1 Аударма үдерісі жайында



бет15/29
Дата16.01.2022
өлшемі69,62 Kb.
#24041
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29
Ілеспе аударма – бастапқы мәтінді тыңдап қабылдай отырып, ілесе, қосарласа, бір мезгілде аудару. Бұл процес соңғы жылдары арнаулы жабдықтар арқылы жетілдірілген. Аударудың бұл түрі түпнұсқа мәтіннің айтылуымен қатар жүріп отырады. Арнаулы кабинеттерде ілеспе аударма түпнұсқаның мәтінін сөйлеушіге (мәтіннің авторына) ілесе отырып оқу арқылы, кей жағдайда сөйлеушінің ауызша баяндалған сөзін алдын ала дайындықсыз тікелей аудару арқылы жүзеге асырылады. Ауызша аударманың қай түрі болсын, аудармашыдан жоғары кәсіби біліктілікті, тәжірибенің болуын, екі тілден де лингвистикалық тұрғыдан құзыретті болуын талап етеді. Аударманы ауызша жасау кезінде уақыт тапшы, түпнұсқа мәтін бір-ақ рет айтылады немесе оқылады, сөйлеушінің (мәселен, баяндама жасаушының) өзіне тән дауыс ырғағы, сөйлеу мәнері, екпіні болады; демек, алынған ақпаратты тез қорытып, тыңдаушыға екінші тілде кедергісіз түсінетіндей (бұл ең бастысы десек те болар), әрі сауатты жеткізу міндеті бар. Ауызша аудармадағы тағы бір күрделі тұс – аудармашының санасы бір тілден екінші тілге шапшаң ауысып тұрады, тұпнұсқадағы бір сөйлемді аударып жатқан кезде түпнұсқаның екінші сөйлемі басталып жатады, сондықтан маман түпнұсқаның тыңдау арқылы қабылдануын бөлік-бөлшектерге бөле алатындай тәжірибе жинақтауы қажет. Ауызша аударма кезінде тұтас құрылымды сегменттер арқылы жеткізуге болады, бұл әсіресе әр басқа типологиялық ерекшеліктерге ие орыс тілі мен қазақ тілдеріне тән. Біздің байқауымызша, ілеспе аударма кезінде сөздің таңбалық құрылымы, абсолютті сәйкестіктер (сөздіктегі денотат баламалар) алынады, өйткені түпнұсқадағы тілдік бірліктің коннотатты мағыналарын, экспрессивті реңктерін игеруге уақыт жібермейді. Орыс тілінен қазақ тіліне ілеспе аударма жасау кезінде қазақ тілі сөздерінің мағыналық байлығын, тұрақты сөз тіркестерін еркін қолдана білсе, бұл аудармашының лингвомәдени құзыретінің жоғары деңгейде екенін айқындайды. Алайда ықшамдау, кейбір мәліметтерді түсіріп тастау – ілеспе аударма кезінде жиі кездесетін, бірақ барлық жағдайда да дұрыс деп бағаланбайтын тәсілдер.

Ілеспе аудармада қандай ерекшеліктер болатынын мысалдар арқылы байқастыралық:



  1. Түпнұсқада:

– Днем подачи заявления считается день, когда документы будут собраны в полном объеме.

Ілеспе аудармада:

Құжаттар толық көлемде жиналған күн өтінішті берген күн болып есептеледі.



  1. Түпнұсқада:

– Как только пенсионер предоставляет документов, наши сотру- дники формируют макет этого пенсионного дела, выносят проект решения и направляют его в Департамент труда и соцзащиты по городу Алматы, который непосредственно назначают пенсию.

Ілеспе аудармада:

Түпнұсқаны бірнеше вариантта айтуға болады, дегенмен құзыретті маман орыс тіліндегі күрделі сөйлемді қазақ тілінде төмендегіше түзеді:



Зейнеткер өз құжаттарын ұсынғаннан кейін ≥≥ біздің қызметкерлеріміз осы зейнетақы туралы істің макетін жасайды ≥≥ шешімнің жобасын дайындайды және жобаны ≥≥ Алматы қаласы Еңбек және әлеуметтік қорғау департаментіне жібереді, ≥≥ департамент тікелей зейнетақы дайындайды.

  1. Түпнұсқада:

Конечно, в налоговой у пенсионеров начинается хождения по мукам.

Ілеспе аудармада:

Әрине, салық полициясында зейнеткерлер үшін қиындықтар (синонимдері – кедергі, тауқымет, азап) басталады (күтіп тұрады).

Алынған үш сөйлемнің алғашқысы ілеспе аудармашыға жеңіл үлгі болып саналады; бұл ретте әр тілдің құрылымдық- семантикалық ерекшеліктерін білу жеткілікті. Екінші сөйлем де, бір қарағанда оңай тәрізді көрінгенімен, аудармашының төмендегілерге көңіл бөлуі қажет болады:



  • номенклатуралық атаудың қазақ тіліндегі дәл, ресми баламасын білу (Алматы қаласы бойынша еңбек және әлеуметтік қорғау департаменті);

  • түпнұсқадағы буындық қысқартудың қазақ тілінде толық сөз тіркесі ретінде қолданылатындығын ескеру (соцзащита – әлеуметтік қорғау);

  • нақтылау тәсілін игеру (мыс., түпнұсқада – документы; қазақ тілінде өз құжаттарын… деп нақтылау қажет болады).

Ал соңғы сөйлемде ілеспе аудармашы өзінің лингвомәдени құзыретін танытуы керек, өйткені ол түпнұсқадағы тілдік компрессияның – ұғым, құбылыс атауларының ықшамдалып, үнемделіп жұмсалуының ерекшеліктерін меңгеруі қажет, яғни ол түпнұсқадағы в налоговой деген ауызекі сөйлеу тілі элементтерінің орнына салық полициясы деген толыққанды тіркесті қолданған жағдайда және фразалық тіркесті (хождение по мукам) мағынасы сәйкес түсетін сөздермен, сөз тіркестерімен ауыстырғанда, әрі осылардың барлығын шапшаң пайымдап, шектеулі уақыттың ішінде игеріп үлгергенде ғана сауатты ілеспе аударма жасалады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет