№1 сабаққа таратылатын материал Сабақ тақырыбы: Физиологиялық зерттеу әдістері. Қозғыш тіндерді тітіркендіру әдістері. 1. Ауызша сұрау: 1. Физиология пәні, басқа ғылымдармен байланысы, медицинадағы маңызы.
2. Физиология тарихы. Физиологияның дамуындағы шетелдік және отандық ғалымдардың рөлі.
3. Бүкіл организмнің жұмыс істеуінің жалпы принциптері: корреляция, реттелуі, рефлекс және өзіндік реттелуі.
4. Функционалды жүйелер және гомеостаз. Кері афферентация.
Практикалық жұмысты орындау Физиология - тәжірибелік ғылым, және оның жоғарғы оқу орындарында оқытылуы міндетті түрде студенттермен лабораториялық жұмыстарды орындауымен жүргізіледі. Тәжірибелік жұмыстардың орындалу барысында студенттер дәрісте баяндалған қағидалық негіздерді тікелей дәлелдейтін мәліметтер алады. Ұсынылған есептің негізі - жұмыстарға енгізілген арнайы қызметтік салмақтар бойынша қызметтің статистикасы емес, динамикасында болып табылады.
Тәжірибе және клиникада түрлі құрал-жабдықтарды қолданумен физиологиялық қызметтерді зерттеу кезінде өзіндік жүйелер түзіледі. Оларды екі топқа бөлуге болады:
Өмір әрекетіндегі түрлі көріністерді және табылған нәтижелерді тіркеу жүйесі.
Ағза немесе оның құрылымды-қызметтік бірлігіне әсер еткен әрекеттерге арналған жүйе.
Физиологияның зерттеу әдістері: Бақылау әдістер- Физиологиялық құбылыстарды қалыпты жағдайда және әр түрлі әсерлерден кейін қадағалауға мүмкіндік береді. Тірліктік әрекеттер жылжымалы болғандықтан, бұл әдетте, 2-3 үрдісті қамти алады.
Тіркеу әдістер-Физиологиялық құбылыстарды механикалық және электрлік тәсілдермен жазып алады.
Тітіркендіру әдістер- Тірі құрылымдардың, ағзалар мен тіндердің күйін өзгерту мақсатымен механикалық ( кесу, түйреу), биологиялық (егу, уландыру), химиялық(тұздар, қышқылдар, дәрілер), физикалық (дыбыс, сәуле, электр ағыны, температура, т.б.) түрткілердің әсерін қолданады.
Электрофизиологиялық әдістер-Қозғыш тіндер мен ағзалардың электрлік құбылыстарын және әртүрлі электрлік емес көрсеткіштерді (ультрадыбыс, электромагнит толқындары, т.б.) тіркегіш мен күшейткіштер қолданып осы амалмен тіркейді.
Өткір тәжірибе әдістер-Жануарларға вивисекция (тәнтілу), олардың мүшелерін, ағзаларын, тіндерін оқшаулау тәсілдерін жасайды.
Созылмалы әдістер- Жануарларға тірідей операция жасап, олар жазылғаннан кейін ұзақ уақыт бақылайды. Бұл әдісті физиологияға алғаш енгізген И.П. Павлов болатын, сөйтіп ол организмді бөлшектеп қараудың (анализ) орнына, біртұтас жүйе ретінде (синтездік) тексеруге мүмкіндік жасады.
Экстирпация- Ағзаны, мысалы, белгілі бір ішкі секреция безін алып тастау (экстирпациялау) оның жануардың әртүрлі мүшелері мен жүйелеріне әсерін анықтауға мүмкіндік береді.
Томографиялық әдіс - Молекулярлық деңгейде физиологиялық процестердің механизмдерін түсіндіру үшін ядролық магниттік резонансты қолдану өте маңызды.
Аспаптық әдістер- Физиологиялық зерттеулер нәтижесінде медицинаға әртүрлі үрдістерді тексеру, ауруларды анықтау (диагноз) және емдеу (терапия) үшін арнайы аспаптар ұсынады.