1. Атауы: Аксолотльдің бауыры Бояуы: Гематоксилин-эозин. Х 400



бет46/69
Дата19.09.2023
өлшемі371,61 Kb.
#108435
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   69
Байланысты:
1. Атауы Аксолотльдің бауыры Бояуы Гематоксилин-эозин. Х 400-emirsaba.org

5.Эозинофильді гранулоцит Жалпы лейкоциттер санының 0,5-5 % құрайды.
Жағындыда d=12-14 мкм, ал тамшыда d= 9-10 мкм. Эозинофильдердің ядросы
әдетте бір бірімен байланысқан 2 сегменттен тұрады. Цитоплазмасында
органеллалары бар- Гольджи жиынтығы (ядро маңында), аздаған митохондриялар,
актинді филаменттер және плазмолемма астында гранулдар (200) орналасады.
Функциясы: аллергиялық және анафилактикалық реакцияларға қатысады,
антипаразитарлық қызмет. Тіршілік ұзақтығы: 4-12 тәулік.
6.Базофильді гранулоцит Жалпы лейкоциттер санының 0-1 % құрайды.
Жағындыда d=11-12 мкм, ал тамшыда d= 9 мкм. Базофилдердің ядролары
сегменттелген, 2-3 бөліктен тұрады; цитоплазмасындаорганеллалары бар (ЭПТ,
рибосомалар, Гольджижиынтығы, митохондриялар, актиндіфиламенттер.
Құрамында спецификалық ірі метахроматикалық гранулдар бар (400), әдетте бұл
гранул дар ядроны жауып тұрады, олардың көлемі 0,5-1,2 мкм. Тіршілік ұзақтығы:
4-12 тәулік. Спецификалық гранулдардың құрамында пероксидаза, гистамин,
гепарин, АТФ, нейтрофилдер мен эозинофилдердің хемотаксис факторы жәнет.б.
бар.



Гранулдардың бір тобы лизосомалардың модифицирленген түрі болып табылады.


Одан бөлек азурофильді гранулдар (лизосомалар) да бар. Базофилдер, дәнекер
тіннің лаброциттері сияқты, гепарин мен гистаминді ӛңдіреді және қанның ұюы
процесстерін және қантамыр қабырғасының өткізгіштігін реттеуге қатысады.
Базофилдер организмнің иммундық реакцияларға да қатысады.
7.Тромбоциттер, адам қанында ұсақ, түссіз денешіктер түрінде болады, пішіні екі
жағы дӛңес диск тәрізді немесе сопақша, ұршық тәрізді болып келген, ӛлшемі 2-4
мкм құрайды. Тромбоциттер сүйектің қызыл кемігіндегі гигантты – мегакариоцит
жасушаларының цитоплазма фрагменттері (үзінділері) болып табылады. Қан
жағындысын азур II-эозинмен бояған кезде тромбоциттердің ашық түсті
перифериялық бӛлігі -гиаломер және күңғірт түсті, түйіршікті бӛлігі - грануломер
анықталады, олардың құрылымы мен бояуы жетілу дәрежелеріне байланысты түрлі
болуы мүмкін. Тромбоциттердің 5 негізгі түрлерін ажыратады: 1) жас (1-5 %); 2)
пісіп жетілген (88 %); 3) ескі (4 %); 4) дегенеративті (до 2 %); 5) гигантты түрлері –
ӛлшемі 4-6 мкм (2 %). Жас тромбоциттерде гиаломер кӛк түске (базофильді), ал
пісіп жетілгендерді – қызғылт түске (оксифильді) боялады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет