Салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен өз ара жалғаулык, шылаулар арқылы да байланысады. Жай сөйлемдердің арасындағы мағыналық қатынасқа қарай оларды байланыстыратын мынадай жалғаулық шылауларды көрсетуге болады



Дата31.12.2021
өлшемі2,89 Mb.
#22095
Байланысты:
ПРАКТИКА САБАҚ

  • Тақырыбы:Салалас құрмалас сөйлем.Жалғаулықты және жалғаулықсыз салалас,мағыналық түрлері
  • Дайындаған:Елемесвоа Аружан
  • Тағыбергенова Ақжүніс
  • Ахметжан Гүлім,ҚТӘ-202
  • Тексерген:Кеңесов Есім
  • Салалас құрмаластың кұрамындағы жай сөйлемдер өзара бір-бірімен екі түрлі жолмен байланысады:
  • Салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен өз ара жалғаулык, шылаулар арқылы да байланысады. Жай сөйлемдердің арасындағы мағыналық қатынасқа қарай оларды байланыстыратын мынадай жалғаулық шылауларды көрсетуге болады:
  • 1) Ыңгайлас мәнді да, де, та, те, әрі, және, мен жалғаулык шылаулар;
  • 2) Қарсылық мәнді бірақ, алайда, дегенмен, сонда да, әйтсе де, сөйткенмен, ал тәрізді жалғаулық шылаулар;
  • 3) себеп-салдар мәнді өйткені, себебі, сол себепті, сондықтан, неге десеңіз тәрізді жалғаулық шылаулар;
  • 4) талғау мәнді не, немесе, я, яки, не болмаса, яки болмаса, әлде тәрізді жалғаулық шылаулар;
  • 5) кезектес мәнді кейде, бірде, біресе тәрізді жалғаулық шылаулар.
  • Мысалы: Қазір тұрыңдар деген белгі берілді де, дос-жарандарым түгел түрегелді (Б. Бұлқышев).
  • Адам даусы екені анық, бірақ не айтып жатқанын айыру мүмкін емес (0. Сәрсенбаев).
  • Дәметкеннің жүрегі бұл кезде ерекше тулап кетті, өйткені, оның ойынша, осы тоқтаған тракторда немерес Күлжан болуға тиіс. (С. Мұқанов).
  • Компоненттерінің  бір-бірімен  мағыналық  қатынастары  жағынан  алғанда,  жалғаулықсыз салалас сөйлем мен жалғаулықты салалас сөйлем арасында айтарлықтай  онша  алшақтық  жоқ.  Өйткені  жай  сөйлемдердің  жалғаулық  арқылы  құрмаласуы  мен  жалғаулықсыз  іргелесе  құрмаласуы,  айналып  келегнде,  құрмалас  сөйлемнің  бір  түрін  жасаудың  екі  түрлі  тəсілі  ғана.  Сондықтан  да  салалас  құрмалас  сөйлемнің  бірсыпыра  түрін    жалғаулық  арқылы  құрмаластырып  айтуға  да,  жалғаулықты  алып  тастап,  жалғаулықсыз етіп айтуға да, жалғаулықты алып тастап, жалғаулықсыз етіп айтуға да болады.  Мысалы:  киіз  үстін  кісі  келгенде  сыпырып  өту  Биғайшаның  ежелгі  əдеті  еді, бірақ  бұл  жолы  оның  осы  ниетіне  басқа  нəрсе  араласты.  Замандастың  тілін  кім  алмайды, сондықтан мен ертіп бармақ болдым.  
  • Бұл  келтірген  мысалдағы  жалғаулықтарды  түсіріп,  оларды  жалғаулықсыз  түрде:  Киіз үстін кісі келгенде бір сыпырып өту Биғайшаның ежелігі əдеті еді, бұл жолы оның  осы  ниетіне  басқа  нəрсе  араласты.  Замандастың  тілін  кім  алмайды,  мен  ертіп  бармақ  болдым  деп  құрсақ,  одан  сөйлем  байланысына  да,  компоненттердің  мағыналық  қатынастарына  да  нұқсан  келмейді.  Алғашқы  вариантта  қарсылықты,  себептес  салаластардың  жалғаулықты  түрі  болса,  кейінгі  вариантта  сол  екеуінің  жалғаулықсыз  түрі болады. 
  • Н.Т.Сауранбаев өзінің тұжырымдарын 1939 жылы С.Аманжоловпен бірігіп жариялаған «Қазақ тілі грамматикасының» синтаксис бөлімінде толықтырып, жетілдіре түседі. Құрмалас сөйлемдер жөнінде осы күні айтылып жүрген негізгі ұғымдар осы еңбекте берілген. Құрмалас сөйлемдер салалас, сабақтас және аралас деп үш топқа бөліп, аралас құрмалас сөйлемдер жеке зерттеу нысанасы ретінде алынған. Салалас жалғаулықты және жалғаулықсыз салаластар деп екіге бөлінгенде, жалғаулықты салалас жеті түрге жіктелген: тіркесті, қарсылықты, үдетпелі, талғаулы, себепті, кезектес, бейтарап салалас сөйлемдер. Ал сабақтас құрмалас сөйлемдер: себеп-салдар, мезгіл мәнді, шартты мәнді, салыстырмалы, мақсатты, қарсылықты, нұсқаулы, іргелес, аяулы, сілтеулі сабақтастар деп бөлген.
  • НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет