62. Дүние жүзінде жылына 30 млн тоннаға жуық сутек өндіріледі. Бұл куб метрге шағып есептегенде қанша болады?
63. Бірдей жағдайда 1 л сутек, 3 л аммиак және 2 литр ауа алынды. Алынған газдардың молекула мөлшерін көрсететін сандық қатынасы қандай?
64. Адам жайлап тыныс алғанда шамамен 0,5 л ауа жұтады екен. Ауаның құрамындағы азот, оттек, көмірқышқыл газдарының көлемдік үлестерін ескеріп бір жұтым ауамен бірге әр газдан: а) қандай көлемнен; ә) қанша молекуладан жұтатынымызды есептеңдер
65. 2м3метан (қ.ж.) жаққанда атмосфераға көміртек диоксидінің қандай көлемі тарайды?
СН4+2О2= СО2+ 2Н2О 1) 2 м3=2000 (л). Зат мөлшері (СН4)= зат мөлшері (СО2)-реакция теңдеуінен (n)CH4 : (n)CO2 =1:1.
2) (n)CH4=2000 л : 22,4 л/моль=89,28моль----> n (СО2)=89,28моль
3) Көлем (СО2)=(n) x Vm=89,28моль х 22,4л/моль=2000(л)
немесе біз бірінші әрекетті қалдырамыз. Өйткені, СН4 және СО2 газдардың зат мөлшері бірдей, сондықтан көлемдер тең болады. Көлемі ----- > (СО2)=көлемі (СН4) және 2000л (2 текше метр).
66. Теңіз суының 1 литрінде шамамен 27 г натрий хлориді, 0,7 г калий хлориді, 3,3 г магний хлориді, 2,0 г магний сульфаты, 1,4 г кальций сульфаты болады. Теңіз суының 3 литрін буландырғаннан кейінгі қалдықты концентрлі күкірт қышқылымен өңдегенде түзілетін хлосутектің массасын есепте.
Берілгені: V(H2O) = 1 л
m(NaCl) = 27 г
m(KCl) = 0,7 г
m(MgCl2) = 3,3 г
m(MgSO4) = 2,0 г
m(CaSO4) = 1,4 г
Т/к m(HCl)-?