Тақырыптың өзектілігі: Жалпы лингвистикадағы буын теориясы тұрғысынан қараса буынның тілдік табиғаты аса күрделі құбылыстардың бірі болып табылады екен. Ендеше қазақ тіліндегі буын құбылысының артикуляциялық және акустикалық табиғатын ашу, ең бастысы қазақ тіліндегі буынды буын етіп тұрған лингвистикалық пәрмен не деген сұраққа жауап беру керек сықылды. Басқаша айтқанда, қазақ тіліндегі буынның дыбыс құрамы мен оның шегарасының фонетикалық сипаты мен көрінісінің басын ашып алу керек.