1. Асқазан, ұлтабар жара ауруының себептері; а психоэмоциялық факторлар



бет2/5
Дата27.06.2023
өлшемі26,98 Kb.
#103582
1   2   3   4   5
Байланысты:
тема 11

Нәжісті копрологиялық зерттеуге.


Әзірлеңіз:аузы кең, таза, құрғақ, шыны ыдысты, ағаш немесе шыны таяқша, ағаш шпатель, жолдаманы толтырып және дәріханалық резеңкемен ыдысқа бекітіңіз.


Нәжісті копрологиялық зерттеуге
жолдама үлгісі.



Жолдама
Клиникалық лабораторияға
Нәжісті копрологиялық зерттеу
Науқастың аты-жөні__________________
Бөлімше ___________ палата №
Күні__________
Қолы__________





Алгоритм іс әрекеттері: 1.Науқасқа зерттеудің мақсатын, нәжісті жинау ретін зерттеу қарсаңында кешкісін айтып түсіндіріңіз: «Сіз үлкен дәретке отырғаннан кейін бірден таяқшаны алып нәжістің әр жерінен 5-10 гр нәжіс алып, мына ыдысқа саласыз, нәжіске су, зәр араласып кетпеуін қадағалайсыз. Содан соң ыдыстың қақпағын жауып, санитарлық бөлменің еденінде тұрған арнайы қорапқа қалдырасыз».
2.Зерттеу қарсаңында науқасқа жолдама жапсырылған ыдысты беріңіз.
3.Жиналған нәжісті клиникалық лабораторияға жеткізіңіз.
4.Алынған анализ нәтижесін науқастың ауру тарихына желімдеңіз.
Ескерту: 1.Клизманы, балауызды қойғаннан кейін, темір, барий, висмут дәрілерін қолданғаннан кейін, асқазанды рентген зерттеуден өткізгеннен кейін нәжісті копрологиялық зерттеу өткізілмейді.
2.Таяқшаны немесе ағаш шпательді өртеп жібересіз.


Асқазанды фракциялы зондылау.
Мақсаты:
- асқазан сөлі қышқылын анықтау;
Әзірле:

  • асқазан зонды;

  • резеңке қолғап;

  • 39-40º қырыққабат қайнатпасы;

  • орамал;

  • қайнаған су;

  • № 0-9 номерленген 10 пробиркасы бар штатив;

  • асқазан жуындысына арналған ыдыс;

  • жолдама;

  • лоток;

  • қысқыш.

  1. анасына жасалынып жатқан шараның қажеттілігін түсіндір.

  2. қолыңды жуып кептір, қолғап ки.

  3. баланы көмекшінің алдына отырғыз.

  4. көмекші баланың аяғын өзінің аяғының арасына ұстайды, қолдарын сол қолымен қамтып, басын оң қолымен бекітеді.

  5. асқазан зондын құлақ ұшынан мұрын ұшына дейін және төс сүйегінің семсер өсіндісіне дейін өлшеп алып белгі қой.

  6. зондтың тұйықты ұшын сула.

  7. баланың аузын қалақша арқылы аш (қалақшаны қалам сияқты ұста), тілдің түбіне бас.

  8. оң қолдың сұқ саусағымен зондты тілдің ортаңғы сызығы бойымен енгіз.

  9. балаға аузын жауып, терең дем алып, жұтыну қимылын жасат.

  10. жұтыну қимылы кезінде зондты белгіленген жеріне дейін енгіз.

  11. баланы ішімен жатқыз, орамалды сілекей жиналу үшін ауыз астына қой.

  12. зондтың бос ұшын №0 пробиркаға салып асқазан бөліндісін жина.

  13. бөлінді тоқтағаннан кейін зондқа қысқыш сал.

  14. 15 минуттан кейін қысқышты ашып №1 пробиркаға салып асқазан бөліндісін жина.

  15. осылайша №3, №4 пробиркаға асқазан бөліндісін жина.

  16. асқазанға жылы қырыққабат қайнатпасын зонд арқылы енгізіп 15 минутқа зондты қысқышпен қысып қой.

  17. 15 минуттан кейін қысқышты ашып №5 пробиркаға салып асқазан бөліндісін жина.

  18. зондты қысқышпен қысып қой.

  19. 15 минуттан кейін қысқышты ашып №6 пробиркаға салып асқазан бөліндісін жина.

  20. зондты қысқышпен қысып қой.

  21. осылайша №7, №8, №9 пробиркаларға асқазан бөліндісін жина.

  22. тез қимылмен зондты орамал арқылы шығарып лотокқа таста.

  23. барлық қолданылған құралдарды дезерітіндіге сал.

  24. қолғабыңды шеш, дезерітіндіге таста.

  25. қолыңды жуып кептір.

  26. жолдама жазып 2 сағат ішінде биксте лабораторияға жібер.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет