Жауабы: Оғыз мемлекеті немесе Оғыз Жабғу мемлекеті (766 жыл – 1055 жыл) —Сырдарияның орта жəне төменгі бойында, оған жалғасып жатқан Батыс Қазақстан далаларында IX-X ғасырларда Оғыз тайпаларының ежелгі феодалдық мемлекеті қалыптасты. Оғыздардың ата-бабаларының əуелгі қоныстанған жерлері Ыстықкөлдің маңы. Оғыздар IX ғасырда Сырдария бойына келіп орналасады, бірақ ондағы кангар-печенег бірлестігімен ұзақ уақыт соғысуға тура келеді. Махмұд Қашғари Оғыз елінің 22 кейбір деректерде 24 тайпаға бөлінгенін жəне əр тайпаның өз белгі таңбасы мен туы болғанын айтады. X ғасырда Оғыз мемлекетінің астанасы – Янгикент немесе Жаңа Гузия деп аталатын қала болды. Ол Қимақ даласы арқылы Сарысу, Есіл жəне Нұра бойларына баратын сауда жолының үстінде орналасқан. Оғыз мемлекеті өзінің саяси жəне əлеуметтік тұрмысы жағынан көне феодалдық мемлекет болды. "Жабғы” атағы бар жоғарғы билеуші Оғыз мемлекетінің басшысы болып саналды. Оғыз жабғыларының орынбасарларын Көл-еркін деп атаған. Жоғарғы билеушілер орны мұрагерге беріліп отырған. Оғыз хандарын сайлау кеңестерде өткізілген. Жабғудың "инал” деген атағы бар өз мұрагерлері болған. Жас кезінде оларды тəрбиелеу үшін арнайы қамқоршылар (атабектер) тағайындалған. Оғыз жабғыларының əйелдері сарай маңындағы өмірде айтарлықтай рөл атқарған. Оларға "қатын” деген атақ берілген. Сарайда əскери кеңеске сүйенетін оғыз əскерінің бастығы (Сюбашы) маңызды орын алған. 965 жылы Оғыз жабғуы Киев князі Святослав пен одақтасып хазарларды талқандады. 985 жылы оғыздар Орыс князьдарымен бірігіп, Еділ Булғариясын күйрете жеңді. IX-X ғасырларда Оғыз мемлекетінде ескі рулық-тайпалық институттардың тез ыдырауы жағдайында патриархаттық-феодалдық қатынастар дамыды. Оғыздардың көпшілігінің басты кəсібі көшпелі мал шаруашылығы болды. Оғыз тайпаларының бір бөлігі Сырдарияның төменгі бойын қыстап, жайлауға Каспий маңындағы далаға көшкен. Оғыздар негізінен жылқы, қой, ешкі, сиыр, өгіз, түйе өсірген. Əсіресе, қой өсіру шаруашылығы маңызды рөл атқарған. Сондай-ақ оғыз бай-феодалдары жер қайыстырған қалың жылқы үйірлерін ұстаған. Көшпелі оғыздар түйе, оның ішінде айыр өркешті ірі түйелер өсірген. Оғыздар аңшылықпен де айналысты, кедейлері Арал теңізінен, Сырдариядан, тағы басқа да өзендерден балық аулап кəсіп қылған. Оғыздардың Сырдарияның төменгі ағысында Жанкент, Жент, Жуара, ал Сырдарияның орта ағысында Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығанақ жəне Сауран т. б. қалалары болған. Оларда қолөнер кəсібі, соның ішінде мал өнімдері мен шикізаттарды өңдеу дамыған.