1. Қазақ тарихындағы дара және күрделі сөздерді тану


Қолданылуы тұрақталған күрделі сөз атауы осы типтегі сөздерге



бет2/2
Дата25.03.2023
өлшемі60,07 Kb.
#76084
түріМонография
1   2
Байланысты:
Морфология Алихан

Қолданылуы тұрақталған күрделі сөз атауы осы типтегі сөздерге Ысқақовтың “Қазақ тілі морфологиясы” мен К.Ахановтың “Тіл білімі негіздері” және “Грамматика теориясы негіздері” атты тілшілер қауымына әбден таныс еңбектерінен кейін, құрама сөздер жасалу тәсіліне, мағынасы мен құрамына, компоненттерінің арақатынасына және орфографиялануына қарай 1) біріккен сөз, 2) қос сөз, 3) қысқарған сөз, 4) тіркескен сөз болып бөлінеді.
Мұндағы әр түрлі терминге ие болып жүрген – бөлек жазылатын кұрама сөздер. Мұны А.Ысқақов, Ә.Ахабаев тіркескен күрделі сөз десе, Р.Сыздықова лексикаланған тіркес деп атаған. Бүгінде ортан жілік, асықты жілік, кәрі жілік, жамбас жілік, т.б. тіркесімділігі шектеулі сөздер деп аталынып жүр.
Ө.Айтбайұлы терминология пәні тұрғысынан “сөз тіркесі түріндегі терминдерді еркін тіркесті терминдер (қызыл бұрыш, қара топырақ), еркін емес тіркесті терминдер (көне тіл, азамат соғысы) және фразеологиялық терминдер” деп бөледі.
С. Исаев әуелде оларды атаулы тіркес (көр тышқан, жарыс сөз, Арал теңіз) деп атап, фразеологиялық және еркін тіркестен бөліп қарау керектігін ескертеді. Кейін тіркесті түбір деген тың термин ұсынады. Ал профессор М. Балақаев бұларды түйдекті тіркестер (бұларға күрделі етістік, күрделі есім, идиома, көмекші сөз бен негізгі сөздерді жатқызады) десе, түйдекті тіркес деп соңғы кездері тек негізгі сөз бен көмекші сөздің тіркесі аталынып жүр. Н.Уәлиұлы күрделі сөз терминімен атайды .
Терминдерді аталған авторлар бекер ұсынбайды. Синтаксистік сөз тіркесі шекарасынан шығып, БС ұясына ене алмай жүрген аралықтағы сөздердің номинациялану, абстрактілену дәрежесі алуан түрлі. Проф. К. Аханов, А. Ысқақов, М.Балақаев сынды ғалымдардың ауыл шаруашылығы, қалбағай омыртқа, аса таяқ, ауыз әдебиеті сияқты әр түрлі топқа жатқызылып жүрген тіркестерді күрделі зат есімге жатқызуы күрделі сөз сипатын одан ары айқындауға жол ашты.

2. Күрделі сөздердің бөлек-бірге тұлғалануы.
1938-1960 жылдары, яғни негізгі орфографиялық ереженің қалыптасу жылдары аралығындағы кұрама сөздердің бірге- бөлек таңбалануына қатысты жарияланымдарға зер сала қарасақ, мынадай екі үрдісті байқауға болады.
1. Бір деммен, бір үйлесіммен айтылатын еркін, тұрақты сөз тіркестерін, күрделі атау, лексикаланған тіркестерді жаппай біріктіру. Бұған Қ. Жұбановтың БС-ді өзіне ұқсас басқа тілдік бірліктерден ажырататын негізгі белгісі деп екпінді атауы бірден-бір себеп болды. Ақ көңіл, mac бауыр, жат бауыр, дем алу, қол қою, бас салу, бой ұру, am салысу, am қою, am үсті қарау сияқты фразеологизмдер бір екпінге бағына айтылу себепті бірге тұлғалануы ұсынылды.
2. Емледегі бір ізділік қағидасын арқау еткен форма қуу үрдісі. Мұнда ішкі мағыналық сәйкестік, компоненттердің лексика-семантикалық арақатынасы, үйлесім сияқты сөздің ішкі формасына, мағыналық жылжуға назар аударудан гөрі, мысалы, мал шаруашылығы күрделі атауы бір екпінмен айтылмағандықтан бірге жазылатын болса (малшаруашылығы), онда осыған ұқсас ауыл шаруашылығы, халық шаруашылығы, егін шаруашылығы сияқты құрама атауларды да қосып жазу; баспасөз тәрізді сөздің қатарына жарыс сөз, соңғы сөз, жаңа сөз, ескі сөз, кіріспе сөз, жазба сөз сияқты лексикаланған тіркестерін қою; ар, -ер жұрнағының БС жасамдық қабілетіне регламент қоймай, бір киер, бір тартар, бір қырқар сияқты формасы бір сөздерді жаппай біріктіру; бір заттың атауы болған лексикаланған атаулардың (іш киім, бас киім, аяқ киім, аққұман, қара құман, іш қалта, жер үй, mac қалта, жер төсек) біреуі бірге жазылуына орай қалғандарын да бірге тұлғалау ұсынылды.
Менің азаматтық көзқарасым форма қуу әдісінің кей тұстарын құптамайды. Себебі ауыл шаруашылығы сөзін бірге не болмаса бөлек жазғаннан ештеңе өзгермейді. Орыс тілінен тура аударылған сөздердің қатарына кіріп кетеді. Ақымет атамыз айтпақшы сөздерді бірге жазудан құмарлықты тоқтатуымыз қажет. Күрделі сөздер бірігіп тұрмаса өз қасиеттерін жоғалтып,жалаң сөзге айналады деу ақымақтық.

Біз кез-келген жағдайда күрделі сөздердің бірге не болмаса бөлек жазылуында, ойымызда күмән туса орфографиялық сөздікке жүгінуіміз қажет. Бірақ қазақ тілінде соңғы шыққан он бес томдық орфографиялық сөздіктің сапасы сын көтермей тұр. Ненің дұрыс,ненің бұрыс екенін айыру тым қиын.


15 томдық «Қазақ әдеби тілінің сөздігінде» (ҚӘТС-те) қара тал, қара терек, тас ошақ деген сияқты атаулар бөлек жазылып алыныпты. Бірақ осылардан ешқандай айырмашылықтары жоқ мына төменгі сөздердің 15 томдықта біріктіріліп жазылып, біріккен сөз ретінде алынуын құптай қою қиын. Мыс.: ақбидай, ақбұзаубас, ақдегелек, ақкөбелек, ақкөде, ақләйлек, аққайың, аққарағай, аққоңырбас, ақмарал, ақтал, ақшағала, алақарға, бозбұйырғын, бозжусан, бозкөде, бозтал, жерошақ, жылыжүзді, зайсансексеуіл, зымырантасығыш, көкшешек (ауру), қараала, қараалқа, қараалма, қараандыз, қарабаялыш, қарадегелек, қараләйлек, қарашағала, қисықсызық, сарыкүзен, сарықараған, сарықарақат, шыныбалқыту, т.б.
Құрылым-құрылысы бірдей, сондықтан жазылулары да бірдей болуға тиісті біртектес сөздердің біразы ҚӘТС-те біріктіріліп жазылып, біразы онда бөлек жазылып алынған (кес­теге қараңыз).

Ал бөлек жазылғандардың қатарында ақ аю, қоңыр аю, ат өтпес, бас бармақ, көк түйнек (ауру), кіндік шеше, қара қағаз, қисық төс (түйе), қызыл асық, мама ағаш, топан су дегендер де бар.
Теориялық тұрғыдан алғанда тұрақты тіркестердің (фразеологизмдердің) құрамына кірген сөздер бөлек жазылуға тиісті. Олар бейнелі, образды түрде, ауыспалы мағынада қолданылады. Ал мына төменгілер сияқты бірқатар фразеологизмдер ҚӘТС-те біріктіріліп жазылып, атау сөз ретінде алыныпты: ақкөңіл, ақниет, алауыз, басбұзар, желаяқ, көкбармақ, көкмылжың, қарабет, қарақазан, қараниет, қаратаяқ, қумүйіз, сарыауыз (бала), сарыезу (жас), тікбақай, шуаяқ, т.б.Бұл – әрине, тұрақты тіркестердің (фразео­ло­гизмдердің) табиғатын танымағандық деген сөз.
Біртиптес сөздердің біреулері ҚӘТС-те бар, екіншілері онда жоқ, біреулері бірге жазылған, екіншілері бөлек жазылған, т.с.с. Мәселен, ҚӘТС-те ақ аю, қоңыр аюлар – бар, ал қара аю – жоқ. Есесіне ҚӘТС-те сары аю деген бар. Аққайың қазақ тілінің орфографиялық сөздігіне сай бірге жазылған. Онда жоқ қотыр қайың тіркесі – сөздікте бөлек жазылған.
Дәл осылар сияқты орфографиялық сөздікте бірге жазылған жерошақ, тасошақ сөздері 15 томдықта бар. Бірақ жерошақ сөзі онда бірге жазылып, тас ошақ сөзі бөлек жазылып берілген. Орфографиялық сөздікте жоқ темірошақ сөзі 15 томдықта бір жерде бірге , екінші жерде бөлек жазылып, екі рет алыныпты. Көкшешек (ауру) – бірге, қара шешек – бөлек жазылған.
Орфографиялық сөздікте бірге жазылып көрсетілген көкшыбын, қарашыбын сөздері­нің екеуі де 15 томдыққа алынған. Айырмашы­лық­тары: қара шыбын сөзі бөлек жазылып, «қара» сөзіне де, «шыбын» сөзіне де алынса, көкшыбын сөзі бірде – бірге, бірде – бөлек жазылған.
Мәні, маңызы, мағынасы, тілде атқара­тын қызметтері жағынан бірдей болып келетін аяқкиім, баскиім, ішкиім дегендер орфографиялық сөздікте бірге жазылғандықтан, олар 15 томдықта бірге жазылып, бір-ақ реттен алыныпты. Дұрыс делік. Аталған сөздерден ешқандай айырмашылықтары жоқ асықты жілік, кәрі жілік, ортан жілік, тоқпақ жілік//тоқпан жілік дегендер орфографиялық сөздікте бөлек жазылғандықтан ҚӘТС-те бұлардың әрқайсысы бірінші және екінші сөздері бойынша екі реттен алынған. Ал ақ аю, қара аю, қоңыр аю дегендер мен қара бұрыш, қызыл бұрыш дегендер де орфографиялық сөздікте бөлек жазылған. Сондықтан олар 15 томдыққа да бөлек жазылып алынған.
Мұндағы қарабұрыш – бірге жазылатын сөз. Өйткені ол қызыл бұрыш, көк бұрыш дегендер сияқты бұрыштың түсіне қарай аталып тұрған жоқ. Қарабұрыш – асқа дәм беретін дәмдегіштердің өз алдына жеке бір түрі. Оның үстіне қарабұрыштың түр-тұрпаты да бөлекше. Бұған керісінше, ақбидай, қарабидай дегендер орфографиялық сөздікте бірге жазылғандықтан, олар 15 томдықта да бірге жазылып алыныпты. Ал қызыл бидай 15 томдықта жоқ.
Бізге салса, қарабидайды бірге жазғанмен, ақ бидай мен қызыл бидайды бөлек жазған болар едік. Себебі ақ бидай, қызыл бидай дегендер бидай дәндерінің түсін көрсетіп, бидай түрлерінің атауын білдіреді. Ал қарабидай болса, ол бидайдың түсін білдірмейді, дәнді дақылдардың бірі ретінде қолданылады.
Сондай-ақ қазақ тілінің орфографиялық сөздігінде бөлек жазылғандықтан азу тіс, ақыл тіс, ит тіс, күрек тіс, қасқа тіс, сүт тіс, ұрыс тіс дегендер мен ауыз омыртқа, бел омыртқа, мойын омыртқа дегендер ҚӘТС-те де бөлек жазылып, әрқайсысы бірінші, екінші сөздері бойынша екі реттен алынған. Біз болсақ, бұл сөздерді біріктіріп жазған болар едік.
Тілімізде будиірмен, желдиірмен, қолдиірмен, судиірмен деген диірменнің түрлері бар. Бұлар орфографиялық сөздікте бірге жазылған. 15 томдықта бұлардың ішіндегі будиірмен, қолдиірмен деген екеуі біріктіріліп жазылып бір рет алыныпты да, диірмен сөзіне барғанда олардың бәрі бөлек жазылып, тіркес ретінде екінші рет алынған.
Орфографиялық сөздікте тасжол, теміржол деген екеуі біріктіріліп жазылған да, қалған күре жол, қасқа жол, шойын жол дегендер онда бөлек жазылған. Ат жол, соқпақ жол дегендер орфографиялық сөздікте жоқ. 15 томдықта бұлардың ат жол дегеннен басқаларының бәрі берілген. Бірақ олар бөлек жазылып, бірінші, екінші сөздері бойынша екі реттен алынған.
Орфографиялық сөздікте «ішек» ұғымына байланысты атаулардың бәрі біріктіріліп жазылып берілген. Олардың ішіндегі ашішек, соқырішек дегендер 15 томдықта бірге жазылып берілсе, тоқ ішек, ащы ішек дегендер онда бөлек жазылып алынған.
Екінші сыңары «май» сөзімен аяқталған біртектес сөздердің біразы (мысалы, жермай, қарамай, сарымай//сармай, ішмай дегендер) орфографиялық сөздікте де, ҚӘТС-те де бірге жазылып алынған. Біразы, мәселен, бетмай, сумай дегендер орфографиялық сөздікте де, ҚӘТС-те де жоқ. Ал майдың бүйрек май, шарбы май деген түрлері орфографиялық сөздікте бөлек жазылып берілгенмен бұлар ҚӘТС-ке алынбаған. Себебі түсініксіз. Бір сөзбен айтқанда, біртиптес сөздердің алынуы ҚӘТС-те шым-шытырық.
Сөздердің бірге немесе бөлек жазылуында үлкен мән бар. Бірге жазылса, ол – бір сөз. Бір нәрсенің (заттың, сынның, қимылдың, т.б.) атын білдіреді. Ал бөлек жазылса, ол – сөз тіркесі, яғни түрлік атау. Түрлік атауды құрайтын сөздердің арасында лексикалық, грамматикалық, синтаксистік байланыс болады. Алайда бөлек жазылған сөздердің бәрі түрлік атаулар емес. Олардың ішінде бөлек жазылса да, бір сөздің қызметін атқаратын бас бармақ, қызыл асық, ортан терек, шылдыр шүмек дегендер сияқты күрделі (тіркесті) сөздер де болады. Мұндайларды ажырата білгеніміз абзал.
Бұл сөздікке қарағанда Байынқол Қалиевтің түсіндірме сөздігі көш ілгері жақсы. Ол туралы автор өз кітабының кіріспесінде былай деп сөз қозғайды:
«15 томдықтағыдай бір сөзге екі түрлі: бірі – жалпы халықтық, екіншісі – ғылыми, терминологиялық анықтама беруден де біз іргемізді аулақ салдық. Себебі ғылыми анықтама жалпы халықтық сөздіктерде емес, жоғарыда айтқанымыздай, терминологиялық немесе энциклопедиялық сөздіктерде берілуге тиісті.
Етістіктің етіс тұлғалары мен қимыл атау тұлғалары 15 томдықта əртүрлі мағыналарға сараланып беріліпті (Мəселен, шапқылас сөзі – екі мағынаға, шапқылат сөзі – екі мағынаға бөлінген). Ол мағыналарды оқып көрсек, түбір етістіктегі (шапқыла) мағыналар осы жерде де қайталаныпты. Тек əлгі мағыналарға етістік, қимыл атаулық реңктер ғана үстелген. Сондықтан біз өз сөздігімізде мұндай тұлғаларды мағыналарға бөлмей, «Бəлен етістіктен жасалған түген етіс», «Бəлен етістіктің қимыл атауы» деген тəрізді тек грамматикалық қана мағына берумен шектелдік.
15 томдықта жоқ тұрақты тіркестер мен күрделі сөздерді сөздікке алу үшін, алдымен олар тіркелуге тиісті атау сөздерді бас əріптермен ірі етіп теріп алып, оған қос нүкте қойдық та, содан кейін əлгі тілдік бірліктерді (тұрақты тіркестерді) əліпбилік жүйе бойынша орналастырып, əрқайсысына жеке-жеке анықтама жəне мысал бердік.
Тұрақты тіркестер (фразеологизмдер мен күрделі сөздер) өздері қанша сөзден құралса, 15 томдықта олар сонша рет қайталанып алыныпты. Мəселен, ақ ши тіркесі онда «аққа» да, «шиге» де алынған. Ауызға алды тіркесі «ауыз» сөзіне бір рет, «ал» сөзіне екінші рет алынған. Аяқ алып жүргісіз тұрақты тіркесі əр сөзі бойынша – үш рет, төбе шашы тік тұрды тұрақты тіркесі – төрт рет қайталанған. Басқа тұрақты тіркестер мен күрделі сөздердің көпшілігі де дəл осылар тəріздес. Біз өз сөздігімізде тұрақты тіркестер мен күрделі сөздерді бірінші сөзі бойынша ғана бір-ақ рет алдық. Сонда тұрақты тіркестер бір сөздікте бірнеше рет қайталанбайды жəне тіліміздегі тұрақты тіркестердің санын 15 томдықтағыдай шамадан тыс көбейіп кетпейді.»
Ойымды қорытындылай келсем қазақ тіліндегі күрделі сөздердің жазылу емлесі әлі күнге дейін үлкен дау тудырып келе жатқан үлкен мәселелеріміздің бірі. Әр ғалымның пікірі әртүрлі. Аққу,шортан,һәм шаяң мысалындағыдай әр заман өкілдері әртүрлі бағытқа тартып жатыр. Ең абзалы тіл білімі саласының негізін қалаған Ақымет атамыздың теориясына сүйене отырып тіліміздің табиғатын,үндесім заңдылығын бұзбай, сөздерді бірге жазуға құмарланбай күрделі сөздерді табиғи қалпында хатқа түсіру.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


1. Құралай Күдеринова БІРГЕ және БӨЛЕК ЖАЗЫЛАТЫН СӨЗДЕРДІҢ ОРФОГРАФИЯСЫ
2. А.Салқынбай «Қазақ тілі: сөздік құрам»
3. Б.Момынова,Ж.Саткенова « Қазақ тілінің морфологиясы» оқулығы
4. www.ulagat.com Бірге және бөлек жазылатын сөздер мақаласы.
5. М.Оразов «Қазақ тілінің семантикасы»
6. Б.Қалиев «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі»

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет