Мәселен, жекеше түрде септелген
дом, дома, дому, домом, о доме дегенде, екпін сөз
түбіріне түседі; ал көпше түрде
дома, домов, домам, домами, о домах дегенде, екпін
флексияларға (жалғауларға) түседі.
Жоғарыда айтқанымыздай, орыс тілінде екпіннің сөздің әр жеріне түсуі
грамматикалық көрсеткіш қызметін атқарады. Мәселен,
руки, ноги, села - руки, ноги,
села сөздерінің атау септіктің көпше түрінде немесе ілік септіктің жекеше түрінде
тұрғанын айқындаушы тәсіл-сөз екпінінің қай жерге түсуіне байланысты нәрсе.
Орыс тілінде сөз екпінінің сөздің лексикалық мағынасын айқындауға да қатысы бар.
Мәселен,
мука-мука (азап-ұн), зáмок-замóк (сарай - құлып) деген сөздердегі лексикалық
мағынасы баска-басқа омографтарды айырушы-екпін тәсілі. Бұл сөздердегі мағыналық
ерекшелік - сөз екпінінің әр буынға түсуіне байланысты беріліп тұрған грамматикалық
мағына.
Орыс тілінде сөз екпінінің бір орыннан өкінші орынға ауысуы жаңа сөз тудыру, сөз
түрлендіру және сөйлемнің актуалды мүшеленуі сияқты құбылыстардың бәрінде де
айтарлықтай рөл атқарады.
Мәселен, орыс тілінде
насыпать - насыпать (бірдемені төккіштеу - төгу),
разрезать
- разрезать (бірдемені кескілеу - кесу) сөздерінің мағыналары бірдей емес. Сол
өзгешелікті туғызып тұрған - сөз екпіні, яғни грамматикалық мағына білдірудің
аналитикалық тәсілінің бірі.
Орыс тілімен туыстас болгар тілінде де екпін кейбір, мәселен, етістіктің кейбір шақ
формаларының бірден-бір көрсөткіші қызметін атқарады:
гледа (көріп тұр) -
гледа
(көрді, көріп қойды, көріп алды);
ходи (келе жатыр)
ходи (келді) т. б.
Екпін - сөйлеу тактысына, яғни жеке бір синтагмаға немесе фраза құрамындағы
синтагмаға да байланысты құбылыс. Екпін сөз ішіндегі белгілі бір буынды айтқанда,
дауыстың көтеріле түсуіне, дауыс, үн-әуеннің құбылуына, дауыстың қаттырақ шығуына
т. б. байланысты сөз мағынасына әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: