1. Қаз тар тарихнама пәні және тарихи пәндер жүйесіндегі орны мен маңызы



бет3/4
Дата06.01.2022
өлшемі170,92 Kb.
#14254
1   2   3   4
Байланысты:
Тарихнама дәріс

43. Жер мәселесінің тарихы Т.Шонанұлының еңбектерінде.

Шонанұлы Телжан – көрнекті Алаш қайраткері, тіл білімі саласын ұйымдастырушы, ғалым. 1894 жылы Торғай облысы Ырғыз уезі Аманкөл болысы (қазіргі Ақтөбе обл. Ырғыз ауд.) №4 ауылда туған. 1908-1912 жылдары Ырғыздағы орыс-қырғыз училищесінде оқып, 1912 жылы Орынбордағы Мұғалімдер институтына түседі. Мұнда 4 жыл оқып, 1916 жылы мұғалім болып шығады. Мұнан кейін ол 1920 жылға дейін Тоқырауын болысындағы №3 ауылда ұстаздық етеді. Қайраткердің елеулі еңбегі, ұйымдастырушылық қабілеті ерте ел көзіне ілініп, 1917 жылы І жалпықазақ съезіне де, ІІ жалпықазақ съезіне де шақырылады. Соңғысында Алашорданың Білім комиссиясының мүшесі болып сайланады. 1920 жылы ол Семей гувревкомына шет ұлттар бөліміне аудармашы болып шақырылады. Сол жылы Қазақ автономиялық республикасы құрылғанда, ол Халық ағарту комиссариаты жанындағы Академиялық орталықтың маманы ретінде ғылыми жұмысқа тартылады. Қайраткер 1924 жылы 12-17 маусымда Орынборда өткен Қазақ білімпаздарының І съезіне қатысып, нақты салалар бойынша сөз сөйлейді. 20-жылдары ол Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының жұмысына да атсалысады. 1923 жылы осы қоғамның тарих-археология секциясы мен этнография секциясы біріккенде, ғалым оның төраға серігі болып сайланады. 1926-1929 жылдары Қызылордада Халық ағарту комиссариатында жауапты қызмет атқарады. Осы шамада Қазақ мемлекеттік педагогика институтын экстерн жүйесімен бітіреді әрі сонда сабақ береді. 1934 жылдан Қазақ мемлекеттік университетінде қазақ тілінен доцент болып жұмыс істейді. Ғалым жазған «Сауаттан», «Жаңалық», Тіл дамыту», «Оқу құралы», «Қазақ тілі», «Жаңа арна», «Бастауыш мектептеріндегі қазақ тілінің әдістемесі», «Шала сауатты ересектер үшін оқу құралы», «Орыстар үшін қазақша әліппе», «Қазақ тілінің оқу құралы», «Учебник казахского языка для взрослых» т.б. еңбектер халқымыздың сауатты болуына, дүниені тануына көп ықпал етті. Оның емле, әліпби, терминология жүйесі бойынша жариялаған жұмыстары сол кезде одақ көлемінде түріктанушылар тарапынан лайықты бағасын алды. Қайраткер әдебиет мәселесін де зерделеп отырды. «Абай кітабын бастыру керек», «А.А.Байтұрсынов», «Сәкеннің тілі туралы», «Бейімбет «От басында» атты мақалаларында руханияттың өзекті қырларын сөз етті. Қайраткердің саяси-тарихи білік дәрежесін көрсететін іргелі еңбегі – 1926 жылы жарық көрген «Қазақ жері мәселесінің тарихы» атты зерттеуі. Ол 20-жылдары саясат теперішін аз көрмеді. Ақыры 1937 жылы 21 шілдеде ұсталып, 1938 жылы 27 ақпанда нақақ атылды. Қайраткердің жары ғалым Шаһзада да сол шақта өлімге кесілді. Әдебиеттер: 1. Шонанұлы Т. Жер тағдыры – ел тағдыры. Алматы, 1995 2. Қамзабекұлы Д. Руханият. Алматы, 1997.

44.Бөкей хандығы тарихының тарихнамасы Бөкей хандығы- 1801 жылы Еділ мен Жайық аралығына Кіші жүз қазақтарының бір бөлігі көшіп барды. 1812 жылы онда Бөкей хандығы құрылды. Ол 1845жылға дейін өмір сүрді.Хан тағынан негізгі үміткерлердің бірі Бөкей сұлтан болатын. Бірақ 1797 жылы қартайған Айшуақ сұлтан Кіші жүздің ханы болып шыға келді. Шыңғыс ұрпақтарының арасындағы қарым-қатынас шиеленice түсті. Мұндай жағдайдан шығудың бірден-бір жолы Жайықтың оң жақ бетіне көшіп бару ғана еді. Бөкей хандығының негізін қалаған Бөкей хан 1815 жылғы 12 мамырда қайтыс болды. Ол өзінің көзі тірсінде хан атағын өз ұрпақтарының мұрагерлікпен иелену құқығын белгілеп, бекітіп қойған еді. Оның өсиеті бойынша, хан тағы оның ұлы Жәңгірге қалдырылған болатын. Бірақ ол әлі небары 14 жаста еді. Сондықтан ол ер жетіп, кәмелеттік жасқа толғанша хандықты Шығатай сұлтан билеп тұрды. Жәңгір 1824 жылы Орал қаласында хан болып жарияланды және хандықты 20 жыл бойы басқарды. 1827 жылы ол хандықтың орталығы — Хан ордасының негізін қалады. Хан ордасы Нарын құмының батыс бөлігінде салынды. Хандыққа біртұтас басшылық осы жерден жүргізілді. Ханның үлгісі бойынша және оның тікелей нұсқауымен Хан ордасында сұлтандар мен билер, старшындар да үй сала бастады.Жәңгір хан билік басында болған уақыт қазақтардың бүрынғы дәстүрлі тұрмысына елеулі өзгеріс жасалған, хан билігі күшейген, ислам дінінің ықпалы артқан, тауар-ақшақатынастары айналымға енгізілген маңызды кезең болды. Бөкей Орда тарихын кешенді түрде зерттеген С.З.Зиманов ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақтардың қоғамдық құрылысын саралаған еңбегінде жерге және малға орныққан меншіктің түрлерін, әлеуметтік құрылымдардың ерекшеліктерін ашып көрсетті. Оған қоса Бөкей хандығындағы жер қатынастары Қазақстанның өзге аймақтарымен салыстырылып талданады. Ал келесі іргелі еңбегінде автор хандықтың саяси жүйесін, жер қатынастарын, әлеуметтік өзгерістерді зерделеп өтті. Тәуелсіздік таңы атқан соң ұлттық мүддені арқау еткен Қазақстан ғалымдары Бөкей Орда тарихын да жаңаша талаптарға сай саралай бастады. Патшалық Ресей құрамындағы қазақтарды саяси-экономикалық, рухани тұрғыдан отарлау туралы ашық жазғандардың бірі И.Кенжалиев болды. Оның еңбектерінде Бөкей Ордасының құрылуы, шаруашылық өмірі, отарлық езгінің өршуі, ел билеушілерінің жер саясаты, қазақ шаруаларының наразылығы, көтеріліс басшыларының іс-әрекеті тың мұрағат құжаттары, халық фольклоры арқылы сараланады. Кешегі тоталитарлық, өктем саясаттың суық лебінің ызғары қайтпай тұрған дәуірде қызмет жасаған қазақ зиялыларының бірі Б.Аспандияровтың 1947 жылы «Образование Букеевской Орды и ее ликвидация» атты ғылыми еңбегі қолжазба түрінде жарық көрді. Ғылыми жұмыстың «Земельный вопрос в Букеевской Орде» деген айдар алған IV бөлімінде XIX ғасырдың өн бойында хандықта белең алған жер қатынастары зерделенді. Жоғарыдағы авторлармен салыстырғанда Б.Аспандияров ХІХ ғасырдың бірінші ширегіндегі Бөкей Орда билеушілері жүргізген аграрлық реформаларға қысқаша сипаттама беріп, Ресей империясының жер мәселесін шешуде әділетсіздік танытқанын орынды сынады. XVIII-XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ хандықтары мемлекеттік қайраткерлерінің өмірі мен қызметін зерттеуші Ж.К.Қасымбаевтың Жәңгір Бөкейұлына арналған монографиясы жарық көрді. Көлемді еңбекте Ішкі Орда ханының саяси қызметіне диалектикалық тұрғыдан баға беріліп, Алматы, Мәскеу, Орынбор, Астрахань қалаларындағы мұрағаттардан алынған құпия деректер жарияланды. Автор Жәңгір ханның аграрлық саясатының кездейсоқ құбылыс еместігін, оның саяси-экономикалық алғышарттарының болғандығын, ел территориясы тұтастығының күн тәртібіне шыққандығын алға тартады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет