1) Тін: Пластиналы сүйек тіні
2) Бояу әдісі: тионин-пикрин қышқылы
3) Тіндер құрылысы боялуының толық түсінігі: тионин жасыл, ал пикрин
сары және қызыл қоңыр түске бояйды
4) Құрылыс ерекшелігі: Пластинкалық сүйек тінінің ең қарапайым
құрылымдық-функциялық бірлігі - сүйек пластинкасы немесе табақшасы.
Әрбір сүйек пластинкасы остеоцит жасушалары мен
ЖАЗ құрылған,
қалыңдығы 3-10 мкм сүйек тінінің қабаты болып табылады. Пластинкалы
сүйек тінінің жуан талшықты сүйек тінінен өзгешелігі: - коллагенді
талшықтардың (Са тұздарын сіңіретін) ретті (параллельді) орналасуы. Бір-
біріне тығыз жанасқан сүйек пластинкаларының арасындағы сүйек
лакуналарында остеоциттердің денелері орналасқан, ал өсінділері сүйек
өзекшелерінде оргаласқан. Көрші сүйек пластинкаларында коллагенді
талшықтар бір-біріне қатысты бұрыштап орналасқан және олардың бір бөлігі
бір сүйек табақшасынан өтіп жалғасады. Сүйек пластинкаларының мұндай
құрылымы және коллаген талшықтарының мөлшері негізгі аморфты затқа
қарағанда үстем болуы пластинкалы сүйек
тінінің жоғары беріктігін
анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: