«Мен балалық шағымда армандадым.........» жаттығуы: Бір біріне допты лақтыру арқылы балалық шағындағы армандарымен бөліседі.
Қорытынды
Жаттығу: «Тілек шамы». Мақсаты: тренинг туралы пікірлерді ортаға салу
Құрметті ата - аналар! Біз сіздермен жанұядағы ата - ана мен бала арасындағы қарым - қатынасын түрлі жақтарын тануға, жан - жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшақ ұя - жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір - бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір - бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.
Өмірдің өтпелі қиын кезеңінде ұл - қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет деп бүгінгі жиналысымызды аяқтағалы отырмыз