Эмоцияны білдірудегі демеулік шылауларлардың РӚлі әож 81/ 367. 635(5 Қаз) и 48 Демеуліктер жеке дара сҿйлем мүшесі бола алмайды, олардың морфологиялық құрылысы болмайды, лексикалық мағынасы жоқ
ЭМОЦИЯНЫ БІЛДІРУДЕГІ ДЕМЕУЛІК ШЫЛАУЛАРЛАРДЫҢ РӚЛІ ӘОЖ 81/ 367.635(5 Қаз) И 48 Демеуліктер жеке дара сҿйлем мүшесі бола алмайды, олардың морфологиялық құрылысы болмайды, лексикалық мағынасы жоқ. Десек те, кейбір демеуліктер ҿзінің лексикалық мағынасын толықтай жоғалтпағаны белгілі. Ондай демеулік шылаулардың лексикалық мағынасын қаншалықты сақтағаны анықталмағанымен, қандай да бір лексикалық мағынаға ие екендігі дау тудырмаса керек. « Демеуліктер деп ҿздері тіркесетін сҿздерге ҽр қилы қосымша реңктер (мағыналар) жамайтын сҿздерді айтамыз»,- дейді ғалым А.Ысқақов [1,374]. Демеуліктер сҿздер, сҿз тіркестері мен сҿйлемдерге эмоционалдық, экспрессивтік мҽн мен ҽртүрлі модальдық реңк беру үшін қолданылады. «Присутствие частиц делает речь более выразительной, придает ей «разговорную» окраску и вместе с тем обеспечивает более полное и более глубокое раскрытие содержания мысли»[2,94]. Демеуліктерді қолдану арқылы автор берілген іс- ҽрекетке ҿз кҿзқарасын, түрлі эмоциялық сезімдерін айқын кҿрсете алады. Демеуліктер ой мазмұнын толық, мейлінше терең аша түседі. Сҿйлем мен сҿздерге қосымша мағына үстемелеуде ҽрбір демеуліктің атқаратын қызметі ҽртүрлі. Демеулік шылаулардың негізгі қызметі айтылымға модальдік, экспрессивтік реңк, бояу беру. Осы тұрғыдан алғанда демеулік шылауларды екі топқа бҿліп қарауға болады: экспрессивтіайқындағыш демеулік шылаулар жҽне модальді шылаулар. Бұл топтардың арасында семантикалық айырмашылықтармен қатар, синтаксистік айырмашылықтар да бар. Алайда кейбір экспрессивті айқындағыш демеуліктердің жалғаулықтардың қызметін атқаратын тұстары да бар. Экспрессивті айқындағыш демеуліктер мен модальді демеуліктер семантикалық тұрғыдан бірдей емес, алайда кейде олардың мағыналары бір- бірімен жақын, тіптен бірдей болып тұратын тұстары да бар [2,97]. 86 Экспрессивті - айқындағыш демеуліктер. Демеуліктердің бұл тобы жеке сҿзді, сҿйлем мүшесін, кҿмекші сҿзді немесе сҿз тіркесін оңашалау, айқындау үшін қолданылады. Экспрессивті – айқындағыш демеуліктерді Щербак А.М мынандай үш топқа бҿліп қарайды: а) кеңесушіге белгілі жағдайды ескертуге бағытталған (анафорикалық функция); мұнда немесе анда тұрған затты кҿрсету (дейктикалық қызмет); б) логикалық тұрғыдан ерекше назар аудару; в) жекелік, нақтылықты баса кҿрсету мақсатында қолданылады [2,98]. Берілген семантикалық түрлердің арасында айқын бҿлінушілік жоқ. Анафорикалық шылаулар да, дейктикалық шылаулар да күшейту, ерекше кҿңіл аудару қызметін атқарса, ал күшейткіш шылаулардың кейде шектеу мағынасында қолданылып жататын тұстары да кездеседі. Дегенмен кейбір демеуліктердің мағынасында басымдылық бар. Ғана/қана. Қазақ тілінде ғана, қана демеулігіне ҿзінің алдындағы сҿзді немесе сҿз тіркесін даралау, жекелеу, нақтылау мағынасы тҽн. Оның үстіне ант берді емес пе? Кеше ғана! (М. Мағауин). Ҿз уақытын ұзақ дегенде бір сағатқа ғана рҽсуа қылуға бел байлаған адам ҿмірінің бар қадір- қасиетін түсінуге шамасы жетпеген тоғышар (Ч. Дарвин). Бұл сҿйлемдерде ғана демеулігі ҿзінің алдындағы кеше, бір сағатқа сҿздеріне нақтылау мағынасын жүктесе, Құрмантайды ғана бҿліп алмадың ағайынжұрағаттарынан, ұрпағын да үрім- бұрақсыз қалдырайын деп ниет қойғасың, сірҽ?! - Маған бҽйбішелік керек емес! Сен, сен ғана... жалғыз сен ғана (М. Мағауин) сҿйлемдеріндегі ғана демеулік шылауына нақтылықпен қатар даралық мағына да үстемеленіп тұр. Ғана демеулігінің кішірейту, еркелету мҽнге ие болуы дабайқалады. Мысалы, Жұдырықтай ғана бетіне үңіле берем, кімге ұқсағанын байқағым келеді. (Ш.Құмарова) Тілімізде кейде екі шектеулі шылаулардың қатар келуі де кездеседі. Ғана демеулігі мен тек демеулігінің қатар келіп, даралық, нақтылық мҽн үстемелеп тұруы кҿптеп кездеседі. Тек ол келгенде ғана. Бҽрі кҿңілді. Тек Кербез қыз ғана. (Ш.Құмарова) Тек, ғана, ды демеуліктерінің қатар келуі: Бұл жерде тек бір қыз ғана бар- ды. Тек, ақ, та демеуліктерінің қатар келуі: «Бүркіт ақылды жігіт боп ҿсіп келеді... жар болар қызын таңдай білген екен ... тек, аман – сау қосылғай- ақ та!..» деп тілейміз..(С.Мұқанов). Ау. -Ау демеулігі кҿбіне болжалдылық, сенімсіздік мҽнге ие. Осы айтып тұрғаным түсініксіз болды- ау. Бірінші жақта берілген қаратпа сҿздерге еркелету, мейлінше жұмсартып айту мҽнін береді. Не деген жақсы ырым, күнім- ау! -Қарақтарым-ау, отырсаңдаршы,- деді. -Ау демеулігі бірде шарасыздық сезімін, -Апыр- ау, мұныңыз қалай, басынғаныңыз ба?бірде таңданыс сезімін білдіруде де қолданылады. -Апыр- ау, шынымен есік қағылып тұрған жоқ па осы? Күнім- ау, құйтақандай ғой. (Ш.Құмарова) -Ау демеулігі етістікке тіркесе отырып, автордың пікірін растау, нақтылау, күшейту мҽнін үстемелейді, ризашылдық сезімін білдіреді. Ҿмірде адам жанын аялайтын, сыпайы, ҽдепті, сырына сымбаты сай осындай жігіттер де болады екен- ау! (Ш.Құмарова) Болжалдық сан есіміне тіркесіп, сҿйлемде берілген болжалдық мҽнді нақтылау, айқындау қызметін атқарады. Жалпы саны жүз шақты-ау деймін. -Ай. -Иҽ, шіркін-ай, мені тҿркініме апарып тастайтын шығарсың (Ж.Аймауытов) . Бұл қолданыстағы бағалауыштық құбылыс кейіпкер сҿзінің «Иҽ, шіркін-ай» – деп кекесінді басталуынан-ақ белгілі болады. Бұл қолданыстағы шіркін сҿзіне -ай шылауы тіркесіп, аңсауды, армандауды, ҿкінуді емес менсінбеуді, елемеуді білдіріп, «байғұс-ай» сҿзімен синонимдес мағынада қолданылып тұр. -Ай демеулігі сондай- ақ зат есімге тіркесіп, бірде ризашылық сезімін білдірсе, -Қарындас –ай, жоннан аққан құландай неткен ұшқыр едіңіз!- деген. -Е, Бҽрекелді!...Ой, сабазым-ай!..Топтың гүлі жаңа келді ғой!... енді бірде аяушылық сезімін білдіреді.-Байғұс бала-ай, үсіп ҿлетін болды- ау!(Ш. Құмарова). -Ақ. Сҿзге нақтылау, тиянақтау мағынасын жүктеу –ақ демеулігіне де тҽн құбылыс. Мысалы, Қазақ халқының ежелден қасиет тұтып келе жатқан ұлттық ҽуездік аспаптарының ішіндегі шоқтығы биік тұратыны – қобыз бен домбыра. Осы аспаптар арқылы хат танымайтын кездің ҿзінде- ақ халық композиторлары адам жанын жадыратар құдіретті күйлер шығарып, олар ұрпақтан- ұрпаққа кеңінен тарап отырды (Егемен Қазақстан). 87 -Ақ демеулігі тілде сан есімдерге жалғану арқылы сол санды даралап кҿрсетіп тұрады. Уақыт кері бағытта жүрмейді, бір- ақ бағытта, ҿткен шақтан келер шаққа қарай ҿтеді. -Ақ демеулігі есімдіктерді де даралау, шектеу мағынасын үстемелеп отыратындығы қазақ тілінде жиі кездеседі. Аузын ашқаны сол- ақ екен, кҿмейінен күміс күлкі тҿгіле жҿнелді. Қой, ғой демеулігі сҿйлемде бірде нақтылау мағынасын білдірсе , бірде қолпаштау мағынасын үстемелейтін жайттары бар. Мысалы: Үнемшіл болу дегеніміз – сараң болу емес қой.- Айдын, амансың ба? Мен Асқармын ғой деген сҿйлемдердегі демеуліктің атқаратын қызметі екі түрлі. Сараң болу емес қой деген сҿз тіркесінде нақтылау, берілген пікірді құптау мағынасы болса, Асқармын ғой дегенде айқындаумен қоса ақпаратты жұмсартып беру бар. Ғой демеулігі сондай- ақ даралау мағынасын да білдіреді. Асқардың туған жері Шортан қаласы деп едік қой. Сен ғой Кереймін дедің. Бұл мысалда ғой демеулігі сен есімдігін даралау арқылы адресанттың назарын берілген сҿзге ерекше аудару мақсатында қолданылып тұр. Қазақ тілінде сұраулық мағынаны білдіретін демеуліктерге ма, ме, ба, бе, па, пе демеуліктері жатады. Сұраулық демеуліктер сҿздің, сҿз тіркесінің, сҿйлемнің соңында келіп сұраулық мағына үстемелейтіні белгілі. Алайда ҽдеби тілде сұраулық шылаулардың сұраулы мағынаны білдірмейтін кездері де кездеседі. Мұндай кезде сұраулық демеуліктері ҿзі тіркесіп тұрған сҿзге, сҿз тіркесіне экспрессивтік мағына жүктеп тұрады. Мысалы, Қасқырдан бҿлтірік тумасын ба?(Б.Майлин), Шҿптібай жетіп келмесі бар ма?!(А.Н) Берілген сҿйлемдерде ма, ба демеулігі тумасын , келмесі бар етістіктеріне тіркесіп, сҿйлемдерге экспрессивті- эмоционалды реңк беріп тұр. Автор Шҿптібай жетіп келді деген болса, оның ішкі сезімі, эмоциясы оқырманға толық жетпеген болар еді, ол жетіп келмесі бар ма деген етістігі арқылы Шҿптібайдың келмейтін кезде келіп қалғанына ҿкініш сезімі беріліп тұр. Сондай- ақ Қасқырдан бҿлтірік тумасын ба сҿйлемінің астарында адамзатқа қасқырдан бҿлтірік туады деген айқын аксиоманы қайталаудан гҿрі, бұл да сол қасқыр іспетті деген мысқыл, сарказм жатыр. -Ша, -ше демеулігі кҿбіне ауызекі сҿйлеу тілінде кездесетін құбылыс. Демеуліктердің бұл түрі негізінен етістіктің шартты рай тұлғасынан кейін, есімше, есімдіктерден кейін келіп, нақтылау мағынасын жүктеп тұрады. - Сіз «Абай жолын» оқып па едіңіз? - Ал сіз ше? Адресант назарын аудару мақсатында күшейткіш мҽн береді. Мен ше мен не істемекпін сонда? -Шы, -ші демеуліктері бұйрық рай, қалау рай, шартты рай формаларын нақтылай түсу мҽніне ие болады. Шартты рай формасымен тіркесе отырып, оның беріп тұрған мҽнін нақтылай түседі. Айтылған ҿтініш немесе тілекті мейлінше жұмсартып айтуға бейімдейді. Мысалы, Бағанадан сарылып күтіп отыра бергенше ҿзім барсам шы. - Шы демеуліктерін кейбір ғалымдар ілеспелі (жалғаспалы ) демеуліктер те деп атаған [3] Экспрессивті – айқындағыш жалғаулық демеуліктер. Кейбір шылаулар жалғаулықтың да, демеуліктің де қызметін атқаратындықтан, аралық шылауларға жатады. Мұндай шылаулар кҿптеген түркі тілдерінде де кездеседі. Мысалы, түрік тілінде бу- да башка- да, ҿзбекше у узі һам дустларі һам. Сондықтан да «түркі тілдеріндегі кҿптеген жалғаулық шылаулар күшейткіш демеуліктерден шыққан» деген пікір бар [3,360]. Сонымен қатар контекске, сҿйлеу жағдаяттарына қарай бір демеуліктің бірнеше мағына беретін тұстары бар. Олар кейде құптау мағынасын білдірсе, кейде шектеу, кейде бір- біріне қарама- қарсы мағыналарды да беретін жайттары бар.Осындай демеулік шылаулардың қатарына да демеулігі жатады. Да/ де, та/ те демеуліктері. Да/ де, та/ те жалғаулық демеуліктері шартты рай формасымен тіркесе отырып, қарсылық мҽн береді. Мысалы, Кішкентай болса да ақылды. Кейде бұйрық райлы формаға тіркесе отырып, жалғаспалы мҽнге ие болады. Мысалы, Ол да барсын да. Да шылауының белгісіздік есімдігіне, болымсыздық есімдіктері мен үстеуге тіркесіп қолдануы ҿте кең кҿлемде тараған. Мысалы, кім де кім, бір де бала ойнамайды. Бірдей формадағы етістіктерді байланыстырып, күшейткіш мҽн беріп тұрады. Оны кҿргенде орнымда мелшиіп қаттым да қалдым. Жасҿспірім баласы болмағай да!.. Күйеуі осы болмағай да!.. (С.Мұқанов). Етістіктің ҿткен шақ формасына тіркесіп нақтылау мағынасын жүктейді . Барған да. Кеше бардым да кетіп қалдым. 88 Күшейту мҽнді білдіреді. Соның біріне де кҿз қиығын салмай, ауылдасы Қорабай деген қара дҽу, ҿзінен едҽуір үлкен бір белсендіге ғашық болып ҿлді де қалды. Жекелеу мҽнді. Сен де бір кірпіш дүниеге (Абай). Саластырмалы шырайдың рҿлін атқарып тұр. Күн астындағы Күнікейден де сұлу ма? Күрделі етістіктің оасында берілу арқылы іс- ҽрекетке ерекше назар аударту мақсатында ҿолданылады. Ерке едік, сондықтан ақымақ та едік (Ш.Құмарова). Майысып та кеткен жерің бар шығар, бірақ опырылмадың (Ш.Құмарова.) Баяндауыш етістікке тіркесіп, еді кҿмекші етістігімен мағыналас болатын тұстары да кездеседі. Қойдың бір саны- ары кеткенде екі- үш асым ет. Ҿйтсе, сырқат Раузасына сорпалап ішкізуге жетпесті. Қайыпжамал құрсауына іліккесін де аш ҿзегін ҿртеген ғашықтық дерті басылмаса керекті.(Ш.Құмарова) Модальді демеуліктер. Түгіл демеулігі. Түгіл демеулігі кейіпкердің жақтырмау, менсінбеу эмоциясын кҿрсетеді. Пранция деген ел, Сібір түгіл, ҽлгі Түркия, Ҽмериканың бҽрінен де ары. (Б. Соқпақбаев). Байтал түгіл, бас қайғы (мақал). Екеш демеулігі. Екеш демеулігі қайталау құралы ретінде қолданылады. Академик З. Қабдолов «Сҿз ҿнері» деген еңбегінде: «Қайталау – сҿз ҽсерін күшейте отырып, оқырман назарын айрықша аударғысы келген нҽрсені не құбылысты бірнеше мҽрте қайталап, айтар ойды, ұқтырар сырды ұғымға мұқият сіңіре түсу», - дейді [4,456]. Кҿркем ҽдебиетте экспрессия тудырудың айрықша түрі ретінде шылаулы қайталаулар да жиі қолданылады. Мысалы, Түйе екеш түйесіне дейін егін кҿрсе тап- тап беріп, шұқшыңдаған дихандарға күн бермей тұрса керек (Ҽ.Кекілбаев). -Мыс (-міс) демеулігі. Мыс демеулігінің ҿзге түркі тілдерінде кездесетін дыр демеулігімен мағыналас болып келетін жайттары бар. «Алтай тілінің грамматикасы» еңбегінің авторлары алтай тіліндегі дыр демеулігінің қолданысы туралы :а) кҿрінбейтін, ерекше іс- ҽрекет кезінде , б) күтпеген ҽрекет кезінде,в) күтпеген немесе қаламаған ҽрекеттің адамның тілегімен сҽйкес келген, келмеген жағдайдағы қуаныш немесе ренішті білдіру, г) шындыққа жанаспайтын ҽрекет, анық емес, күмҽнді ертегі, түс айту секілді ҽрекеттер, д) таң қалу, ойлану, түсінбеуді білдіреді делінген. – Мыс демеулігі ҽсіресе анық емес, күмҽнді іс- ҽрекеттерді, аңыз, ҽңгімелерді айту кезінде қолданылатындығы белгілі. Базаралы байдың мыңғырған малы болыпты –мыс. Сондай- ақ, -мыс демеулігі автордың жақтырмау эмоциясын да білдіріп тұрады. Екеуі жең ұшынан жалғасыпты –мыс. «Қызылордаға оқуға келіптімыс!» деген хабарды естігенде, «қандай қыз екен бұл?» деп кҿруге құмартып, жұрт та, мен де қырылып қала жаздадық.(С. Мұқанов). Тын/ тін, тұғын демеулігі. Берілген демеулік сҿйлемнің соңындағы сҿзге жалғанып, сҿйлемге нақтылық мҽн береді. Ҿткен шақтағы іс ҽрекетті баяндай отырып, еді етістігімен синонимдес болып келеді. Бір нҽрсе, тым оқыс жағдай итермелемесе, ондайға барады дейтін бала емес- тұғын. Себебін біліп алуым керек еді де.(Ш.Құмарова) Сорпасы мол, кеспесі бұршақтай- бұршақтай, бармақпен басып жасалған татар халқаның бұл сүйкімді асын пісіруге ол шебер-тін. Шай-дағы сандық түбіндегі қымбат, қолға түспейтін, Құрмантайдың тұсындағы кҿл- кҿсір дүниенің сарқынындай ақ құйрық шай- тұғын. Жайлаудың саф ауасын жұтып, ақ ішіп демалсын дегені- тұғын. Иҽ, о да бір дҽурен-тін. Ол ондай емес-тін! Ҽ модальді демеулігі. Автор ҽ демеулігін қолдану арқылы адресантқа ҿзін мақұлдатуды кҿздейді. Ҽ демеулігі сұраулы шылаудың синонимі ретінде берілгенімен, мұндай сҿйлемдерде сұраудан гҿрі мақұлдату, мойындатуға ұмтылу ниеті кҿрініс табуда. –Қызғанасың, ҽ?- Майнұрдың мысық секілді сарғыш кҿздері бір қысылып, бір ашылды.(Ш.Құмарова) – Бірге қайтамыз ғой, ҽ, Шынар?- деп қалды Ҿмірбай. Адам сезімінің қыр- сырын ашуда демеулік шылаулардың рҿлі ерекше. Шағын мақала демеулік шылаулардың экспрессивтік мүмкіндіктерін жан – жақты талдауға арналды. Аннотация. Работа посвящена всестороннему раскрытию экспрессивных возможностей частиц. Annotation. This work is devoted to all-round disclosing expressive opportunities of particles. __________________ 1.Ысқақов А.Қазіргі қазақ тілі., Алматы, 1991.- 381 бет. 2.Щербак А.М.Очерки по сравнительной морфологии тюркских языков (Наречие, служебные части речи, изобразительные слова), Л., «Наука», 1987. 89 3.Гаджиева Н. З. Основные пути развития синтаксической структуры тюркских языков. М., 1973, с.367. 4.Қабдолов З. Сҿз ҿнері. Екі томдық таңдамалы шығармалар. ІІ том.-Алматы: Жазушы, 1983.-456 бет.