Алгоритм іс әрекеттері: 1.Науқасқа зерттеудің мақсатын, нәжісті жинау ретін зерттеу қарсаңында кешкісін айтып түсіндіріңіз: «Сіз үлкен дәретке отырғаннан кейін бірден таяқшаны алып нәжістің әр жерінен 5-10 гр нәжіс алып, мына ыдысқа саласыз, нәжіске су, зәр араласып кетпеуін қадағалайсыз. Содан соң ыдыстың қақпағын жауып, санитарлық бөлменің еденінде тұрған арнайы қорапқа қалдырасыз».
2.Зерттеу қарсаңында науқасқа жолдама жапсырылған ыдысты беріңіз.
3.Жиналған нәжісті клиникалық лабораторияға жеткізіңіз.
4.Алынған анализ нәтижесін науқастың ауру тарихына желімдеңіз.
Ескерту: 1.Клизманы, балауызды қойғаннан кейін, темір, барий, висмут дәрілерін қолданғаннан кейін, асқазанды рентген зерттеуден өткізгеннен кейін нәжісті копрологиялық зерттеу өткізілмейді.
2.Таяқшаны немесе ағаш шпательді өртеп жібересіз.