1.Атауы: Аксолотльдің бауыры
2.Бояуы: Гематоксилин-эозин. Х 400
3.Боялуының толық түсінігі: жасушалардың ядролары гематоксилинмен
көк түске боялған, ал жасуша цитоплазмасы эозинмен яғни қызғылт түске
боялған. Жалпы, гематоксилин негіздік бояу болып табылады. Боялу
қабілетін базофилия деп атайды,ал олармен байланысып, көк немесе күлгін
түске боялатын жасуша құрылымдары - базофильді деп аталады. Эозин -
қышқылдық бояу болып табылады. Боялу қабілетін оксифилия деп аталады.
Бояуды сіңіріп қызғылт немеме қызыл түстес реңдерге боялатын
құрылымдар оксифильді немесе ацидофильді деп аталады. Жасуша
цитоплазмасының ацидофильді боялатын құрылымдары митохондрия, сілтілі
ақуызды секреторлық гранулдар, эритроциттердің сілтілі ақуызы-гемоглобин
т.б жатады.
Достарыңызбен бөлісу: