1. Атомдық ядролардағы заттың тығыздығын бағалаңыз


Өз бетімен шығару үшін есептер



бет26/27
Дата17.04.2022
өлшемі1,11 Mb.
#31276
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
семинар2

2.4.3.Өз бетімен шығару үшін есептер.

1. Тыныштықта тұрған бөлшекпен әсерлескен кезде, позитрон – электрон қосағын туғызатын фотонның ең аз энергиясын анықтау керек. Екі жағдайды қарастырыңыз: 1) электронмен әсерлесуі; 2) протонмен әсерлесуі.

2. Нейтронның кідіртуші заттың қозғалмайтын ядросымен серпімді центрлік соқтығысқан кезінде нейтронның кинетикалық энергиясы 1,4 есе кеміді. Кідіртуші заттың ядросының массасын табу керек.

3. Нейтрон изотопының қозғалмайтын ядросымен серпімді центрлік соқтығысқаннан кейінгі оның жылдамдығы өзінің бастапқы жылдамдығының қандай бөлігіне тең болады?

4. Фотоннан электрон мен позитронның пайда болған кезіндегі фотонның энергиясы 2,62 МэВ. Позитрон мен электронның пайда болған кездегі толық кинетикалық энергиясын анықтаңыз.

5. Циклотронның беретін дейтондарының энергиясы 7 МэВ. Түсірілген магнит өрісінің энергиясы 15 000 Гс. Дейтон траекториясының ең үлкен қисықтық радиусын анықтау керек.

6. Позитрон мен тыныштықта тұрған электронның аннигиляциясы нәтижесінде жиіліктері бірдей екі γ–квант түзіліп, бір–біріне бұрыш жасап ұшып кетеді. Позитронның кинетикалық энергиясы қандай?

7. Протон мен протон соқтығысқан кезде π–мезон пайда болуы үшін протонның шекті кинетикалық энергиясы қандай болады?

8. Кинетикалық энергиясы 100 МэВ теріс μ–мезон тыныштықта тұрған электронмен серпімді соқтығысады. Электронның серпімді кинетикалық энергиясын анықтау керек.

9. Тоқтаған мюон электронға, нейтриноға және антинейтриноға ыдырайды. Электронның максимум кинетикалық энергиясы мен импульсі қандай?

10. Тоқтағаннан кейін антипротон дейтонмен жұтылады. Мүмкін болатын реакция: . Пайда болған π0–мезонның толық энергиясы қандай?

11. Энергиялары бірдей Е=0,7 МэВ электрон мен позитрон соқтығысқанда бірдей екі фотонға айналған. Тиісті фотонның толқын ұзындығын анықтаңыз.



12. Энергиясы 3 МэВ фотон ауыр ядро өрісінде электрон – позитрон қос бөлшекке айналған. Егер бұлардың жылдамдықтары бірдей болса осы бөлшектердің кинетикалық энергияларын анықтаңыз.



      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет