Жалғаулықты байланысты жалғаулықсыз байланысқа ауыстыру. Қазақ тілінде жалғаулық арқылы салалас құрмалас сөйлемді құрайтын сыңарлар ғана байланысады, оның өзінде жалғаулықты сөйлемдер арасындағы мағыналық қарым-қатынасты анықтауда бірден-бір қызметті жалғаулықтар ғана атқармайды.
Жалғаулық қатыспай тұрып та, құрмалас сөйлемнің компо- ненттерінің арасындағы мағыналық қатынастарды контекст көмегімен ажыратуға болады. Ал орыс тілінде жалғаулықтар құрмаластың компоненттері арасындағы мағыналық қарым- қатынастарды айқындап тұрады. Осы себепті орыс тіліндегі жалғаулықты байланысты қазақ тіліне жалғаулықпен жеткізу міндетті емес.
Достарыңызбен бөлісу: |