1) Тін: Жасушаішілік торлы аппараттың (Гольджи кешені) ультрақұрылысы.
1 – гамма-цитомембрана; 2 – вакуольдер
2) Бояу әдісі: схема
3) Құрылыс ерекшелігі: Жарық
микроскобы арқылы зерттегенде, Гольджи
комплексі, әдетте ядроның жанында орналасқан қоңыр түсті тор, кейде
қабықшақтар, таяқшалар немесе түйіршіктердің жиынтығы түрде көрінеді.
Негізгі құрылымдық элементтері жалпақша келген мембраналық қапшалар -
цистерналардан және
оларды қоршаған, ұсақ транспорттық көбікшелер мен
ірі вакуольдерден тұрады.
4) Функция: Жасушаның секрециялық кезеңінде жетілуі, конденсациясы,
өнімдерді жинақтауы, секреторлық көбікшелердің, сонымен қатар
лизосомалардың түзілуі.
Достарыңызбен бөлісу: