60)бөкей ордасының (ішкі орда) құрылуы
Ішкі Қазақ Ордасы немесе Бөкей Ордасы) — Ресей империясының вассалы ретінде Еділ мен Жайық өзендерінің аралығында 1801 жылы құрылған тарихи мемлекет. Бөкей Ордасы — қазақтардың және әлемдегі ең соңғы Шыңғысхан ұрпақтарымен меңгерілген мемлекеттік құрылым.Бөкей хандығы құрылуының алғашқы жылдарынан бастап шұрайлы тәуір жайылымды жерлерде хан өз туыстары мен хан сарайындағы ақсүйектерге бөліп берді. Өйткені Бөкейдің - Ішкі орданың хандары тақты ұзақ ұстап отыра алмайтындарын түсінді.[2]
Жәңгір өз қоластындағы халқының денсаулығына да үлкен көңіл бөліп отырған. 1825 ж. С. Жәнібеков деген қазақты шешекке қарсы екпе жұмысын жүргізуді үйрену үшін оқуға жібереді. 1826 ж. бастап Ордада шешек ауруына қарсы екпе жұмыстары жүргізіледі. 1832 ж. Жәңгір ханның шақыртуымен Хан ставкасына дәрігер А.А. Сергачев келеді. Кейін 1839 ж. тұңғыш дәріхана ашылады. Осы кезеңдерде Ордада В.Ф. Евланов, Пупорев, т. б. дәрігерлер қызмет атқарады. 1852 ж. Ордада 16 кереуеттік қоғамдық аурухана ашылады. Бүл аурухана күні бүгінге дейін сақталып, халыққа қалтқысыз қызмет етіп келе жатыр.
1832 ж. хан Жәңгір халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру, сауда-саттық саласын дамытып, жолға қою мақсатында жәрмеңке ұйымдастырады. Жәрмеңке көктем және күз айларында өткізіліп, оған Ресейдің Сарытау, Мәскеу, Нижний Новгород, т.б. губернияларынан саудагерлер келген. 1846 ж. көктемгі жәрмеңкеге 3883 адам қатысса, 1851 ж. тауар айналымы 1,5 миллион күміс ақша құраған.
Жәңгір бөкейлік қазақтардың өз дінін жоғалтпай, сақтап қалуы үшін 1835 ж. өз үйінің ауласына ерекше архитектуралық үлгімен мешіт салдырады. Ел ішінде оны «Хан мешіті» деп атаған.
Жәңгір ханның ағартушылық саясаты.
1845ж Бөкей хан өлгеннен кейін ханының тағын өз баласы Жәңгірге өсиет еіп қалдырды, ал ол кәмелетке толғанға дейін уақытша басқаруда өз туған інісі Шығай сұлтанға тапсырды. 1823 жылғы 22 маусымда патша Жәңгірді ішкі Орданың ханы деп тану туралы грамотаға қол қойды.1823 жылы Жәңгір ішкі Бөкей ордасында хан сайланғаннан бастап қазақтың ұлттық мәдинетінде, оның ішінде ұлттық білім жүйесіне ерекше мән берді. Оның басты себептерінің бір:Жәңгірдің өзі орысша білім алған және осындай білімнің Қазақстанға, оның ішінде Ішкі Бөкей Ордасында өте қажет екенін түсінді. Ол Ресей империясының Еуропалық білім жүиесі арқылы көптеген салаларды жетістіктерге жеткенін жақсы білді.
Ең басты айта кеткім келетіні:ұлттық мәдениет пен имандылықтан ұлттық рух,патриоттық сезім, солар арқылы ұлттық идеология жас ұрпақ бойына қалыптасуы, жан тәні мен психологиялық сана-сезімінде ұлттық оқу-тәрбие арнауы бала қаншалықты орыстық рухта білім алса да, бастапқыда қалыптасқан ұлттық тәрбиені жеңе алмайды, қазақ балаларының бұзылуына жол бермейді. Осыны Жәңгір хан жақсы түсінген еді.
Достарыңызбен бөлісу: |