1. «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша қабылданатын емтиханның мақсаты мен міндеттері



бет18/22
Дата11.12.2023
өлшемі225 Kb.
#136943
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
Казахский язык и литература - каз (1)

18. ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы қазақ еліндегі жаңаша оқу-ағарту бағыты.
XIX ғасырдағы қазақ зиялыларының оқу-ағарту ісі туралы толғаныстары. Ш.Уәлихановтың ой-пікірлері. Ы.Алтынсариннің мектебі мен оқу құралдары, түзілісі. А.Құнабаевтың оқу-білім жөніндегі пікір-талаптары.
19. Жоғары мектепке арналған әдебиет оқу бағдарламалары, түзушілері мен түзілісі.
ЖОО-да әдебиет пәндерін оқытудың методологиясы. Жоғары оқу орындарындағы әдебиет пәндерінің оқу бағдарламалары. Қазақ әдебиеті тарихына қатысты пәндердің әр жылдарда шыққан оқу бағдарламалары, олардың жасалу тәртібі, алға қойған мақсат-мұраттары. Әдебиет пәндері бағдарламаларына негіз болған ресми құжаттар. Оқу бағдарламасын жасаушылардың білім-білік, іс-тәжірибелері. Оқу бағдарламаларының бөлімдері, тараулары, тақырыптары. Әр тақырыпқа берілген қысқаша нұсқаулар мазмұнының атқаратын рөлі.
20. Әдебиет пәндерінің жоғары мектептегі оқу құралдары, оқулық жазу ісі.
Оқулық жазу ісінің маңыздылығы, жауапкершілігі, оқулықтың тілі, ғылыми деңгейі. Оқу хрестоматияларын құрастырудың өзіндік ерекшеліктері, онда қамтылатын әдеби мәтіндердің көлем мөлшері. ЖОО-ға арналған әдебиет пәндері оқу құралдарын жазған, түзген белгілі әдіскер ұстаздар.
21. Жоғары мектептегі әдебиет дәрістерінің түзілісі, мәтіндері.
Дәрістердің түзілісі мен баяндалу ерекшеліктері. Дәріс дайындау – творчестволық процесс. Арнаулы курс түрлері мен дәрістерінің сипаты. Дәріс сабақтарында прозалық шығармаларды талдау. Дәрістерде келтірілетін дәйек-мысалдардың алатын орны. Драматургиялық мәтіндер табиғатын таныту.
22. Жоғары мектептегі семинар сабақтары, оған қойылатын талаптар, жүргізілу барысы.
Семинар сабақтары, оған қойылатын талаптар, жүргізілу барысы. Лабораториялық сабақтардың өзіндік ерекшеліктері. Студенттер атқаратын, жүзеге асыратын жұмыс түрлері. Әдебиет пәндері және курстық ғылыми жұмыстар, қорғалу сипаты.
23. Жоғары мектепте әдебиетті оқытудағы қазіргі жаңа технологияларды пайдалану тәсілдері.
Әдебиет пәндерін оқыту барысында әдістеменің бұрынғы қалыптасқан тәжірибелерін сақтай отырып, жаңаша тәсілдерді өмірге батыл енгізу. Телевизия, компьютер, интерактивті тақталар арқылы көркем әдебиет шығармаларын оқушыларға тиімді де жедел тәсілдер арқылы түсіндіру. Жаңа технологияларды пайдалана отырып жүргізілетін әдебиетті оқытудың түрлері: дамытпалы оқыту, проблемалы оқыту, модульдік оқыту, деңгейлік оқыту, компьютер арқылы әдеби мәтіндерді меңгерту технологиясы, оқытудың жобалау технологиясы, әдеби-теориялық ұғымдарды меңгерту үлгілері, оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамыту мәселелері, шығарма жазуға төселдіру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет