Педагогикалық практиканың мақсаттары мен міндеттері. Педагогикалық практиканың мақсаты болып студенттің жалпы білім бері мектебінің мұғалімі қызметін атқаруға дағдылану саналады. Педагогикалық практика кезінде практикант келесі дағдыларды қалыптастыруы қажет: - мектеп бағдарламасы бойынша шетел тілі пәндерінен сабақ жүргізуді меңгеру; - пән бойынша жылдық жоспарды түзуді үйрену; - тақырыптық жоспарды түзу; - сабақта көрнекіліктермен жұмыс істеуді үйрену; - сынып жетекшісі рөлін атқаруды үйрену; - сыныптағы тәрбие сағаттарын өткізуге машықтану; - пән бойынша шетел тілілық үйірменің жұмысыен басқаруды меңгеру; - белгілі тақырыпқа диспут өткізуді меңгеру; - пән тақырыбына ашық сабақ өткізу; - сынып оқушылыарна писхологиялық мінездеме түзуді меңгеру; - сыныптағы психологиялық климатты анықтау, оқушылармен қарым-қатынас түзуге дағдылану; - оқушылыардың білімін бағалаудағы педагогикалық қағидаларды меңгеру; - жалпы мектеп мұғаліміне қажетті педагогикалық ұстанымдарды меңгеруге дағдылану.
Педагогикалық практикасын өткізуге қойылатын талаптар: Педагогикалық практика міндетті түрде мектепте өткізіледі. Практика өтетін мектеппен заңды бекітілген келісім шарт болуы тиіс. Педагогикалық практикаға студенттер университеттің ректорының бұйрығымен бекітілген және оқу жоспарында көрсетілген мерзімде барады. Алдын ала, студенттердің қай мектепке және қандай сыныптарға қай сабақтардан мұғалім қызметін атқаратыны туралы мағлұматтар жиналады. Студенттерге арнайы практика жөніндегі әдіскер бекітіледі. Практикаға керекті әдістемелік және келісім шарттық құжаттар тапсырылады. Практика кезінде студенттің орындайтын жұмыстары мен жинайтын материалдары және практика туралы есеп беруге қажетті материалдар мен құжаттар тізімі нақтыланады; практикаға жолдама, күнделік және практикаға арнайы тапсырмалар. Мектепке келгеннен кейін студенттер мектеп басшысының нұсқауы бойынша белгілі пән мұғалімінің қарамағына бекітіледі. Практикант оқу бағдарламалары және сабақ жоспарларымен еркін танысуы шарт. Практикант мектептегі техника қауіпсіздігімен танысып арнайы жұрналға қол қояды. Сабақ кестесімен танысады. Практика кезінде студент күнделікті атқарған жұмысы туралы жазбаша есеп жинайды. Практика соңында студент күнделігін және практика өткені туралы құжаттарды мектеп басшысының қолымен және мөрімен нақтылап жабады. Студентке мектеп басшысы мінездеме береді. Студент күнделіктен басқа, барлық байқаған және үйренген әдістемелік материалдар туралы арнайы дәптерге материал жинайды. Практика соңында барлық жиналған материалдарды қорытындылап практика туралы есеп жазады.Университетке келгеннен кейін келесі 1 апта ішінде студент практика туралы есебін кафедраға өткізуі тиіс. Есеп университеттің арнайы кеңесінде қорғалып бағаланады. Практикаға қатыспаған студентке және практика кезінде барлық педагогикалық ережелерді сақтамағана және оны бұзған студенттерге мектеп директоры шара қолдануға құқықты және оол туралы университет ректорына хабарлайды. Университет ректоры ол хабарды талқылап ары қарай қандай шара қолдануды шешеді.