Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тесттер: 1. Ақпараттық жүйе ұғымы.
2. Ақпараттық жүйелердің даму кезеңдері.
3. Акпараттық жүйелердегі процесстер
Әдебиет:[1],[2],[4]
7 апта Дәріс №1. Тақырыбы: Ақпараттық технологиялар(АТ). Сағат 1
Мақсаты: Тақырып бойынша студенттерге ақпараттық технологиялар туралы толық мәлімет беру.
Ақпараттық технология – ақпараттық ресурстарды қолдану процесін жеңілдету үшін ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, шығару және таратуды қамтамасыз ететін бір тізбекке біріктірілген әдістер, өндірістік және программа-техникалық құралдар жиынтығы.
Қазіргі өркениетті қоғамда ақпаратандыру кезеңі өзінің барлық мүшелерімен қоғамдық жағдайға тәуелсіз ақпаратты және өзінің білімдерін қолданады, өздерінің алдарындағы үздіксіз пайда болатын мәселелерді шешеді. Кітаптарда, потенттерде, журналдарда, есептерде, идеяларда жиналған қоғамның барлық интеллектуалды потенуциалы білім, тәжірибе қорлары адамның күнделікті өндірістік, ғылыми, білім және қыөметтің басқа түрлері қазіргі технологиялық деңгейде қатысады. Ақпараттың бағалылығы және қазіргі қоғамның өмірінде ақпараттық қызмет көрсетудің салмақты үлесі өте қарқынды өсті. Бұл ақпараттандыру процесінде негізгі рольді материалдық бағалықтарды өздігінен өндірмейтін ақпарат атқарады. Ақпарат деп – нақты берілгендер туралы мәліметтерді түсіну және олардың арасындағы тәуелділіктер туралы білімдер жиыны, яғни қоғам өзін мойындауға және бүтін бөлігі ретінде функционалдай алатын құрал болып табылады. Ақпарат ғылыми түсінікті, оны түсіну және игеру мүмкіндігі, ақпараттан алынатын берілгендер нақты, қазіргі ғылыми деңгейге сәйкес болуы керек.
Ақпаратандыру кезеңінің қоғамы қоғамдық өнім ретінде ақпаратты белсенді қолдану процесін сипаттайды. Осымен байланысты бұл қоғамның мүшелерінің өмірлік қызметінің барлық жақтарына әсер ететін жоғары ұйымдастырылған ақпараттық ортаны қалыптастырып өтеді.
Ақпараттық орта көптеген ақпараттық сандарды, олардың арасындағы байланыстарды, ақпаратты жинау, тасымалдау, өңдеу және тарату құралдарымен технологиясын, яғни білімдерді, сондай – ақ ақпараттық процестерді қолдайтын ұйымдастырушылық және заңды құрылдымдарды өзіне қосады. Қоғам ақпараттық жүйені жасай отырып, бұл жүйеде функциялайды, өзгертеді және оын жетілдіреді. Қазіргі ғылыми зерттеулер көрсеткеніндей, қоғамның ақпараттық ортасын жетілдіру өндірістік күштерді дамытудың прогрессивті тенденцияларын қалыптастыруды білім беру сфераларын қоса алғанда қоғамның барлық сфераларында мүшелер қызметінің интеллектуализация процестерін, қоғамдық өзара қарым – қатынастар мен байланыстар құрылымын өзгертуді көрсетеді.
Білім беру сферасында көрініс табатын прогрессивті қоғамдық дамудың жаңа мүмкіндігін ашатын технологияларды, әдістерді және құралдарды қалыптастырудың негізгі бірқатар бағыттарды бөліп алу қажет:
- пәндік облыстардың математизациясы және ақпараттандырылуы: математика аппаратының мүмкіндігін іске асыру кезінде қазіргі ақпараттық технологияларды қолданады. Бұл математикалық статистикаға да қатысты, ақпаратты өңдеу процесстерін, ғылыми тәжірибенің нәтижесін автоматтандыруға, математика құрал – саймандарын әлеуметтік зерттеулерде қолдануға мүмкіндік береді. Математизация адам немесе ЭЕМ – мен шешім қабылданатын процесінің барлық кезеңдерінде қабылданатын шешімдердің сапасын көп факторлы сараптама, болжалдау, модельдеу және нұсқаларды бағалау, тиімді жоспарланудың қазіргі әдістерін қолдану есебінен жоғардлату мүмкіндігін береді. Бұл ғылыми негізделген сәйкестіктерді нақты жағдайда тиімді шешім қабылдауда әртүрлі пәндік облыстарда мәселелерді шешу процесінде информатиканың құралдарын және әдістерін қолдану.
- қызметтің интеллектуализациясы: қазіргі ақпараттық технологиялардың техникалық және программалық құралдарының мүмкіндігін іске асыру: ақпарат ағындарымен басқаруды қамтамасыз ету; қолданушымен табиғи тілде қарым – қатынаста болып, бейнелер және жағдайдың танылуын іске асыру, оларды жүктеу; логиканы дәлелдеулерге тиімді үйрету; білімдерді жинау және қолдану; жеке түрде білім алу бойынша қызметтің әртекті қалыптарын ұйымдыстыру; зерттелетін заңдылықтың «микрожаңалығын» іске асыру.
интеграциялық процесстер:
қазіргі ақпараттық технологиялардың операционалдық технологиялармен интеграциясы жүйелі тиімділікті қамтамасыз етеді, мұның әсерінен педагогикада орын алатын «технологиялық жаңалық» іске асады. Сонымен қатар, қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану қоршаған ақпараттық, экологиялық, әлеуметтік ортаны тануды процесінің жалпы интеграциондық тенденцияларын қолдайды, оқу процесінң жеке түрде игерілу мүмкіндігін іске асыруға ықпал етеді. Білім беру процесінің тиімділігін қамтамасыз етеді.
Оқу облысындағы ақпараттық ортаны жетілдіру, дамыту жалпы және жекелей түрде алғанда жаңа ақпараттық технология құралдарымен қызмет жасауды ұйымдастыруға арналған арнайы білім беру мекемелерінің бөлімшелеріне тәуелді.