1. Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы


 Жетісу және Тянь-Шандағы үйсіндердің этносаяси құрылымдары



Pdf көрінісі
бет10/80
Дата21.05.2023
өлшемі0,85 Mb.
#95614
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   80
 
14.  Жетісу және Тянь-Шандағы үйсіндердің этносаяси құрылымдары.
Ерте темір дәуірі заманында сақтардан соң Жетісу жерін үйсін тайпалары мекендеген. Олар Орталық Азия 
аумағындағы ертедегі алғашқы этникалық бірлестіктердің бірі болды. Қытай деректерінде «Усун-го» (Үйсін 
мемлекеті) деп аталады. Үйсіндер 
Жетісу мен Тянь-Шаньда
, Қытайдың солтүстік-батыс өлкесінде, Шығыс 
Қазақстандағы Тарбағатай таулы бөктеріндегі далалы өңірлерде өз іздерін қалдырған. Біздің заманымыздан 



бұрынғы 170-160-ыншы жылдары үйсіндер мемлекеті құрылды. Үйсін мемлекетінің Ұлы Жібек жолының 
бойында 
орналасуы оның көршілес елдер
, тайпалармен (қытай, ғұн, қаңлы, ұйғыр, қырғыз және т.б.) саяси, 
экономикалық және мәдени байланыстарды дамытуына мүмкіндік жасады. Бастапқыда Үйсін мемлекеті 
ғұндармен қалыпты қарым-қатынаста болды. Бірақ Хань патшалығының ғұндарды жеңіп, батысқа бет алу 
әрекеті үйсіндерді қытайлармен тығыз байланыс орнатуға мәжбүр етті. Қытайлар ғұндарға қарсы батыста 
жатқан елдерден одақтастар іздеуге кірісті. Қытай императоры Уди б.з.д. 138 жылы үйсін еліне Чжан Цянь 
бастаған елшілік жібереді. Осыдан кейін екі жақты 
қарым-қатынастар етек алып
, үйсіндер Қытаймен кең 
дипломатиялық және туыстық қатынаста болған. Қытайлар үйсіндермен құдандасып, күнбиге Хань 
патшалығының ханшасын әйелдікке береді. Әрине, бұл құдалық 
белгілі саяси мақсатты көздеп
, хань әулеті 
үкіметі мен үйсіндер арасындағы одақтастық байланыстың негізін қалады. Өз кезегінде ғұндар да үйсіндермен 
құдаласып, күнбиге өздерінің қыздарын беріп отырған. 
15. Қаңлылардың шығу тегі және этностық тарихы.
Қаңлылар бдд3,2ғасырда үйсіндермен бір кезеңде сақтарды тарих сахнасынан ығыстырып, Қазақстанның оңт
үстігінде үлкен тайпалық бірлестікқұрды. Қаңлылардың ұлы билеушісіне бес иелікбағынышты болған. Терри
ториясы: Қаратаужотасынан Сырдарияның орта ағысына дейінгі жерді мекендеді.Қытай деректерінде халқын
ың саны 600 мың немесе 120 мың үй делінген. Астанасы: Битяньқаласы. Б.з.б.ІІ ғасырдың екінші жартысында
қаңлылардың солтүстік жерлері ғұндарға, оңтүстігі – юечжилерге тәуелді болғаны туралы мәліметтеркездесед
і. Б.з.б. 101 ж. Қаңлылар Қытай әскерлерініңбасқыншылық шабуылына қарсы ферғаналықтарды 
жақтады. Б.з.б 85ж. Шығыс Түркістан жерлеріниемденбекші болған қытайлықтарға қарсы көтеріліскешыққан 
Қашғар билеушісіне әскер жібереді. Мұндағы,қаңлы саясатының жалпы бағыты Ферғана арқылы,Шығыс Түрк
істанға өтетін сауда жолына ықпалынсақтап қалу еді. 
Б.з.б 47,46 жж. каңлылардың билеушісіүйсіндерге қарсы күресте солтүстік ғұн шаньюі ЧжиЧжимен одақтасқа
н. Оған өз қызын ұзатып, өзиеліктерінің шығыс шептерінен жер бөледі, өзәскерінің бір бөлігін оған басқаруға 
берген. Бірақ ЧжиЧжи үйсін жерлеріне бірнеше рет шабқыншылықжасағанымен, оларды жеңіліске ұшырата а
лмайды. Соның нәтижесінде қаңлылар мен ғұндар арасындаөзара келіспеушілік пайда болады,5ғ. ортасында қ
аңлылардың күшқуаты әлсіреп, Эфталит мемлекетінің құрамына енеді. Шаруашылығы.
 
Қаңлылар мал шаруа
шылығымен( жылқы, қой, сиыр, түйе және ешкі өсірді) жәнесуғармалы егіншілікпен айналысты. Сонымен қат
арқосалқы шаруашылық ретінде аң аулап, балық ұстады. Қаңлылар Ұлы Жібек жолын өз бақылауында ұстап, 
Қытай, Парфия, 
Рим, 
Кавказ елдерімен тығыз сауда- саттық жасап тұрған. 
Қоғамдық құрылысы. Қаңлылардың қоғамдыққұрлысында мүлік теңсіздігінің шығуына байланыстыРу басшы
лары, ақсақалдар мен әскери көсемдербайып, үстем тапқа айнала бастады. Сонымен қатареңбекші бұқара дәул
еттілерге тәуелділікке түсіп, алсоғыста қолға түскен тұтқындар құлға айналабастады. Қаңлы тайпаларында би
лік мұрагерлікпенберілді. Мәдениеті. Қаңлыларда қабырғалы бекіністермен лайдан салған үйлері бар қала м
әдениеті дамыды. Мысалы: Ақтөбе, Көкмардан т.б. көркемдік талғамменметалл, керамикалық ыдыстар жасаға
н. Ыдыстарайналып тұратын тұғырда таспалау әдісіменжапсырып жасалған. Безендіру және сапасынжақсарту 
үшін ангобтық қаптама, жылтырату, ойыпөрнектеу қолданылған. Темір ұсталығы, қола құю, зергерлік іс дамы
ған. Сүйектен ою оятын қолөнер де дамыған. Қауыншы және отырар-
қаратаумәдениеттері. Археологиялық ескерткіштер: Мардан- күйік, Қауыншы, Жаушықұм, Жамантоғай, Тө
ребайтұмсық, Алтыасар, Ақтөбе, Қарауылтөбе, Шаштөбе, Қостөбет.б. 
16. Түрік қағанатының құрылуы, құрылымы және саяси тарихы.  
Түрік қағанаты— Көк түріктердің тайпалық одағы орта ғасырларда (552 - 603 ж.) басқарған Азиядағы ірі 
мемлекет. Тарихтағы ең ірі мемлекеттердің бірі. Түрік қағанатының күшейген уақытында Солтүстік-Шығыс 
Қытай (Манчжурия), Моңғолия, Алтай, Шығыс Түркістан, Батыс Түркістан, 
Орта Азия
, Қазақстан және 
Солтүстік Қапқаз аумақтарына иелік еткен. Түркі қағанатының саяси-әскери бірлестік ретінде қалыптасқан 
мекені - Жетісу деп пайымдалады. Жетісу мен Шығыс Қазақстан жужан мемлекетінің шет аймақтары болатын. 
Түрік қағанатының негізгі құрамы түркі тілдес халықтардан тұрады. Олардың басым көпшілігін теле (тирек) 
тайпалары құрады. Теле – түркі тілдес тайпалардың ортақ атауы. Қытай шежіресі бойынша “теле” сөзінен 
“түрік” атауы қалыптасқан. Алғаш рет түрік этнонимі туралы 542 жылғы қытай жылнамасында жазылған. 552 
жылы Түрік қағанаты құрылып, 603 жылға дейін өмір сүрді. Түрік қағанатының негізін салушы – Бумын қаған. 
Ол жужандарды жеңген жеңісі үшін “елхан” деген атаққа ие болған. Бумын 553 жылы 
қаза болып
, орнына 
баласы Қара-Еске қаған болды. Қара-Еске қағанның бастауымен түріктер Орхон өзенінің жоғарғы жағындағы 
Букрат тауларында аварларды екінші рет жеңді. Ал 553 – 572 жылдары Мұқан қаған кезінде жужандар 
түріктерден бас көтерместей болып жеңілді. Осы кезден бастап түріктер Ұлы Даланың шығыстағы қожасына 
айналды. Түріктер Орта Азияның ішкі аумақтарына жасаған жорықтарында эфталиттерден қатты қарсылық 
көрді. Түріктер эфталиттерді он жылдан кейін, 563-567 жылдары жаулап алды. 6 ғасырдың 70 жылдары Түрік 
қағанаты солтүстік Кавказ бен Қара теңіздің солтүстік жағалауына дейін үстемдік етті. 6 ғасырдың екінші 
жартысында түріктердің билігі Азияның біраз аймағын қамтыды. Сөйтіп, Қытай, Иран, Византия сияқты ірі 
мемлекеттерге өздерінің саяси ықпалын жүргізген күшті мемлекеттің біріне айналды. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет