1. Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері


Қазақ тілін оқытудың әдістемелік жүйесі



бет2/2
Дата22.12.2023
өлшемі72,8 Kb.
#142620
1   2
Байланысты:
Дәріс тезистері (1)

Қазақ тілін оқытудың әдістемелік жүйесі


Қазақ тілін оқыту әдістемелік жүйесі. Қазақ тілін деңгейлік оқыту дегеніміз – әр білім алушының қазақ тілінде сөйлеу деңгейін анықтай отырып, әркімнің сұранысы мен тілді білу деңгейіне сәйкес қазақ тілін коммуникативтік-танымдық тұрғыдан меңгерту; деңгейлер бойынша ауызша/жазбаша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру; тіл үйренушінің түсіну, сөйлеу, жазу, тілдесу дағдыларын қарапайымнан күрделіге бағытталған талаптар бойынша дамыту.
Қазақ тілін деңгейлік оқытудың түпкі нәтижелері ретінде Қазақ тілін деңгейлік меңгерту – қазіргі кезеңде өзекті мәселелердің бірі. Себебі қазақ тілін оқытуда оқушының қазақ тілін білу деңгейін анықтап, әр оқушының тілді білу дәрежесіне сәйкес қазақ тілін үйрету маңызды. Қазақ тілін деңгейлік меңгертудің мақсаты – қазақша тілдік қатынасқа қажетті ережелер мен қатысымдық бірліктерді таңдап қолдану арқылы тіл үйренушіні өз деңгейінде ойын дұрыс, түсінікті жеткізе білуге үйрету. Қазақ тілінде тыңдағанын және оқығанын түсінуге дағдыландыру, сөйлеуге, жазуға үйрету. Осы тұрғыдан келгенде студенттерге тілдік қатысым теориясын, тіл бірліктерін функционалдық тұрғыдан оқыту әдістерін игерту көзделеді.
Тіл үйретудегі тиімді әдістерді классификациялау туралы түрлі көзқарастар. Лингвистикалық әдістер және олардың қазақ тілін меңгертуде қолданылуы. Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде мемлекеттік тілді оқыту әдістері, олардың түрлері мен маңызы, ерекшеліктері.

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар:


1. Әдістемелік жүйенің құрылымын жіктеу;
2. Қазақ тілін меңгертуде ұсынылатын білім мазмұнын талдау.




№ 7
дәріс

Дәріс жоспары:
1.Сөйлесім әрекеті және оның түрлері;
2. Тілдік қатынастың жүзеге асу формалары;
3. Тыңдалым мен оқулым;
4. Айтылым мен жазылым, тілдесім.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Сөйлесім әрекетінің түрлері, ерекшеліктері және оны оқыту әдістемесі
Сөйлесім әрекетін лингвистикалық, әдістемелік әдебиеттерде төрт түрге бөледі: сөйлеу, оқу, жазу, түсіну. Ал Ф.Ш.Оразбаева қазақ тілінде бұрын зерттелмеген сөйлесім әрекетін бес түрге бөліп қарастырып, алғаш рет біркелкі терминдер атауын ұсынады: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым, тілдесім. Бұл терминдер тілші-ғалымның әдістемелік зерттеулерінің нәтижесінде туындаған жаңа терминдер. Сөйлесім әрекетін бірыңғай атаулармен беруін былай негіздейді: аталған сөйлесім әрекетінің барлық түрлеріне тән ең басты көрсеткіш – түсіну. Себебі екі адам бір-бірінін айтқанын түсінбесе, ұқпаса, онда пікірлесу мен сөйлесу де жүзеге аспайды.
Оқылым – графикалық таңбалар арқылы қағаз бетіне түскен сөздер мен тіркестердің мағынасы мен мазмұнын саналы түрде түйсініп, одан қажетін сұрыптап алу. Жазылым – әріптің, сөздің графикалық таңбасы арқылы іске асады; бұл графикалық таңбалар фонемалық және мағыналық қасиетке ие болады; жазылым құбылысында сөйлесім әрекетінің барлық түрі қатысады; жазылым қағаз бетіне түскен материалдың түсінікті, жүйелі болуына байланысты жүзеге асады. Тыңдалым – «аудирование» деген термин «есту арқылы түсіну» деген мағынаны білдіреді. Бұл терминнің ең негізгі мәні – адамдар арасындағы қарым-қатынасты жүзеге асыратын тілдік тұлғаларды тыңдау, есту арқылы қабылдау және ұғыну. Тыңдалым үдерісі тілдік қарым-қатынастағы сөзді қарапайым есту құбылысынан бөлек. Есту – дыбысты акустикалық жағынан қабылдау, ал тыңдалым тек есту ғана емес, сонымен қатар мағыналы, маңызды хабарды ұғу, қажетіне жарату.
Тілдік қатынастың тіл білімінде ғылыми зерттелуі тілді оқытудың қатысым әдісін (коммуникативный метод) тудырды. Айтылым. Тілді оқытудың мақсаты оқушыны айтар ойын дұрыс, жүйелі жеткізе білуге үйрету. Айтылым – адамдар арасындағы тілмен түсінісуді жүзеге асыратын сөйлесім әрекетінің бір түрі. Тілдік қарым-қатынас барысында адамның өз ойын жарыққа шығару үдерісі. Айтылым бір адамға тән болғанмен, тілдік қатынаста екі жакты байланыстың болуын қажет етеді. Тілдесім - сөйлесім әрекетінің барлық түрлерін қамтиды.

Дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар


1. Сөйлесім әрекетінің түрлерін жіктеу;
2. Тыңдалым мен оқулымды меңгреуге қойылатын талаптар. оқылым түрлері;
3. Айтылым, жазылым, тілдесімді оқыту.




№ 8
дәріс

Дәріс жоспары:
1. Тілдікқатынастың жүзеге асу формалары және ұқсастықтары мен айырмашылықтары;
2. Сөйлесім түрлері; Монологтік сөз, түрлері, құрылымы.
3. Диалогтік сөз, түрлері, ұстанымдары;

Дәрістің қысқаша мазмұны:


Сөйлесім түрлерін оқыту әдістемесі (монологтік, диалогтік, полилогтік сөз)
Қазақ тілін оқыту сөйлесім әрекетінің түрлерін сабақта тұтас бірлікте қолданумен байланыстылығы. Сөйлесім әрекетінің тілдік жүйемен және қарым-қатынас жағдаятына негізделген хабарды беру және қабылдау, шығармашылық және рецепция үдерісі екендігі. Ол тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым, тілдесім секілді негізгі сөйлесім әрекетінің түрлері арқылы іске асады.
Сөйлесім әрекетінің түрлерін (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым, тілдесім) қатысымдық бағытта өзара сабақтастыра қолдану, білім алушының қазақша дұрыс сөйлеуі мен сауатты жазуына ықпал етеді.
Сөйлесім әрекетінің түрлерін оқытудың нәтижесі: айта алу, тыңдай алу, оқи алу және жаза алу сөйлеу біліктіліктері болып табылады. Сөйлеу біліктіліктері – қарым-қатынас үдерісінде сөйлесім әрекетін орындай алу қабілеті. Кез-келген адам тілді меңгере алады, бірақ тілді меңгеру деңгейі (сөздік қордың көлемі, грамматикалық құралдарды меңгеру деңгейі, стильдерді және т.б. меңгеру) әр түрлі болады.

Дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар


1. Тілдікқатынастың жүзеге асу формалары және ұқсастықтары мен айырмашылықтарын дәлелдеу;
2. Сөйлесім түрлерін жіктеу;
3. Монологтік сөздің түрлерін жіктеу, құрылымын талдау;
4. Диалогтік сөз түрлерін, тектерін, типтерін жіктеу, диалогтік сөйде басшылыққа алынатын ұстанымдарды талдау;
5. Полилогтік сөз, түрлерін жіктеу;
6. Сөйлесім түрлерін меңгертуге бағытталған тапсырмалар жүйесін дайындау.




№ 9
дәріс

Дәріс жоспары:
1.Қазақ тілінің оқу бағдарламалары;
2.Оқу-әдістемелік кешен және оның құрамы;
3. Оқулық – ОӘК-нің дидактикалық өзегі. Оқулықтың қызметі.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Қазақ тілін оқытуға негіз болатын базалық-нормативтік құжаттар. Оқу-әдістемелік кешен
Оқу-әдістемелік кешеннің құрамы мыналарды қамтиды:
1) курстың мазмұнын, көлемін, оны меңгерту мен оқыту ретін анықтайтын материалдар: стандарт, бағдарлама. "Қазақ тілі" пәнінің оқу бағдарламасы - пән бойынша оқушылардың барлығы қол жеткізуі тиіс білім мазмұнының минималды көлемін, оқу жүктемесі көлемін және білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптарды құзіреттілік тұрғысынан анықтайтын базалық-нормативтік құжат.
Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі пәніне арналған оқу-әдістемелік кешен: бағдарлама, оқулық, мұғалім кітабы, дидактикалық материалдар, лексикалық минимум, диктанттар мен мазмұндамалар жинағы, оқушылардың тілін дамытуға арналған хрестоматиялар, сынақ, емтихан сұрақтары, тест жинағы, деңгейлік тапсырмалар жинағы, сөздік, суреттер, тірек-сызбалар, кеспе қағаздар жинағы, қызықты грамматика материалдары, т.б. Қазақ тілі оқулығы. Оқулықтың жасалу теориясы, оқулықтың жүйелік-құрылымдық сипаты. Қазақ тілі оқулықтарының даму жолы және оқулықтағы теориялық және практикалық материалдардың берілуінде сәйкестіктердің сақталуы. Мемлекеттік тіл ретіндегі қазақ тілі оқулықтарының ерекшеліктері. Лексикалық және теориялық материалдардың берілу логикасы. Лингвистикалық материалды оқу мақсатына сәйкес лингводидактикалық тұрғыдан меңгерту негіздері. Жаттығуларды, тапсырмаларды оқулықтарда орналастыру желісі.

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар.


1. Оқу бағдарламасы, құрамы.
2. Оқулық, оның құрылымы, ғылыми- әдістемелік аппараты;
3. Оқулықтың серіктері: мұғалім кітабы, лексикалық минимум, дидактикалық материалдар жинағы, дәптер (1-4-сыныптар).




№ 10
дәріс

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Сабақ және оның түрлері;
2. Қазақ тілін меңгертудің тиімді және белсенді әдістері;
3. Білім беру жүйесіндегі инновациялық технология;
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Сабақ және оның түрлері. Әдіс. Қазақ тілін оқытудағы инновациялық технологиялар.
Интерактивті әдістер білім алушылардың түрлі топтық, жұптық, ұжымдық тапсырмаларды орындау барысындағы өзара әрекетін ұйымдастырудың тиімді жолы ретінде қолданылады.
Оқытудың интерактивті моделін қолдану өмірлік жағдаяттарды модельдеуді, рөлдік ойындарды пайдалануды, мәселені бірлесіп шешуді көздейді. Мұнда оқу үдерісінде белгілі бір тұлғаның немесе идея иесінің тілді білу деңгейі мен қабілетіне мән беріледі. Тіл үйренуші өз ұстанымы бар әрекет субъектісіне айналады.
Қазақ тілін оқытудың нәтижелі болуы инновациялық технологияларды саралап пайдалануға байланысты. Оқытудың әдістерін бір мақсатқа жұмылдыра ұйымдастыруда оқыту технологияларын талғап қолдану маңызды. Тілді оқытуда ең жиі қолданылатын технология – оқытудың коммуникативтік технологиясы. Сөйлесім әрекетінің түрлерін (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым, тілдесім) қатысымдық бағытта өзара сабақтастыра қолдану, білім алушының қазақша дұрыс сөйлеуі мен сауатты жазуына ықпал етеді. Бұл технологияның мақсаты – білім алушының тілдік қарым-қатынастағы тілдесім шеберлігін қалыптастыру. Аталған технология оқу үдерісінде монологтік, диалогтік, полилогтік тілдесімге қажетті жағдайларды туғызады.

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар:


1. Сабақ және оның түрлері. Әдіскер-ғалымдардың сабақ түрлерін классификациялауын салыстыру;
2. Қазақ тілін меңгертудің тиімді әдістерін талдау, сабақ үлгілерін дайындау.
3. Интербелсенді әдістерді жіктеу. Тапсырмалар жүйесін дайындау.
4. Технология ұғымын талдау. Н.Беспальконың тұжырымы бойынша технология болудың шарттарын жіктеу;
5. Тіл үйретудегі заманауи инновациялық технологияларды талдау.




№ 11
дәріс

Дәріс жоспары:
1. Қазақ тілі лексикологиясын зерттеген ғалымдар;
2. Лексиканы оқытудың ұстанымдары (Айғабылов А.);
3. Қазақ тілді емес мектептерде лексиканы меңгертудің кезеңдері;
4. Лексиканы меңгертудің әдістеріі.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Лексиканы қатысымдық тұрғыдан оқыту әдістемесі
Оқушыларға қазақ халқының рухани мәдениетін танытуда, сөздік қор мен сөздік құрамды оқыту маңызды. Лексиканы оқытуда қазақ лексикологиясын зерттеген ғалымдар К.Аханов, І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев, Ә.Болғанбаев, Ғ.Қалиев, Ш.Сарыбев, А.Айғабыловтың еңбектері негізге алынады.
Оқушылардың тіл мәдениетін жетілдіруде лексика саласын оқытудың алатын орны зор. Сөз мағынасындағы түрлі мағыналық реңктерді меңгерген оқушының сөйлеу мәдениеті де жоғары болады. Демек, лексиканы оқытудағы негізгі мақсаттардың бірі оқушының дұрыс сөйлеуін қалыптастыру, ойын анық әрі айқын жеткізуге дағдыландыру. Оқушы сөздік қор мен сөздік құрамды толық меңгермей, тілдік қатынасты игере алмайды. Тілдік қатынас жасау оқушының сөз мағынасын орынды қолданған кезде ғана жүзеге асады. Ф.Оразбаева: «Тілдік қатынас – тіл арқылы байланыс, сөйлеу тілі арқылы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы; қоғамдық, ұлттық тіл арқылы ұғынысу, түсінісу» дейді. Лексика арқылы дұрыс сөйлеуге үйретуде Ф.Оразбаеваның тілдік коммуникация теориясына қатысты тұжырымдары басшылыққа алынады.
Орыс мектебінде қазақ тілін оқыту – қазақ сөздерінің, лексикасының мағынасын түсіну және оны дұрыс қолдануға үйрету. Лексиканы меңгерту лексикалық бірліктерді қабылдау, мағынасымен танысып түсіну, оларды ой елегінен өткізіп, есте сақтау және қатысымда қолдануға дағдылану, сөйлесімде оны тану әрекеттерінің сатылай жүйелі іске асуы ретінде қарастыруға болады.

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар:


1. А.Айғабылов ұсынған лексиканы оқытудың ұстанымдарын мысалмен дәйектеу;
2. Лексиканы меңгертудің кезеңдері және оларды мысалмен дәйектеу;
3. Лексиканы меңгертудің әдістері мен тәсілдері, оларды мысалдармен дәлелдеу.




№ 12
дәріс

Дәріс жоспары:
1. Фонетиканы зерттеген ғалымдардың еңбектеріне шолу;
2. Қазақ тілді емес мектептерде фонетиканы оқытудың мақсаты;
3. Фонетиканы меңгертудің әдістері.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Фонетиканы қатысымдық тұрғыдан оқыту әдістемесі
Фонетика - тіл білімінің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы. Әрбір тілдің дыбыстық жүйесін, түрлі заңдарын білудің маңызы зор. Қазақ тіл білімінде фонетиканы зерттеген ғалымдар: С.Мырзабеков, И.,Ұйықбаев, Ж.Д.Адамбаева, Ә.Жүнісбек («Қазақ фонетикасы»), М.Дүйсебаева (Фонетиканы оқыту). Фонетиканы оқытуда осы ғалымдардың еңбектері басты назарға алынады.
Тіл дыбыстарының қолданылу, жасалу ерекшелігін білмей, әдеби тілдің айтылу, жазылу заңдылықтарын игеру мүмкін емес. Баланың дұрыс дыбыстау мәдениетін қалыптастыру мектептке дейінгі балабақшада басталып, одан бастауыш сыныпта, одан негізгі сатыда жалғасын табады. Мектеп бағдарламасына сәйкес 5-сыныпта оқытылады. Мектеп оқушылары фонетиканы өту арқылы әдеби тілдің жазылу нормасы мен айтылу нормасын игереді. Оқушыларға айналасындағы адамдардың сөйлеуін бақылап, өзінің сөзінің дұрыс айтылуын қадағалауға, талдау жасауға үйрету керек.
Қазақ тілі пәнінде фонетиканы оқытудың негізгі мақсаты: оқушыларға тіл дыбыстары, олардың ойды білдірудегі маңызы, ерекшелігі, туралы мағлұмат беру; оқушылардың дұрыс дыбыстау мәдениетін дамыту; дыбыстық-әріптік талдау тәсілдерін дамыту және қалыптастыру; естіген дыбыстарды дұрыс жазу біліктіліктерін қалыптастыру.
Фонетиканы оқытудың мақсаты – оқушыларды дұрыс сөйлеудің эстетикалық талаптарын сақтауға, сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу және дұрыс сөйлеу нормаларын бұзу да орфографиялық қателіктер секілді қабылдауларын тәрбиелеу. Сондықтан үнемі балалардың сөйлеуін қадағалап, арнайы жаттығу тапсырмаларын, деңгейлік тапсырмаларды орынтау қажет. Фонетикалық жаттығуларды орындату арқылы оқушыларды қазақ тілінің дыбыстық жүйесі, әріп пен дыбыстың үйлестігі, сөздердің айтылуы мен жазылуындағы дыбыстық ерекшеліктерді сауатты жазу мен мәнерлеп оқуда пайдалана білуге дағдыландыру көзделеді.
Дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар:
1. Қазақ тілін меңгертудегі сингормонизм заңының маңызын дәлелдеу;
2. Қазақ дыбыстарын меңгертудің ерекшеліктерін (айтылу және жазылу) дәлелдеу;
3. Фонетикалық дағдыны қалыптастыруда орындалатын фонетикалық жаттығулар.




№ 13
дәріс

Дәріс жоспары:
1. Тіл үйретудегі грамматиканың рөлі;
2. Грамматика, грамматикалық категория, грамм. мағына, грамм. тәсіл, грамм. форма ұғымдары;
3. Грамматикалық минимумды іріктеудің ұстанымдары.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Грамматиканы қатысымдық тұрғыдан оқыту әдістемесі
Кез келген екiншi тiлдi меңгеруде грамматиканың орны ерекше, өйткені онсыз ойыңды жинақтап сөйлемге айналдыру, байланыстырып жеткiзу мүкiн емес. Грамматиканың қатысынсыз бейтарап сөздер жай ғана бытыраңқы жеке-
жеке ұғымдарды бiлдiретiнi сөзсiз. Демек, грамматиканы толыққанды тiлдесiмге жетудің құралы деп қарастыруға болады. Бiрақ үйренетiн тiлдiң ауқымындағы грамматикалық жүйе туралы бiлiм, ережелер, категориялар, ұғымдар туралы бiлiмдер сол тiлдi меңгергендiктiң көрсеткiшi бола алмайды. Үйренiп отырған тiлде шынайы коммуникациялық тiлдесiмге түскенде ғана сол тiлде сөйлеу сауаттылығына жетуге болады. «Лингвистикалық заңдылықтар мен грамматикалық ережелерді үйренбей тұрып, адам өз ойын дұрыс жеткізе алмайды, сол тілде сөйлей алмайды. Бір-бірімен байланысқа түспесе, белгілі бір сөздердің тобы қаншама көп болғанымен, ой түсініксіз болады. Айтайын деген ой ұғынықсыз болса, оны екінші адам түсінбесе, тілдік коммуникация да іске аспайды».

Дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар:



  1. Грамматиканың ойды сөйлемге айналдырудың, толыққанды тілдесімге жетудің құралы екендігі;

  2. Гарамматика, грамматикалық категория, грамматикалық мағына грамматикалық тәсіл, грамматикалық форма ұғымдары және олардың айырмашылығы;

  3. Пассивті грамматика мен активті грамматиканы анықтау;

  4. Грамматиканы іріктеудің ұстанымдары және оларды мысалмен дәлелдеу;

  5. Грамматикалық дағды және оның түрлері, қалыптасу кезеңдерін талдау, мысал келтіру;

  6. Дағдыны қалыптастыруда орындалатын жаттығу түрлері.




№ 14
дәріс

Дәріс жоспары:
1.Эссе және оның түрлері;
2. Эссе жазуда сыналатын дағдылар;
3. Эссенің құрылымы.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Эссе жазу әдістемесі
Эссе (француз тілінен-очерк) - автордың көзқарасын білдіретін кішігірім суреттемелік мәтін. Эссе - автордың өзіндік эмоциясымен көмкерілген философиялық толғауы (ның тоғысуынан пайда болған "ақпарат"). Жазу еркіндігі болғанмен эссе жазу оңай емес. Онда ерекше, бірегей идеялар бағаланады. Бір қарағанда еркін жазылатын эссенің композициясы ішкі логикалық байланысқа бағындырылуы керек. Автордың ойынан эссенің негізгі иедясы көрініп тұруы тиіс.
Эссенің міндеті оқиғаларды құрғақ баяндау емес, идеямен бөлісу, түсіндіру, көз жеткізу. Эссе автордың баяндауымен мақсатына жетеді. Онда кейіпкерлерді, сюжетті ойдан шығару қажет емес. Эссенің дәстүрлі шығармадан айырмашылығы мынада: шығармада көркем шығарманың элементтері болуы керек, ал эсседе автордың позициясы анық көрініп тұруы тиіс. Сонымен қатар, шығармадан айырмашылығы, эссенің тақырыбы автордың ойына бағыт қана бере алады. Автор өзі эссеге мазмұнын ашатын тақырып берсе болады.
Эссенің стилі ерекше болады. Оған бейнелілік, афоризмдердің қолданылуы, қарам-қайшылықтың болуы тән.
Автор өзінің дүниені қабылдауын жеткізу үшін: мысалдар келтіреді, салыстырады, ұқсастықтарын табады, ассоциацияларды пайдаланады.
Эссеге метафораларды, мифолjгиялық образдарды, аллегорияны, салыстыруды пайдалану тән.
Эссе ерекше тұжырымдар, күтпеген бұрылыстар, қызықты ойлар кіріктірілгенде қызықты болады.

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар:


1. Эссеге ұғымдық талдау жасау;
2. Эссе құрылымын жіктеу және түрлерін, оның ерекшеліктерін ашу;
3. Эссе жазуда сыналатын дағдыларды жіктеу;
4- Эссе жазу, оны талдау.






№ 15
дәріс

Дәріс жоспары:
1. Білім беру жүйесіндегі құзыреттілік бағыт;
2. Құзырет және құзыреттілік ұғымдары;
3. Құзыреттілік түрлері.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
“Қазақ тілі” пәні арқылы меңгертілетін құзіреттіліктер
Құзіреттілік түрлері: лингвистикалық құзіреттілік, қатысымдық құзіреттілік, лигвомәденитанымдық құзіреттілік, ақпараттық құзіреттілік, проблемалардың шешімін табу құзіреттілігі.
Ақпараттық құзіреттілік – тіл үйренушінің қатысымдық және танымдық мақсатқа байланысты өзіне қажетті ақпаратты табу, түсіну, оның мазмұнын жеткізу, талдау, өңдеу, сақтау, тапқан ақпаратты өзінің қажетіне қарай пайдалана алу және жаңа ақпараттық технологияларды игеру біліктілігі.
Коммуникативтік құзіреттілік – түрлі әлеуметтік-өмірлік жағдаяттарда қазақ тілінде ауызша және жазбаша түрде қатысымға түсу, қатысымдық міндеттерді шешу, өзінің ойын, пікірін, көзқарасын білдіре алу және диалогтік, полилогтік тілдесімге қатысып, әлеуметтік ортада өзін таныта алу біліктілігі.
Проблемалардың шешімін табу құзіреттілігі – күнделікті өмір жағдаяттарында өз алдына мақсат қойып, оны жүзеге асыруда тілден игерген білім, білік, дағдыларын ұтымды қолдана алу біліктілігі.
Лингвомәденитанымдық құзіреттілік – қазақ тілін меңгеру барысында қазақ халқының қатысымдық-сөйлесімдік ерекшеліктерін ескеру, тілдің лингвомәдени нормаларын сақтау, мәдениаралық қатынасты жүзеге асыру біліктілігі.

Дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар


1. Нәтижеге бағдарланған білім үлгісін талдау;
2. Құзырет және құзыреттілік ұғымдарын талдау, жіктеу;
3. Қазақ тілін меңгертуде қалыптасатын құзыреттілік түлерін талдау.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет