Семинар сабағын ұйымдастыру
|
Н 15/38-2/020-2020
1 баспа 25.06.2020
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
«Мұғалімнің кәсіби бағдары»
пәнінен семинар – практикалық сабағын ұйымдастыру
Семинар сабағын ұйымдастыру әдістемесі.
Қазіргі кезде қоғамымызда болып жатқан үлкен өзгерістер өскелең, ұрпақтың шығармашылық қабілетін, тереңде, жан-жақты ойлай білу, ойын толық жеткізе білу қасиеттерін дер кезінде аша білу, оқытылатын пәнге деген нағыз қызығушылығын тудыру мәселесі оқу орнының алдында тұрған өзекті мәселелердің қатарынан орын алады.
Семинар сабағы қазірде алынған білімдерді пысықтау формасы ғана емес, ол сондай-ақ тындаушының өз бетінше ізденуінін, мәселені талдай алудын ең, алғашқы дағдыларын қалыптастыру, ойлау кабілетін мазмұнды түрде одан ары шындай түсу сияқты мәселелерді қамтиды. Семинар сабағы әрбір тақырыпта мәселені зерттей алатын жүргізуші және пәннің атап айтқанда, тарих пәнінін, осы немесе өзге мөселелермен тікелей айналысатын, ғылым саласын жетік білетін оқытушы арқылы жүргізілетін практикалык сабақтың бір түрі. Семинар сабағында сондай-ақ дәріс тыңдау нәтижесінде және берілген негізгі әдебиеттермен өз бетінше жұмыс жасау арқылы кол жеткізген білімді қорытындылайды. Сабақ өтізу барысында оқытушыға сөйлей білу, өз ойын еркін жеткізе алатын және қорытынды жасау арқылы ол тындаушының, көзқарасын, білімі мен мағлұматын, талдау жасай алу деңгейін байқауға, тыңдаушы өз бетінше дайындық сағатгарында игерген теориялық білімінің дұрыстығын, өз қорытындыларының қиысындылығына көз жеткізуге, осы мәселе бойынша мағлұматтарды молынан алуға мүмкіндік береді.
Жоғарғы оку орындарында гуманитарлық пәндерден жүргізілетін семинар сабақтарының көптеген формаларын қарастыруға болады. Солардың арасында біз семинар сабағын терең, кең, ауқымдағы мазмұнды әңгіме түрінде өткізу формасына тоқтауымызға болады.
Кеңейтілген әңгіме-семинар сабағының ең, кең тараған формаларынын бірі деп карауға болады. Ол бәріне бірдей көрсетілген міндетті түрдегі және қосымша әдебиеттер арқылы тындаушылардың сабақтың жоспарының әрбір көрсетілген сұрағына толықтай дайындығын талап етеді; тындаушының өз оқу тобының алдында жауап беруі және олардың мәселені жан-жақты ашуға атсалысуы, өз пікірлерін білдіруі және өздерінің көзқарастарын қорғай алуы, т.б. қол жетеді. Семинар сабағын осы кеңейтілген әңгіме түрінде өткізу мәселені талқылауда тыңдаушылардың көпшілігін әңгімеге қатыстыруға мүмкіншілік береді, бұл жерде әрине олардың сондай-ақ сабақтағы белсенділігін көтерудің барлық мүмкіншіліктерін қолдануға тиімді. Семинар сабағында сөйлеген әрбір тындаушыға және бүкіл топқа алдын-ала дайыңдалып, негізделген және жүйеленген сұрақтар қою, семинар сабағын айтып тақтаға шыққан өз әріптестерінің күшті және әлсіз жақтарына тыңдаушылардың назарын аудару, дер кезінде оған нұсқау беріп, түсініктемелер жасау, дер кезінде түзету енгізіп отыру, оку үрдісі барысында әрбір жаңа деректерге тындаушылардың ерекше көңіл бөліп отыруы, тыңдаушылар тарапынан кейде естіліп қалатын тың ойларды да уакытында ескеріп, оны көтермелеп отыру және т.б. жатады. Бұл семинар сабағын өткізудің түпкі негізіне топ тыңдаушыларының басым бөлігін тікелей қатыстыру принципі жатады, бұл міндет сабақ, өткізуші оқытушыға әрбір тыңдаушыны әңгіме-семинар сабағының тікелей қатысушысы, семинар сабағының алдына қойылған міндеттерді шешу жауабын бірге іздеуге қатысушы ретінде қабылдауды жүктейді.
Әр бір сабақтың да басты мақсаты: осы тақырып бойынша алынған білімдерді меңгеріп, оны жан-жақты сіңіре білу, тындаушылардың танымдық белсенділігін арттыру, оларды ғылыми пікірталас тудыруға үйрету, өздерінің көзқарастарын нақты деректермен, дәлелдермен қорғай алуы және көпшілік алдында сөйлей алу шеберлігін шындай түсу.
Сабақты өткізер алдында алдын-ала дайындық жұмысы жүргізіледі. Бұл үшін семинар сабағының тақырыбы, жоспары, қарастырылатын негізгі талас тудыруы мүмкін, сұрақтар, әдебиетгер тізімі факультет бойынша алдын-ала топтарға оку-әдістемелік кешен түрінде тапсырылып берілсе де, косымша түрде кеңейтілген әңгіме түріндегі семинар сабаының мәні мен мақсатын, алға койылатын сұрақтар барысы, осы тақырып бойынша белгілі пікірлердің төңірегінде өз ойларын білдіру, соның нәтижесінде белгілі бір ортақ пікірге келу сияқты міндеттер жүктеледі.Семинар сабағына топтың барлық тыңдаушылары қатысады.
Достарыңызбен бөлісу: |