1 Аубакиров А. Б., 2 Галиев Ж. М., 2 Рахимберлина А. А



жүктеу 0.55 Mb.
Pdf просмотр
Дата28.12.2016
өлшемі0.55 Mb.

 

 

19 



УДК 574.4:502.75 

 

ҚАРА ҚАЙЫҢ (BETULA NIGRA) СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА 



СИРЕК КЕЗДЕСЕТІН АҒАШ ӨСІМДІГІ 

 

1

Аубакиров А. Б.

2

Галиев Ж.М., 

2

Рахимберлина А.А., 

2

Тлеубергенова Г.С. 

(

1

Социал негізгі мектебі, 

2

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ, Петропавл қаласы) 

 

 



 

Қазақстан дүние жүзінде орманы аз елдердің қатарына жатады. Бүкіл аумағының 

11,4  млн.  гектар  жерін  ғана  ормандар  алып  жатыр  [1].  Ол  табиғатты  тазартуда, 

топырақты  эрозиядан  сақтап,  оның  тамырын  бекітуде,  егіндік-шабындық  жерлерді 

қорғау мен құм көшкіндерін бөгеуде аса маңызды рөл атқарады. Ауаны шаң-тозаңнан 

тазартып, аңызақ желден, құрғақшылықтан сақтауда да ормандар мен жасыл өсімдіктер 

пайдалы.  Қазақстанның  солтүстігінде  Сібірдің  орманды  даласы  тараған.  Оның  ішінде 

негізгі ағаш – қайың.   Қайыңның көпшілік  білетін бірнеше түрі бар.  Ал  соның ішінде 

туған ауылым Социалдың жанында өсіп тұрған қайыңның  «қара қайың» ағашы т

у

ралы 



біреу білсе, біреу біле бермейді.   

Орманның    адам    өміріндегі    маңызы    зор.  Ол    тек    қана    адамға    емес    және  

барлық    тілі    ағзалар  үшін    тіршілік    негізі.  Сондықтан    орманды    биосфера  тіршілік  

негізі  деуге  болады. 

К.А.Тимирязов    жасыл    өсімдікті    «космостық    фактор»    деп    атады.    Себебі, 

өсімдік – Жер  планетасының  бос  оттегінің  көзі, барлық  тірі  ағзалардың  тіршілік  

негізі.    Жер  шары    ормандары    планетадағы    ауаны  үшке      бөлгенде,    екі    бөлігін  

қалпына  келтіреді [2]. 

Орман    күн    энергиясын  аккумуляциялаумен  қатар,  басқа  да    өсімдіктердің  

өсуінде  маңызы  зор. Егіншілікпен  шұғылданатын  адамдар  далалы  алқапта  өсетін  

ағаштар  егістік  өнімін  молайтатынын байқаған.  

К.В.  Донухаевтың    сипаттауы  бойынша,      тіпті    өте    құрғақшылық    жылдары,  

далалы    алқаптағы    ағаштың    маңында  өскен    егістікте    өнім    басқа  жерге  қарағанда 

әлдеқайда    жоғары    болған.  Оның  себебі  ормандардың    топырақта    ылғалдың    көп  

сақталуына әсер  ететіндігімен түсіндіріледі.  Солтүстік  Қазақстанның  көпшілік  жері  

орманды дала  алқабына  жататындықтан, орман  ылғалдың  сақталуына  маңызы зор  

екенінің  кепілі.     

Орманның  адам  денсаулығына  маңызын  бағалау  өте  қиын. Мысалы, бір гектар  

орман    екі    килограмм    көмір    қышқыл    газын    сіңіреді    (екі  жүз  адамның  тыныс 

алуынан бөлініп шығаратын көмір қышқыл газының мөлшеріндей). 

Жапырақтарда  көп мөлшерде шаң  жиналады. 

Орман  ауасында  қала  ауасына  қарағанда бактерия  мөлшері  300 есе  аз.   Бұл  

фактор    орман    фитоксидтерінің    жапырақта    бөлінуіне  байланысты.    Атақты    орыс  

дәрігер-гигиенисі    Ф.Ф.  Эрисманның  айтуы    бойынша    орман    ауа    райы    адам 

денсаулығына  жан-жақты  әсер  етеді, оның экологиялық  факторы:   көңіл-күйге  әсер  

етуі,  желдің,  дауыстың    ырғағын    баяулатуы    т.б.  Ең    бастысы  орманның  

микроклиматының    адамға    ең    қолайлы    әсер    етуі.  Жаздыкүні    ыстықта  

температураны    төмендетсе,  қыста  керісінше    әсер    етеді.  Күндізгі    және    түнгі 

мезгілдерде      орманда      ылғалдың  мөлшерінің    өзгеруі  де    адамға    қолайлы    фактор 

болып  есептеледі.  Жоғарыда  аталған  факторлардың  келтірілген  әсерлері адамның  

жүйке  жүйесіне өте  пайдалы. Орманның  адам  ағзасына  эстетикалық  әсерін  айтып  

жеткізуге  де    болмайды.  Мыңдаған    жылдар    бойы  адамзат    әртүрлі    аурулармен  



 

 

20 



күресуге  дәрілік  өсімдіктерді  пайдаланды. Өркениетті елдерде  дәрілік  өсімдіктерді  

пайдалануда  бай  тәжірибе  жинақтады. Бүгінгі  күні  синтетикалық  дәріге  қарағанда,   

дәрілік  өсімдіктерге  деген  көзқарас  өзгере  бастады, қызығушылық  арта  түсті [3]. 

Ежелден  бері  қайың  ағашы  ерекше  орынға  ие.  Өйткені  қайыңды  –  «көктемнің, 

жарықтың символы,  өмір мен денсаулық ағашы» деп бекер айтпаған. 

Елімізде біздің Солтүстік Қазақстан облысы «ақ қайыңдар өлкесі» саналады. Бізде 

қайыңның «сырғалы», «үлпілдек» деген түрлері кездеседі [4]. 

Көптеген  қайың  түрлерін  «пионерлік  ағаш»  санайды.  Шынында  да,  қайыңды 

алдымен  ағашы  өртенген  ормандарға,  астық  егілмейтін  алқаптарға  бірінші  болып 

отырғызады. Оның себебі де жоқ емес. Қайыңның тұқымы өте жеңіл, ол желмен жақсы 

таралады.  Мысалы  «сырғалы»  қайыңның  1  шаршы  метрге  15  мың  ұрығына  дейін 

жайылады. Қайыңдардың тағы бір ерекшелігі - олар жер таңдамайды. Тіпті экологиясы 

нашар кез келген жерде өсе береді. Қайың күн сәулесін, жарықты жақсы көретін ағаш. 

Қысқы қатты аяздарға бейімделген. Күннің күрт суып жылуына да төзімді. Өсетін жер 

таңдамайды.  Жазықта  да,  балшықты  жерлерде  де  өсе  береді.  Жер  шарындағы  барлық 

ағаштардың ішінде тек қайыңның қабығы ақ болады [5]. 

Қайыңның    қандай    түрі    болмасын,      емдік    қасиеті    жағынан    алуан    түрлі.  

Олардың  дәрумен  жетіспеуіне  қарсы, жүйке  жүйесін  емдеуге, тыныс  алу  жүйесінің  

ауруларына, бауыр  ауруларына  қарсы, ауыз  қуысы  ауруына, жүрек-тамыр  жүйкесі  

ауруларына, тері  ауруларына  т.б. емдік  қасиеттері  анықталған. Мысалы: оның дәрілік 

қасиеттерін алатын болсақ: көбінесе қайыңның ббүршігін, жапырақтарын пайдаланады. 

Қайыңның  бүршігін  дайындалатын  заттар  тері,  бүйрек  ауруларын  емдейді.    Е.  Ю. 

Шассаның    (1952  жыл)  пайымдауынша  ХХI  ғасырдың  өзінде  қайыңның  жапырағы 

жүрек тамырларының ісуіне қарсы пайдаланылған [3]. 

1965  жылы  Н.Л.  Маттисон  және  оның  көмекшілері    қайыңның  жапырағымен  75 

ауруды емдеген. Олар  адамдарға күніне 200 мл қайыңның жапырағынан дайындалған 

тұнба беріп отырған. 15- 45 күннің ішінде аурулардың біреулерінде ауру бәсеңдеді, ал 

біреулері толық жазылған. 

Сонымен  бірге  қайыңның  жапырақтарынан  жасалған  фито-  шайлар:  бүйрек,  зәр 

шығару  жолдарының  және  жүрек  қан  тамыр  жүйесінің  ауруларында  (пиелонефрит, 

нефрит,  нефроз,  бүйрек  тас  ауруы,  бүйрек  шаншуы,  цистит,  жүрек-  қан  тамыр 

жүйесінің  жеткіліксіздігімен  байланысты  дене  ісінулері)  зәр  айдайтын  зат  ретінде, 

жүйке жүйесі нашарлағанда қызметін күшейтетін зат ретінде, сонымен қатар, қабынуға 

қарсы зат ретінде қолданылады. Сырт тәнге ревматизм ауруында қолданылады. 

Ақ  қабықты  айдағаннан  қара  май  шығады.  Одан  сабын  жасайды.  Сабын  терінің 

түсіне,  қан айналымына әсер тигізеді. 

Қайыңның  биологиялық  алуан    түрлілігі.  Қайыңдар    тұқымдасы  (березовые)  - 

Betulaceal   оның  130 түрі   бар. Олар  алты  туысқа  бірігеді. Табиғи  жағдайда  олар  

солтүстік  ендіктің, негізінен  тропиктік  облыстарда  өседі.  Қазақстан  флорасында 15 

түрі  кездеседі.  Негізгі    өмірлік    формалары:    жапырақтары    қысқа    қарай    түсіп  

отыратын  ағаштар.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                              

Гүлшоғыры - сырға  тәрізді  тире, дара  жынысты (бір үйлі өсімдік). Гүлдері  ұсақ,  

дұрыс    және    бұрыс    гүлдер,    көп    жағдайда    гүлсерігі  болмайды.  Жемісі  тұқымша,  

қалақша түрінде  болады.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                  

Қайыңның    туысы    қайың  -  Betula  (береза)  олар    климаты    салқын,  қоңыржай, 

кейде,  тіпті, ылғалы  жеткіліксіз  жерде  өсе  алады. 

Солтүстік    Қазақстанда    кездесетін    қайыңдар    түрлерін    қарастырсақ:  қотыр  

қайың    немесе    үлпілдек    қайың  (береза  повыслая    или    береза    бородавчатая)  Betula  

pendylа  Roth.  Биіктігі  20  м-ге    жететін    ағаш.  Тез  өседі,  суыққа  төзімді,  топырақ 

таңдамайды,  жылу  сүйгіш,  құрғақшылыққа  төзімді.  Ақ,  жылтыр,  жұқа    қабықты, 



 

 

21 



жапырақтары  жылда  түседі, жапырақтары  үш  бұрышты, немесе  жұмыртқа  пішінді, 

жиектері  тіс  тәрізді иректелген, ұшы  үшкір,  ұзындығы  3,6  -7,0  см, ені 2,5-5,5 см.  

Мамыр  айында  гүлдейді, тамыз- қыркүйекте  жемісі  піседі. Қотыр  қайың  негізінен  

вегетативті  жолмен  және  тұқымдары  арқылы  көбейе  алады. Хромосомалар  саны - 

28.    

Үлпек  қайың - Betula pubescens  ehrh  (береза пушистая). Биіктігі 20 (30) метрге  



дейін  жететін  ағаш немесе  бұта. Диаметрі  80 см. Жас  ағаштары  қабығы  қоңыр, ар 

8-10 жылдан бастап ағарады. Ересек кезінде басқа қайыңдардан қабығының  ақтығымен 

ерекшеленеді.  Тамыр  жүйесі  жақсы  дамыған,  бірақ    топыраққа  терең  енбейді, 

сондықтан қатты желге  төтеп  бере  алмайды. Жапырақ  белгілері  жағынан  жапырағы  

жұмыртқа  немесе  ромбы, жұмыртқа  тәрізді. Ұзындығы 3,5-7 см, ені  2,5-5 см, өсімдік-

бір  үйлі,  бірақ  сырғалары  ірі,  жынысты    жемістектес  сырғаларының    ұзындығы  2,5-3 

см. Тұқым  қабықшағының  ені 3-5 мм. Жаңғақшысы  сопақ, элипс тәрізді, қанаттары  

бірдей. Ол қатты аяздарға төзімді, жер, су таңдамайды кез келген жерде өседі.   

Үлпек қайың орташа есеппен 120 жылдай тіршілік етеді. Сәуір-мамыр  айларында  

гүлдейді, тамыз-қыркүйекте жеміс  береді. Үлпек  қайың  тұқымдары, түптік кірбіңдері, 

кейде қаламша  ұластыру  арқылы  көбейеді.  

Хромосома саны - 56.  

Қайыңның тағы бір ерекше түрі ол - Қызыл қайың немесе Ярмоленко қайыңы.  

Ол эндемик ағаш  және  Қазақстанның  Қызыл кітабына енгізілген [6]. Ол Алматы 

облысы Текес пен Байынкөл өзендерінің аңғарларында Нарынкөл ауылының жанында 

өседі.  Мамандардың  айтуы  бойынша  қызыл  қайыңның  жайы  оның  географиялық, 

климаттық және әлеуметтік факторларға байланысты. Нарынкөл ауылы таулы аймақта 

(теңіз  деңгейінен  2000  м  биіктікте),  аудан,  облыс  орталықтарынан  алыс  орналасқан. 

Аймақта суық күндер көп болады, сондықтан халық ағашты отын ретінде пайдаланады 

.Ең  маңыздысы,  ол  халықтың  қандай  ағашты  кесіп  жатқанының  білмегені.  Тек    2004  

жылдан бастап қана ағаш қорғауға алынып, оны кесуге тыйым салынды. 

Сонымен,  қайыңның қабығының түсі тек ақ болмайтынын байқадық. 

Біздің  ерекше  айтпақ  болғанымыз  қара  қайың.  Бұл  ағаш  көбінесе  Солтүстік 

Америкады кездеседі. Біздің континентте бұл түрі өте  сирек  өседі. Оны ғылыми тілде 

«Betula nigra» дейді. Солтүсті Америкада бұл қайың солтүстік аймақтарда өседі [7]. 

Осындай  түрлі  қайыңның  бір  түбі    Солтүстік  Қазақстан  облысы    Шал  ақын 

ауданы, Кривощекова елді мекенінің  жанынан табылды  (5- сурет). 

 

 



 

5- сурет. Қара қайың 

   

  Солтүстік  Қазақстан  облысында  қара  қайың  өсетін  4  жер  белгілі,  олар: 



М.Жұмабаев  ауданындағы  Полудино  орман  шаруашылығы  (Сосновка  селосы),  

Мамлют ауданындағы  Новомихайловка ауылы (3 ағаш өсіп тұр), Преснов ауданының 

Уткино  селосы  және  Шал  ақын  ауданындағы  Кривощеково  селосы  (2  түп  ағаш)  мен 

Социал ауылы (2 ағаш) (7- сурет).  



 

 

22 



Социал ауылының маңындағы ағаштардың өсіп тұрған жері  -  батпақты, ылғалы 

мол  топырақ.  Айналасында  балапан  ақ  қайыңдар  өсіп  келеді.  Олардың  ішінде  қара 

қайың байқалмайды.  

Қара  қайың ағашының  сипаттамалары. Екі ағаш бір-біріне өте ұқсас. Жанында 

балапан ақ қайыңдар өседі.  

Олардың шамамен сипаттамалары да бірдей  (8-сурет):   

Бұтақ саны – 15; 

Діңінің диаметрі –  78 см;    

Биіктігі – жуық шамамен алғанда 18-20 м; 

Ағаш бұтағының жайылмасы  –  6 м; 

Діңінің жуандығы – 230 см.    

 

 



 

8- сурет. Біз сипаттап отырған қара қайың ағашы. 

 

Жапырақтары  жүрекше  пішінді,  ұшы  үшкір  болып  келеді,  ұзындығы  мен  енінің 



өлшемі  бірдейге  жуық.  Ағаш  түбіндегі  жапырақтарды  жинап  алып,  30  шақты 

жапырақтың өлшемдерінің орташа мәнін анықтадым (9- сурет):  

Жапырақтардың орташа ұзындығы – 7 см; 

Жапырақтардың орташа ені  –  6,5 см. 

 

 

 



9- сурет. Қара қайың ағашының жапырақтары. 

 

Ақ  қайыңның  бүрінде  шайыр,  эфир  майы,  бетулоретин  қышқылы,  сапониндер, 



илік заттар, жүзім қанты, С дәрумені  және фитонцидтер, глюкоза, фруктоза, көптеген 

микроэлементтер  кездеседі.  Қайың  шырынында  20%    қант,  кальций  оксиді  және  хош 

иісті  заттар  бар.  Ал,  қандыағаш  бүрінің  құрамында  илік  заттар,  галла  қышқылы,  ал 

жапырағында глюкозидтер, кверцетин мен түрлі органикалық қышқылдар бар. Қабығы 

илік заттармен қатар тритерпеноидтарға, тараксеронға және басқа да заттарға бай [8,9].    


 

 

23 



Т.  Е.  Ловиц  қайың  суыныңм  қарақайын  химиялық  құрамын  ашты.  Ақ  шайыр, 

түссіз  зат.  Призма.  Құрамы:  С30Н50О2  иіссіз,  балқу  температурасы  2580  С,  суда 

ерімейді,  бірақ  қайнап  жатқан  спиртте    ериді.  Ол  сыртқы  әсерлердің  салдарынан 

мутацияланған  болуы  мүмкін  немесе  діңін  ақ  түске  бояйтын  бетулин  деген  заттың 

аздығынан болуы мүмкін [9,10]. 

Екі  қайыңның химиялық  құрамын зерттей отыра, біз келесі  айырмашылықтарды   

байқадық. Ақ қайың суының құрамында 20% қант бар. Ал қара қайыңның құрамында 

қант  жоқ.  Қант  ағаштың  биік  болып  өсуіне  кері  әсерін  тигізуі  мүмкін.  Ал  екінші 

айырмашылық    -  ақ  қайың  құрамында  органикалық  қышқылдар  өте  көп.  Және  де  ақ 

қайың  құрамында  бетулин  деген  зат  көп.  Әдеби  деректерді  саралай  отыра,    келесідей 

қорытынды  жасауға  болады.  Қара  қайың  құрамында  бетулин  деген  зат  мүлде  жоқ. 

Және құрамында көміртегі   мен оттегі көп (жақсы жанады). Ал қара қайыңның отаны 

ыстық жер  Америка болып саналатындықтан,   ол сыртқы әсерлерге (салқын климатқа)  

бейімделу салдарынан  мутациаланған болуы мүмкін [10,11].                             

Солтүстік   Қазақстан  облысы  орманды  дала  алқабына  жатады, осы  алқаптың  

негізі  қайынды  -шоқты    ормандар  мен    қайыңдар    тұқымдасының    құрамы    көптеген 

туыстар мен  түрлерден  тұратындығы  анықталды.  Әрбір  түрдің  өзіне  тән  морфо-

биологиялық  ерекшелігі  бар, барлығының  да ботаникалық  сипаттамалары  бар. Ал 

қарақайын  дербес  түр  ретінде  көбейту  және  кең  тарату  қажеттілігі  қарастырылуы 

қажет. 


 

 

 



Әдебиет 

1.

 



 Н. А. Полотов.   Лес  в нашей  жизни. М.: изд. «Лесная  промышленность»,  1975. -87 с.   

2.

 



И. П. Неумыкин.  Береза  мифы и  реальность. Москва- Санкт-Петербург: «Диля»,  2006. -126 с. 

3.

 



Н. М. Мухитдинов, А. Т. Мамурова. Дәрілік  өсімдіктер. Алматы, 2015. - 400 б. 

4.

 



 Р. Сергеев, Г. Дильдаев.  Ақ қайыңдар  өлкесінде.  Алматы:  «Өнер»,  1989. -216 б. 

5.

 



 Ә. Ә. Әметов.  Ботаника.  Алматы:  «Дәуір»,  2005. -512 б. 

6.

 



Ж. Жатқанбаев.  Экология  терминдер  сөздігі.  Алматы, 2004. -184 б. 

7.

 



 Б. Ш. Абдиманов.  Жаратылыстану.   Алматы:  «Атамұра»,  2010. -175 б. 

8.

 



 Н. Б. Гроздова.  Береза.   М.: изд. «Лесная  промышленность», 1979. -78 с. 

9.

 



Солтүстік Қазақстан энциклопедиясы. «Арыс» баспасы, 2006.    

10.


 

www/ google. kz.    

11.

 

 www/kk.wikipedia.org.



 

 

 



 

УДК 691.33 

 

СОСТОЯНИЕ И ПЕРСПЕКТИВЫ РАЗВИТИЯ СЕЛЬСКОГОХОЗЯЙСТВА  

В КАЗАХСТАНЕ 

 

Бахаева Ж.Ж. 

(СКГУ им. М.Козыбаева) 

 

 



 

Основная  сфера  АПК  -  сельское  хозяйство  -  получает  производственные 

ресурсы  от  80  отраслей  и  поставляет  свою  продукцию  более  чем  в  60  отраслей. 

Динамичное  развитие  агропромышленного  комплекса  и,  в  особенности,  сельского 

хозяйства  -  решающее  условие  не  только  наращивания  и  качественного  улучшения 

продовольственных  ресурсов  при  снижении  затрат,  но  и  прогрессивного  развития 




Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет