1. «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша қабылданатын емтиханның мақсаты мен міндеттері


Көркем шығарманы оқыту барысында оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру



бет16/22
Дата11.12.2023
өлшемі225 Kb.
#136943
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22
Байланысты:
Казахский язык и литература - каз (1)

2. Көркем шығарманы оқыту барысында оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру.
Әдеби шығармаларды оқу, қабылдау ерекшеліктері. Поэзиядан, драмалық туындылардан гөрі әңгімелерді, қарасөзбен жазылған шығармаларды оқуға ынталы болып келеді. Балалар мен жасөспірімдерді кітап оқуға баулу, оқырмандық мәдениетін қалыптастыру. Әдеби шығармаларды талдауда оқушылардың өз пікірін, ойын, әсерін білу.
3.Әдеби талдаудың негізгі тәсілдері мен бағыттары.
Әдеби шығармаларды сыныпта оқыту жолдары. Жоғары сыныптарда көлемді шығармаларды оқытудың үй жұмыстары арқылы жүзеге асуы.
4. Көркем шығармамен жұмыстың негізгі кезеңдері, басты бағыттары.
Кіріспе жұмыстары. Кіріспе жұмыстары өтілгелі отырған тақырыпқа оқушыны қызықтыру, эмоцияларына әсер ету мақсатында жүргізу. Оны әңгімелеу, сол тақырыпқа байланысты қызықты қосымша материалдарды, көрнекіліктерді пайдалану арқылы немесе кинофрагменттерді көрсету, күйтабақ тыңдау т.б. жұмыстар негізінде ұйымдастыруға болады. Көркем туындыны оқыту. Көркем мәтінді талдау.
5. Сабақ үлгілері мен түрлері.
Дәстүрлі емес сабақ түрлері. Жаңа тақырыпты оқытуда, болжауда шешуші тұлға – мұғалім. Мұғалімнің әрбір әдісті алдын ала болжап, сабақ өту барысында жүйелі әрқайсысын өз орнына қою – оқу мәселелеріндегі ең маңызды кілт. Әдістерді таңдап алу – ең күрделі үрдіс.
7. Эпикалық шығармаларды оқыту.
Эпикалық шығармалардың өзіне тән ерекшеліктері. «Абай жолы» эпопеясын оқытудың жолдары. Әңгіме жанрын оқыту және оны оқытуда қолданылатын тәсілдер. Мысал, ертегілерді оқыту. Батырлар жырын оқыту. Эпикалық шығармаларды оқытуда қолданылатын тәсіл, оқыту принциптері және өзіндік ерекшеліктер.
8. Лириканы оқыту.
Лирикалық шығармаларды орта мектепте оқыту жолдары. Лирикалық шығармаларды өтуде оқушылардың шығармашылық жұмыстары. Лирикалық шығармаларды көркемөнер туындыларымен байланыстыра өту тәсілдері.
9. Әдебиет сабағындағы тіл дамыту жұмыстары.
Оқушыларды тіл мәдениетіне баулу. Ауызша тіл шеберлігіне баулу. Жазбаша тіл дамыту. Оқушыларды тіл мәдениетіне баулу арқылы сабақты өткізу, ұйымдастыру. Ауызша тіл шеберлігіне баулу және жазбаша тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет