ҤГЕДЕЙ ҦЛЫСЫ. ШАҒАТАЙ ҦЛЫСЫ
МОҒОЛСТАН
ИЛХАНДАР МЕМЛЕКЕТІ.
ЮАНЬ ПАТШАЛЫҒЫ
АҚ ОРДА. КӨК ОРДА
ƏБIЛХАЙЫР ХАНДЫҒЫ
НОҒАЙ
ОРДАСЫ
13
14
15
16
17
18
АРИЙЛЕР МЕН ТУРЛАР
Арийлер мен турлар (б.з.б. II мыңжылдықтың
бірінші жартысы – І мыңжылдықтың бас кезеңі) – қазақ
жерінде өмір сҥрген ең ежелгі тайпалар болып табылады.
Олар – көшпелі өмір салтын ҧстанған
алғашқы
малшылар. Негізінен, бҧл тайпалар жылқы малын
баққан,
сонымен бірге өгіз, сиыр, қой, тҥйе ҧстаған.
Алыс көшпелі жайылымдарға төрт дөңгелекті киіз
кҥймелі арбамен көшіп жҥрген. Осы кезде киіз ҥйлер
пайда болған. Арийлер мен турлар тҥсті металл өндіріп,
қару-жарақ соққан. Арийлер мен турлар əскери
адамдарды қҧрметтеп, қадір тҧтқан. Əскери адамдар
қҧралайды көзге атқан мерген, батыр болған. Ҧрыстарда
айбалта мен пышақ қолданған.
Олар ағынды аттар
жегілген əскери арбаларды пайдаланған. Көшпелі
малшылар
бҧл
арбаларды,
басқа
халықтарда
болмағандықтан, мақтан еткен. Металл өңдеуді біліп,
еңбек жəне соғыс қҧралдарын соққан, ал байлар өздеріне
алтын мен кҥмістен əсемдік бҧйымдар жасаған. Кҥнге,
айға, отқа табынған. Өздерін қоршаған əлемді жақсылық
пен жамандыққа бөлген.
ҚАҢЛЫЛАР
Қаңлылар (б.з.б. II ғ. – б.з. V ғ.) –
Қазақстан жерін
мекендеген ежелгі тайпалардың бірі. Олар шығысында –
Талас пен Шудың төменгі ағысы аралығындағы,
оңтҥстігінде – Ташкент ойпаты, солтҥстігінде –
Сырдарияның төменгі
ағысы аралығындағы аумақта
өмір сҥрген. Орталығы (астанасы) – Битянь қаласы
болған. Қаңлылар көне тҥркі тілінде сөйлеген. Қаңлылар
мал
бағып,
суармалы
егін
шаруашылығымен
шҧғылданған. Олар, негізінен, жылқы мен қой өсірген.
Танаптарда тары, арпа, бидай еккен. Қауын,
қарбыз
өсірген. Сырдария аңғарының тығыз тоғайларында
жабайы аң- қҧстарды аулаған. Сонымен бірге балық
аулау кəсібімен де айналысқан.
Қаңлыларда қолөнер ісі
жақсы дамыған. Олар темір өңдеуді білген, одан еңбек
қҧралдары мен қару-жарақ дайындаған.
Саз балшықтан
неше тҥрлі ыдыс-аяқ пен қҧмыра тҥрлерін жасаған.
Қаңлылардың бекініс қалалары, қолөнер жəне сауда
орталықтары болған. Ежелгі қаң лылардың жері арқылы
Ҧлы Жібек жолы өткен. Шетел көпестері мен жергілікті
саудагерлер өздерінің бҧйымдарын, азық-тҥлік пен
тауарларын кҥміс жəне мыс теңгелерге сатқан.