«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бәйтерек ауданы білім беру бөлімінің «Махамбет жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
3
Ғылыми дәрежесі, дәрежесі, лауазымы
Математика пәні мұғалімі «Педагог-сарапшы»
4
Мекен-жайы, байланыс телефоны,
Бәйтерек ауданы, Махамбет ауылы, Мектеп 4/1 +77475400520
5
Мақала тақырыбы
Қарқын тәсілі арқылы дарынды балалармен білім шыңына жету
6
Секция
Білім беру нәтижелерін бағалау: ынталандырудан саралауға дейін
Сұраныс Қарқын тәсілі арқылы дарынды балалармен білім шыңына жету
Кіріспе
«Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан оны оқу керек» М.В. Ломоносов Егер мұғалім күнделікті сабақта оқушыға тапсырманы күрделендіріп беріп, бағыт-бағдар көрсетіп отырса, оқушы бұл тапсырманы орындағанда оқулық материалымен шектеліп қана қоймай, өзінің бойындағы барлық қабілетін аша отырып, ойланып, ізденіп жауап береді. Және де деңгейлік тапсырмалар беру арқылы- оқушының қабілетінің шарықтау шегін, танымдық сұрақтар беру арқылы – оқушының жан-жақты ойлау қабілетін, теориялық тапсырмалар беру арқылы- тақырыпты меңгеру қабілетін, венн диаграммасы арқылы – салыстыру қабілетін, ал тест әдісін қолдана отырып оқушының есте сақтау қабілетінің деңгейін анықтауға болады. Сонымен бірге сабақта қарқын тәсілін қолдану оқушының өз білімін шыңдауға, дәлелдеуге, өз уақытын тиімді жұмсауға, өз бетінше жұмыстануға дағдыланады.