Алматы қаласы, Алатау ауданы,
Зерделі ықшам ауданы
№182 жалпы білім беретін мектептің
7 «Д» сыныбының оқушысы
Есенмұрат Ақниет Рақымжанқызына
Жанкарашева Гулдераим Шыктыбаевнадан
Мінездеме
Алматы қаласы, Алатау ауданы, Зерделі ықшам ауданы №182 жалпы білім
беретін мектептің 7 «Д» сыныбының оқушысы Есенмұрат Ақниет Рақымжанқызы сыныптың топ басшысы, сынып үздігі, ашық- жарқын, өте аққөңіл, белсендi, сыныптастарының арасында беделі бар оқушы. Мектеп шараларына белсендi қатысып қана қоймай, сабақты да өте жақсы оқиды. Әрқашан тапсырмаларды тез орындайды. Сонымен қатар, мектептің қоғамдық іс-шараларына белсене қатысады. Сыныптан тыс үйірмелергеде қатысады.
Ақниет толық отбасында тәрбиеленедi, ол ата - анасына үй шаруасында көмектеседі. Жалпы, Ақниет сыныптастары мен мұғалімдердің кұрметiне бөленiп жүрген оқушы. Оқу барысында, білім деңгейi көрсеткіші орташа болса да, бұл оқушының жалпы білім деңгейі жоғары, себебі Ақниет көп кітап оқығанды ұнатады, өз білімін жан жақты жетілдіреді. Отбасында тұңғыш бала, бауырларын катты жақсы көреді, ата-анасының тiлiн алғыш, олардың айтқандарын тыңдайды. Ең алғаш сыныпқа сабақ берген кезімде осы білімділігімен, жауапкершілігімен, белсенділігімен көзге түскен оқушылардың бірі болды. Ақниет болашақта үлкен белестерден көрінеді деп сенемін, себебі ол өз алдына анық мақсат қоя біледі. Болашақта білікті маман иесі болуды армандайды, арманы орындалуына тілектеспін, өйткені ол өте бiлiмдi және тәрбиелі оқушы.
Өндірістік іс-тәжірибеден өтуші: Жанкарашева Г.Ш.
Алматы қаласы, Алатау ауданы,
Зерделі ықшам ауданы
№182 жалпы білім беретін мектептің
7 «Д» сыныбына
Жанкарашева Гулдераим Шыктыбаевнадан
Мінездеме
Алматы қаласы, Алатау ауданы, Зерделі ықшам ауданы №182 жалпы білім
беретін мектептің 7 «Д» сыныбында 27 оқушы бар. Оның ішінде 16 ұл бала, 11 қыз бала. Сынып жетекшісі – Амреева Лаура Жумашовна. Материалдық жағынан жеткiлiктi қамтылған. Сынып оқушылары ұйымшыл, бiр-бiрiмен жаксы араласады. Сыныптың жалпы танымдық бағыты орташа. Сыныптың білім деңгейі: 1 оқушы - үздiк, 8 оқушы - жаксы, 18 оқушы - канағаттандырарлыктай. Сынып информатика жағынан өте бiлiмдi. Информатика сабағына келгенде алдарына жан салмай бiр-бiрiмен жарысып сабақ орындайды.
Үйiрмелерге қатысу жағынан оқушылар өте белсендi. Оқушылар музыка мектебiнде, домбыра мен биге, воллейболға және футболға қатысады. Сыныптан тыс жұмыстарды сынып жетекшiсiнiн көмегiмен көбiнесе сынып топ басшысы мен тәрбие секторы ұйымдастырады. Барлығын жоспарлап алғаннан соң әрбiр оқушыға тапсырмаларын бөліп беріп, орындалуын қадағалап отырады. Тапсырманы әр оқушының бейiмдiлiгiн, жеке-дара ерекшелігін ескере отырып бөледi. Сынып iшi топ-топқа бөлiну, бiр-бiрiмен араласпай жүру сияқты жаман қылықтардан аулақ. Оқушылар ұйымшыл, бiр-бiрiмен өте жақсы араласады. Сабақ үстiнде бiр-бiрiне үнемi көмектесіп отырады. Бiрiншi сыныптан бастап бiрге оқып дос болып келе жаткан оқушылар да бар. Сыныптағы ұлдар мен қыздар арасындағы қарым-қатынас жақсы. Көбінесе ұлдар қыздарды сыйлап отырады. Оқудан тыс өмiрде оқушылар киноға, театрға, саябаққа барады. Кейде сынып жетекшiсiмен бірге бүкіл сынып болып қыдырады, кейде өздері ұйымдасып барады. Сынып оқушылары сыныптан тыс жұмыстарға белсене, бiрiгiп ұйымдастырып, құштарлана қатысады.
Достарыңызбен бөлісу: |