1 ата-аналар жиналысы жоспары Тақырыбы



бет1/4
Дата20.12.2023
өлшемі27,72 Kb.
#141455
  1   2   3   4
Байланысты:
ата-аналар жиналысы жоспары


Мемлекеттік мекеме
№3 жалпы орта білім беретін мектебі

1 ата-аналар жиналысы жоспары


Тақырыбы: «Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас»
7 «а» сыныбы

Сынып жетекші: Аймангалиева А.К.


2021-2022 оқу жылы
Тақырыбы: «Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас»

Мақсаты:қазіргі кездегі баланың дамуына,жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып,тиімді қарым-қатынас орнату.
Міндеттері:ата-аналардың мектеппен,мұғаліммен тығыз байланысын арттыру,балаларды білімге,мейірімділікке,ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету.Бала тәрбиелеу саласының аз да болса жоғарылауына ықпал ету.
Қажетті құрал жабдықтар:үлестірме қағаз,А4 формат,қалам.

Әдістері: пікір алмасу,сұрақ-жауап,психологиялық жаттығулар.
Жоспары:

  1. Кіріспе сөз.

  2. Танысу жаттығуы

  3. Баяндама «Ата-ана махаббаты»

  4. Баланың оқу үлгерімі. Пән мұғалімдерімен байланыс

  5. Мектеп психологы кеңесі

  6. Қызықты ойындар, ситуациялық сұрақтар

  7. Қорытынды сөз


Жиналыс барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Ата аналарды отырғызу

  1. Кіріспе сөз.

Ұлағатты ұстаздар, ардақты ата - аналар! Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата - ана мен мектеп. Болашақ десек те, келешек десе де бала - ұрпақ деген мағынаны білдіреді.
Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу.
Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» - демеп пе еді. Осыған орай бүкіл ата - ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата - аналар іс - жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат.
Бүгінгі өтіп жатқан «Ата-ана мен бала қарым-қатынасын нығайту» атты тренингімізге қош келдіңіздер!
Ең біріншіден сіздермен жақсылап танысып алсақ!



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет