа жеткізу үшін құрылады». Олай болмай керісінше сорлатып отырса, ол мемлекетте онтологиялық проблема бар деген сөз.
Жаңа заман философиясында, әсіресе, оның таным теориясында пайым мен зерденің бір-бірінен алшақ кеткенін, ендігі жерде олардың ымыраға келмейтінін айқын көріп, соларға ерекше назар аударған И. Кант (1724 – 1804) болды. Канттың айтуынша, зерде дегеніміз - ол да пайым. Бірақ ол – пайымның жоғары формасы. Зерде таным процесінде категориялар арқылы емес, принциптер арқылы көрініс береді. Канттың тілімен айтқанда, адамның “зердесі дегеніміздің өзі - принциптерді тудыру қабілеті”. Кант өзінің философиясында зерденің идеяны тудыратын ерекшелігін айқындап берді. Зерденің негізгі идеялары адам, әлем және Құдай туралы. Бірақ бұл идеяларды тану, оны толығымен зерттеп шығу мүмкін емес. Өйткені олар бір жағынан – жалпылама әрі абстрактылы, екінші жағынан – ешқандай мазмұны, мәні жоқ. Сондықтан зерде әлемді, бүкіл дүниені және олар туралы идеялардың негізін ашамын деп шешілмейтін қайшылықтарға тап болады. Бұл қайшылықтарды Кант өзінің философиясында “зерденің антиномиялары” деп атады. Кант бұл жерде қайшылық тек зерденің табиғатына ғана тән деп анықтама берді. Себебі, зерденің өзі “бүкіл әлемді, дүниені қалай да толық білемін, оның мәнін ашамын” деп өнбейтін іспен айналысады. Осындай ой-пікірлер арқылы Кант өзінің дәуіріне дейінгі философтар мен ойшылдардың арасында кеңінен өркен жайып келген “философия бүкіл әлем туралы ілім” деген көзқарасты қатты сынап отыр. Оның ойынша, бүкіл әлемді білу және оны толығынан тану мүмкін емес. Адам тек қана өзін-өзі білуге ұмтылып, өзінің рухани қызметінен шыққан білімдерге ғана ие бола алады. Ендеше зерденің бұл әрекеті қайшылықтан басқа ештеңе тудырмайды. Кант зерде тудырған қайшылықтарға ерекше назар аудара отырып, оның антиномияларын да жан-жақты талдағанымен, олардың мәнін аша алмады. Олардың белгілі бір шешімге келмейтін себебін зерденің әлемді тануға ұмтылудағы дәрменсіздігі деп білді. Сондықтан Кант ендігі жерде зердені, оның дәрменсіздігін қатты сынға алып, оны айыптауға кірісті. Ал шындығына келгенде, бұл мәселеде ол күтпеген жерден табиғат пен қоғамдағы орын алған қайшылықтарды танимын деп ұмтыла отырып, зерденің диалектикалық сипатына тап болғанын байқамады. Мәселе зердеде емес, дүниедегі шым-шытырық диалектикалық қайшылықтарға толы процесте жатыр еді. Таным процесінің мақсаты – осы қайшылықтардың мәнін ашып, оның шешімін табу болмақ.
Кант өз заманының саяси-әлеуметтік тар өрісті жағдайына байланысты бұл қайшылықтардың мәнін түсіне алмады. Сондықтан ол зердені айыптауға, сынауға көшті. Канттың ойынша, зерденің даму тарихының үш кезеңі бар. Алғашқы кезеңде зерде бүкіл әлемге, барлық ойлау процесіне әсерін тигізіп тұрған құдіретті күшке ие болады. Оның қағидалары ешбір өзгермейтін, мәңгі жасайтындай көрінеді. Сөйтіп, ол барлық ғылымдардың ғылымына айналды. Кант бұл жерде зерденің тарихы арқылы философияның бір кезде, яғни жаңа дәуірде барлық ғылымдар үшін шешуші рөл атқарғанын көрсетіп отыр. Шынында да, сол бір кезде философия ғылымдарының атасы болғаны сөзсіз. Екінші кезең зерденің идеялары мен принциптеріне деген сенімсіздіктің, күмәннің бірте-бірте пайда болуымен сипатталады. Бұл кезеңде зерденің қағидалары әрі жалпы, әрі абсолюттік рөл атқарудан қала бастады. Сондықтан оның негізгі идеялары мен принциптері жаңа заман ағымына ілесе алмай, өзінің дәрменсіздігін көрсетті. Дәл осы кезде ағылшынның атақты ойшылы Давид Юм өзінің скептицизмі мен агностицизмі арқылы зерденің бүкіл дүниені, әлемді тануға болады деген қағидасына алғаш рет күмән келтірді. Зерденің дамуының үшінші кезеңі, Канттың ойынша, сыншылдық дәуір деп аталады. Бұл кезең Канттың өз философиясынан басталады.
Канттың бұл ойын кейбір зерттеушілер түсінбей, “Кант зердеден бас тартты, ендігі жерде ол ғылымды мойындамайды, діни сенімге ғана есік ашық деп жариялады” деп айыптады. Ал, шындығында, бұл дұрыс емес еді. Өйткені, ол дәл осы кезде өзінің “Дін зерденің шектелуінде” атты атақты шығармасын жазған болатын. Ұлы философ бұл еңбегінде зерденің дінге шек қойып, оның аумағын тарылта беретінен айқын көрсетті. Жалпы зерде мен пайым ұғымдарын тек философия тарихы үшін маңызды “ескірген категориялар” ретінде қарастыруға болмайды. Қазіргі заманғы философиядағы дүниені рационалды және иррационалды қабылдау пішіндерін зерттеу ойлаудың зерде мен пайым түріндегі пішімдерінің мәнін терең зерделеумен тығыз байланысты. Зерде категориясы, сондай-ақ, қазіргі заманғы психология, педагогика ғылымдарының болашақ даму бағдарларын анықтауда да маңызды рөл атқарады




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет