1. Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы


Көшпелі өзбектер мемлекеті (1428-1468 жж.) немесе Әбілқайыр хан мемлекеті. Аумағы және



бет23/80
Дата10.12.2023
өлшемі0,55 Mb.
#136186
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   80
Байланысты:
1. Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ес 2

33. Көшпелі өзбектер мемлекеті (1428-1468 жж.) немесе Әбілқайыр хан мемлекеті. Аумағы және 
этникалық құрамы.
ХҮ ғ. 20-жылдарында Қазақстанның орталық, батыс және солтүстік-батыс аймақтарында тәуелсіз феодалдық
иеліктер пайда болды. 1428 жылы Шайбан ұрпағы Әбілқайыр (1428-1468) осы аймақтардағы билікті қолына
алды. Ол Сырдария бойындағы қалалар мен Хорезм үшін Темір ұрпақтарымен ұзақ соғысты. Шығыс Дешті-



16
Қыпшақтың бытыраңқы тайпаларының басын қосып «Көшпелі өзбектер мемлекетін» құрды. Әбілқайыр


хандығының территориясы батысында Жайықтан бастап,
шығысында Балқаш көліне дейін
, оңтүстігінде
Сырдарияның төменгі жағы мен Арал өңірінен солтүстігінде Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі ұлан
байтақ жерді алып жатты. Астанасы – алғашқыда Тура, 1431 жылдан Орда-Базар, 1446 жылдан Сығанақ. Халқы
- өзбектер деп аталған түрік тайпалары (қыпшақтар, қоңыраттар,
наймандар
, маңғыттар, қарлұқтар,
қаңлылар
,
үйсіндер т.б.). Елді 40 жыл билесе де, Әбілқайыр хан мемлекетінің ішкі саяси жағдайын тұрақты ете алмады.
Мемлекет бір орталықтан басқарылмай бірнеше иеліктерге бөлініп, оларды Шыңғыс
әулетінің билеушілері
басқарып
, олардың арасында билік үшін толассыз соғыстар тоқтамады. Әбілқайыр хан өз билігін нығайтып,
жаңа жерлер қосып алу үшін көптеген соғыстар жүргізіп 1430 жылы Тобыл өзені бойында Шайбани ұрпағы
Махмұт Қожаханды жеңді,
Хорезмді басып алып
, Үргенішті талқандады. Сырдария өңіріндегі далада Жошы
әулетінің Махмұд және Ахмет хандарын жеңіп, ОрдаБазар қаласын тартып алды. 1446 жылы Мұстафа ханды
тізе бүктіреді. Сырдария бойындағы Сығанақ, Созақ, Аққорған, Өзгент,
Аркөкті жаулап
, Сығанақты астана етті.
Әбілқайырдың мұрагері Шайх-Хайдар хан ішкі тартыста өлтірілді. Ал Әбілқайырдың немересі Мұхаммед
Шайбани (1470-1510) қазақ хандарымен Сырдария мен Қаратау аймағындағы қалалар үшін ұзақ соғыс жүргізді.
Қазақ хандығы құрылғаннан кейін Әбілқайырдан тараған Шайбанилар ұрпағының Шығыс Дешті-Қыпшақтағы
билігі бітеді. Бұл жерлердегі билік қазақ хандарына толық көшті. ХҮІ ғ. басында көшпелі өзбектердің бір бөлігі
Шайбанилердің бастауымен Мәуереннахрға көшіп кетті. Ондағы Темір ұрпақтарынң билігінің әлсірегенін
пайдаланып, Шайбанилер Орта Азиядағы өкімет билігін тартып алды. Қазақстан жерінде қалған тайпалар Қазақ
хандығының қол астына қарайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет