3. Дауыстылар буын құрайды және бір буында бір дауыстыдан болады, дауыссыздар буын құрамайды т.б.
Дауысты дыбыстар
а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, і, у, и, э
| | | | | |
Тілдің
қатысына қарай
| |
Жақтың
қатысына қарай
| |
Ерін мен езудің қатысына қарай
| |
жуан(твердые): а, о, ы, ұ, э, (у), (и)
|
жіңішке (мягкие): ә, ө, і, ү, е, (у), (и)
|
ашық (широкие): а,ә, о, ө,
е, э
|
қысаң (узкие):
ы, і, ү, ұ,
и, у
|
еріндік(губные): о,ө, ү, ұ, у
|
езулік(негубные):
а, ә, е, э, ы, і, и
|
Дауыссыз дыбыстар
б, в, г, ғ, д, ж, з, й, м, н, ң, р, л, к, қ, п, т, с, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, (у)
| | |
Салдыр мен үннің қатысына қарай
| | |
үнді (сонорные):
м, н, ң, р, л, й, у
|
ұяң (звонкие):
б, в, г, ғ, д, ж, з, һ
|
қатаң (глухие):
к, қ, п, т, с, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ
|
Буын үндестігі
|
Дыбыс үндестігі
| | |
жазушыларға,әншілерді
|
ілгерінді ықпал(прогрессивная ассимиляция)
|
кейінді ықпал(регрессивная ассимиляция)
|
тоғыспалы ықпал (прогрессивно-регрессивная ассимиляция)
| |
Қонысбек (Қоныспек),
ашса (ашша)
|
тарақ (тарағы),
мектеп (мектебі),
білезік (білезігі),
Жанпейіс (Жампейіс),
жұмысшы (жұмышшы)
|
Досжан – (Дошшан),
Жанқожа – (Жаңғожа)
| Қазақ тілінде тек дауысты дыбыс буын құрай алады, ал дауыссыз дыбыстар өз беттерімен буын құрай алмайды, тек дауысты дыбыстармен тізбектеліп келгенде ғана буын құралады. Сөздің құрамында неше дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Қазақ тілінде тек дауысты дыбыс буын құрай алады, ал дауыссыз дыбыстар өз беттерімен буын құрай алмайды, тек дауысты дыбыстармен тізбектеліп келгенде ғана буын құралады. Сөздің құрамында неше дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Қазақ тілінде буынның үш түрі бар: Ашық буын (открытый слог) бір ғана дауысты дыбыстан тұрады не дауыссыз дыбыстан басталып, дауыстыға бітеді. Мысалы: ба-ла, а-на, а-ға. Тұйық буын (полузакрытый слог) дауысты дыбыстан басталып, дауыссызға бітеді. Мысалы: ал, ар, өрт. Бітеу буын (закрытый слог) дауыссыздан басталып, дауыссызға бітеді. Мысалы: күн, дәп-тер, мек-теп. Қазақ тілінде дыбыстар сөз ішінде, сөз бен қосымша арасында, сөз бен сөздің арасында бір-бірімен үндесіп, үйлесіп айтылады. Түбір сөздің жуан не жіңішке болуына қарай қосымша да жуан не жіңішке болады және сөздің соңғы дыбысына қарай үйлесіп жалғанады. Сөздің бастан-аяқ үндесіп, үйлесіп, біркелкі әуезбен айтылуы үндестік заңы деп аталады. Үндестік заңының екі түрі бар: 1) буын үндестігі; 2) дыбыс үндестігі. Буын үндестігі – түбір сөздің соңғы буынының жуан не жіңішке болуына қарай қосымшаның да жуан не жіңішке түрде жалғануы. Мысалы, бала+лар, үйрек+ті, құдірет+ті, кітап+қа, т.б. Буын құрауға негіз болатын дауысты дыбыстар болғандықтан, буын үндестігі дауысты дыбыстар арқылы орындалады. Буын үндестігі сингармонизм деп те аталады. Сингармонизм – грек тілінен енген термин. Sуn «бірге» және һаrmoni «байланысу», «үндесу» деген мағынаны білдіреді. Қазақ тілінде буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар да кездеседі. Олар: Қазақ тілінде буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар да кездеседі. Олар: -мен, бен, пен – баламен, жұлдызбен, жолдаспен; -қор, -паз, -қой – еңбекқор, өнерпаз, әуесқой; -тал, -дар, -тай – өсімтал, кіріптар, шешетай; -хана – емхана, дәріхана; -нікі, -дікі, -тікі – Майранікі, атамдікі, Мақсаттікі; -кер, -гер, -кеш – айтыскер, қаламгер, арбакеш; -кес, -күнем – даукес, пайдакүнем; -ов(а), -ев(а), -ин(а) – Әуезов(а), Серікбаев(а), Майлин(а); бей – бейтарап, бейуақыт, бейтаныс. Қазақ тілінде буын үндестігіне бағынбай жасалатын күрделі сөздер де бар. Мысалы, қос сөздер: салт-дәстүр, некен-саяқ, азық-түлік, қыз-келіншек, көрші-қолаң, аумалы-төкпелі, аға-іні, т.б.; біріккен сөздер: Есекқырған, Екібастұз, түйетабан, Алтынемел, көкқұтан, итмұрын, егеуқұйрық, ақсүйек, Аягөз, т.б.; тіркес сөздер: келе жатыр, көк ала, жақын жер, самал жел, жетпіс тоғыз, алтыншы үй, талдырмаш денелі, т.б. Қорытынды Қорытынды Біздің сөзіміз айтылуы жағынан ең кішкене еденицалар - буындарға ажырайды. Такт буындарға жіктеліп бөлшектенеді. Буын бір дыбыстан немесе бірнеше дыбыстың тіркесінен жасалады. Кез келген дыбыс буынқұрай бермейді. Көпшілік тілдерде буын жасайтын дыбыстар - әдетте дауыстылар. Жанып тұрған май шамға таяу отырып сөйлегенде , ол жалп- жалп етіп тұрады. Өйткені ауа сөздің құрамындағы дауыстылардыайтқанда еркін шығады да, дауыссыздарды айтқанда кедергіге ұшырайды. Сонда буын өкпеден келе жатқан ауамен тікелей байланысты болады. Дауыстылар жеке - дара күйінде де, дауыссыздармен тіркесіп келіп те буын құрай береді. Буын құрайтындар тек дауысты дыбыстар ғана емес, сонымен бірге кейбір тілдерде, мысалы, чех, серб тілдерінде дауыссыз дыбыстар да буын құрай алады. Мысалы, серб тіліндегі прст (палец – саусақ) деген сөз бір өңкей дауыссыздардың тіркесінен жасалғанымен, әрқайсысы бір-бір буынды сөздер ретінде қаралады. Сөздердің айтылуындағы буын саны мен жазылуындағы буын саны әрқашан бір-біріне сай келуі шарт емес. Кейбір сөздердің жазылуындағы буын санынан айтылуындағы буын саны көп болса, керісінше, кейбір сөздердің айтылуындағы буын санынан жазылуындағы буын саны көп болады. Буын –фонациялық ауаның кілт үзілуінің не кедергіге ұшырауының нәтижесінде пайда болатын жеке дыбыс, не дыбыстар тобы. 1. Буын болу үшін оның құрамында біреуден артық дауысты дыбыс болмауы керек. Сонда сөздің құрамында қанша дауысты фонема болса, сонша буын болады. Мысалы, балаларға дегенде, дұрысы бір-ақ дауысты фонема (а) бар. Алайда бұл сөз төрт буыннан тұрады. Бір фонема бірнеше буынның құрамында қайталанып келе береді. 1. Буын болу үшін оның құрамында біреуден артық дауысты дыбыс болмауы керек. Сонда сөздің құрамында қанша дауысты фонема болса, сонша буын болады. Мысалы, балаларға дегенде, дұрысы бір-ақ дауысты фонема (а) бар. Алайда бұл сөз төрт буыннан тұрады. Бір фонема бірнеше буынның құрамында қайталанып келе береді. 2. Буында мағына болмайды. Кейбір сөздердің әрбір буыны лексикалық немесе грамматикалық мағынасы бар бөлшкетерге тура келіп қалады. Лексикалық деңгейде буын түрлері мен оның дыбыс құрамы үшін түбір сөздің де, туынды сөздің де мәртебесі бірдей: бақ та бір сөз, бақташы да бір сөз. Екі жағдайда да бақ - бітеу буын, ал та — ашық буын. Осы жіктелім тасымал үшін жеткілікті. Ал морфологиялық деңгей үшін: бақ бірлігінің бітеу буын екендігі жеткіліксіз, оның қатаң дауыссызға аяқталып отырғанын қоса ескеру керек. Ендеше та ашық буыны, біріншіден, дауысты дыбыстан бастала алмайды, егер дауысты дыбыстан басталатын болса, онда бақ бірлігі бітеу буын бола алмайды. Екіншіден, ол тек дауыссыз дыбыстан басталады, оның үстіне бастапқы дыбыс тек қатаң дыбыс болу керек. Бастапқы дыбыс қатаң дауыссыз болмаса, бақ пен та тіркесе алмайды. Сондықтан буын құбылысының өзін екі деңгей түрғысынан қарастырған жөн сықылды. Ол үшін буынның дыбыс құрамын іштей тағы жіктей түсуге тура келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |