α – ыдырау радий ядросы α–бөлшек шығарады. Осы кезде қандай ядро пайда болды?
Тыныштықта тұрған радонның ядросы α–бөлшек шығарады. Радонның ядросы қандай ядроға айналды?
Полоний ядросы қорғасынға айналады. α–бөлшектің және серпілу ядросының кинетикалық энергиясын табу керек.
Радиактивті ыдырау кезінде радий атомынан ұшып шығатын α– бөлшектің кинетикалық энергиясы 4,78 МэВ. α–бөлшектің жылдамдығын табыңыз.
Радиактивті ыдырау кезінде радий атомынан ұшып шығатын α– бөлшектің кинетикалық энергиясы 4,78 МэВ. Бөлініп шығатын толық энергияны анықтаңыз.
1 кюри радон бір сағатта қанша жылу бөліп шығарады? Радоннан ұшып шығатын α – бөлшектің кинетикалық энергиясы 5,5 МэВ.
изотопын протондармен атқылаған кезде екі α–бөлшек пайда болады. Әр α–бөлшектің түзілу мезетіндегі энергиясы Тα = 9,15 МэВ. Атқылаушы бөлшектің энергиясы қандай?
изотопынан үш α – ыдырау және екі β- - ыдыраудан кейін қандай изотоп пайда болады?
Ядросы 5,46 МэВ энергияға тең α –бөлшек шығарып, полоний изотопы ядросына айналатын атомның массасын анықтау керек.
Егер шығарылатын α–бөлшектердің кинетикалық энергиясы 5,3 МэВ және барлық туынды ядролар негізгі күйде түзілетін болса, 1 мг радий препараты, орташа өмір сүру уақытына тең уақытта қанша жылу бөледі.